A01AB18 Клотримазол (Clotrimazole)
Қолдану көрсеткіштері
Жергілікті емдеу үшін: - кандидоздық стоматитте (ауыз қуысының кандидозы) - фарингомикозда |
-
Клинические протоколы:
- Кандидоз полости рта
Қарсы көрсеткіштері
Клотримазолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық |
Қауіпсіздік шаралары
Клотримазол автомобиль басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етпейді немесе болмашы әсер етеді. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Амфотерицин В немесе нистатинді бір мезгілде қолдану клотримазолдың белсенділігін төмендетеді. Дексаметазон үлкен дозада қолданғанда клотримазолдың зеңге қарсы әсерін тежейді. Клотримазолдың антимикотикалық әсері п-оксибензой қышқылы пропил эфирінің жоғары жергілікті концентрациясын күшейтеді. Клотримазол ерітіндісін құлаққа арналған Софрадекс тамшы дәрісімен бір мезгілде қолданған кезде жылу реакциясы болуы мүмкін. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Деректер жоқ. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Деректер жоқ. |
Жүктілік
Клотримазолдың жүкті әйелдерде қолданылуы туралы деректер шектеулі. Жануарларда клотримазолды қолданып жүргізілген зерттеулер жоғары пероральді дозаларындағы репродуктивтік уыттылығын көрсетті. Жергілікті емдеуден кейін клотримазолдың жүйелі әсері төмен болатын кезде репродуктивтік уыттылығына қатысты зиянды салдарлары болжанбайды. Клотримазолды жүктілік кезінде қолдануға болады, бірақ тек дәрігердің немесе акушердің қадағалауы қажет. |
Емізу
Клотримазолдың емшек сүтімен экскрецияланатыны туралы деректер жоқ. Алайда, енгізгеннен кейін жүйелі сіңірілуі өте төмен және жүйелі әсерлерге алып келуі екіталай. Клотримазолды лактация кезінде қолдануға болады. Үрпілер аумағына жергілікті жаққан жағдайда, баланы емізер алдында омырауды жуып жіберіңіз. |
Жағымсыз әсерлері
Анафилаксиялық реакция; - ангионевроздық ісіну; - жоғары сезімталдық; - естен тану; - артериялық гипотензия; - ентігу; - күлбіреуіктер, жанаспалы дерматит, эритема, парестезия, терінің қабыршықтануы, қышыну, бөртпе, есекжем, күйдіру сезімі/терінің ашуы; - жаққан жердің тітіркенуі, жаққан орындағы реакция, ісіну, ауыру. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
10-20 тамшысын (0.5 мл - 1 мл) ауыз қуысының зақымданған бөлігіне мақта таяқшамен күніне 3-4 рет жағады. Жаққан кезде ауыз қуысындағы зақымданған немесе қабынған барлық жердің ерітіндімен өңделгеніне көз жеткізу керек. Жақсару 3-5 күні ғана басталғанына қарамастан, емдеуді аурудың клиникалық көріністер толық жойылғанша жалғастырған жөн. Препаратты тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана балаларға қолдануға болады. |
Балаларда қолданылуы
Препаратты тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана балаларға қолдануға болады. |