C02CA04 Доксазозин (Doxazosin)

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия
Доксазозин артериялық гипертензияны емдеуге арналған және сонымен қатар, пациенттердің көпшілігінде препаратты артериялық қысымның деңгейін бақылау үшін монотерапия ретінде пайдалануға болады. Соның ішінде, егер монотерапия дәрісі ретінде Доксазозинді пайдаланып, артериялық қысымның қажетті бақылануына қол жеткізу мүмкін болмаса, препаратты тиазидтік диуретиктермен, β-адреноблокаторлармен, кальций өзекшелерінің блокаторларымен, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен біріктіруге болады.
Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ)
Доксазозин несеп шығару жолдарының обструкциясын және қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясымен байланысты клиникалық симптомдарды емдеуде қосымша дәрі ретінде қолданылады. Сондықтан бұл қуық асты безінің операциясын күтетін пациенттерге немесе операция жасауға болмайтын пациенттерге пайдалы болуы мүмкін.
Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар науқастарда Доксазозинді артериялық гипертензия болған кезде де, артериялық қысымның қалыпты деңгейінде де қолданады.
    Клинические протоколы:
  1. Первичный гиперальдостеронизм
  2. Артериальная гипертензия
  3. Хроническая болезнь почек у взрослых
  4. Хроническая болезнь почек у детей
  5. Ведение детей с пересаженной почкой
  6. Доброкачественная гиперплазия предстательной железы
  7. Криз отторжения почечного трансплантата
  8. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  9. Хроническая трансплантационная нефропатия
  10. Феохромоцитома

Қарсы көрсеткіштері

әсер етуші затқа, хиназолиндердің басқа түрлеріне (мысалы, празозинге, теразозинге) немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- анамнезінде ортостаздық гипотензиясы болған пациенттерде;
- қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы және несеп шығару жолдарының жоғарғы бөліктерінде қатарлас іркіліс бар, несеп шығару жолдарының созылмалы инфекциясымен немесе қуығында тас бар пациенттерде;
- гипотензиясы бар пациенттерде (қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы сияқты көрсетіліміне ғана қатысты);
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығының спецификалық түрі (Лапп лактаза тапшылығы) немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы барларға
Қуығы толып қалған немесе бүйректің үдемелі жеткіліксіздігімен немесе онсыз жүретін ануриясы бар пациенттерге доксазозинмен монотерапияны қолдануға болмайды.
- лактация кезеңі;
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Қауіпсіздік шаралары

Қосымша заттар
Препараттың құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығының спецификалық түрі (Лапп лактаза тапшылығы) немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
Натрий
Бір реттік дозадағы натрий мөлшері 1 ммоль-ден аз (23 мг), яғни іс жүзінде құрамында натрий жоқ.
Доксазозиннің альфа-адреноблокаторлық қасиеттеріне байланысты, пациенттерде бас айналуымен және әлсіздікпен немесе, сирек жағдайларда, әсіресе, емдеудің басында естен танумен (талып құлаумен) көрініс беретін ортостаздық гипотензия дамуы мүмкін. Соған байланысты, жалпыға ортақ клиникалық тәжірибе, ортостаздық әсерлердің дамуы ықтималдығын азайту мақсатында, зерттеудің басында артериялық қысымға мониторинг жүргізу болып табылады. Кез келген тиімді альфа-адреноблокатормен терапияны тағайындау кезінде пациентке ортостаздық гипотензия симптомдарынан қалай аулақ болу керектігін және олар дамыған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігін мәлімдеу керек. Пациентке, доксазозинмен емдеудің басында бас айналуы немесе әлсіздік туындаған жағдайда, жарақат алу мүмкіндігі бар жағдайлардан, сақтану қажеттілігі туралы ескерту керек, мысалы көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу.
Жүректің жедел патологиясы бар пациенттерде қолданылуы
Тамырды кеңейтетін және гипертензияға қарсы дәрілерді пайдаланғандағы сияқты, доксазозинді жүректің келесі жедел патологиялары бар пациенттерге тағайындаған кезде сақтық таныту қажет:
- аортаның немесе митральді клапандардың стенозы салдарынан өкпенің ісінуі;
- жүрек лықсуының жоғарылауымен болатын жүрек жеткіліксіздігі;
- өкпе артериясының тромбоэмболиясы немесе перикард қуысында жалқық болуы салдарынан жүректің оң жақ бөлігінің жеткіліксіздігі;
- жүректің толтырылу қысымының төмендігімен, сол жақ қарыншаның жеткіліксіздігі.
5-ші типті фосфодиэстераза тежегіштерімен қолданылуы
Доксазозинді 5-ші типті фосфодиэстераза тежегіштерімен (силденафил, тадалафил және варденафил сияқты) бір мезгілде қолдануды сақтықпен жүргізу керек, өйткені, препараттардың екі тобы да тамырды кеңейтетін әсерге және кейбір пациенттерде симптоматикалық гипотензия дамуына алып келуі мүмкін. Ортостаздық гипотензияның даму қаупін азайту үшін, 5 типті фосфодиэстераза тежегіштерімен емдеуді тек, альфа-адреноблокатормен емдеу аясында гемодинамика тұрақтанғаннан кейін ғана бастау ұсынылады. 5 типті фосфодиэстераза тежегішімен емдеуді барынша төмен дозада, доксазозинді қабылдауға қатысты 6 сағат аралықпен бастау ұсынылады. Доксазозиннің босап шығуы ұзаққа созылатын дәрілік түрлеріне ешқандай зерттеу жүргізілген жоқ.
Катарактаны алып тастау бойынша операция жасаған пациенттерде қолданылуы
Тамсулозинмен ем қабылдап жүрген немесе бұрын ем қабылдаған кейбір пациенттерде катарактаға қатысты хирургиялық араласым кезінде нұрлы қабықтың интраоперациялық атония синдромы (қарашықтың тарылуы синдромының нұсқасы) байқалған. Сонымен қатар, α1-адренорецепторлардың басқа блокаторларын қолданғанда да, аталған құбылыстың дамығаны туралы жеке-дара хабарламалар келіп түскен; оның класқа тән сипатта болуы мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Нұрлы қабықтың интраоперациялық атония синдромы катарактаға қатысты операциялық араласым жүргізген кездегі емшаралар асқынулары жиілігінің артуына алып келуі мүмкін болғандықтан, операция басталғанға дейін хирург-офтальмологке α1-адренорецепторлар блокаторларының ағымдағы немесе жақын арада қолданылғаны туралы айту керек.
Доксазозиннің жартылай шығарылуының орташа соңғы кезеңі 22 сағатты құрайды. Жүректің іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттерде ол ұзаруы мүмкін. Дозаны түзету жылдамдығын баяулату қажет болуы мүмкін.
Сол жақ қарыншалық жеткіліксіздігі бар кейбір пациенттерде энергиялық терапиямен байланысты сол жақ қарыншаның толтырылуының төмендеуі доксазозин енгізілгеннен кейінгі жүрек лықсуының және жүйелік артериялық қысымның елеулі төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл әсерлерді емді тағайындау және қолданылатын дозаны үнемі түзету кезінде ескеру қажет.
Приапизм
Маркетингтен кейінгі кезеңде доксазозинді қоса, кейбір альфа-1 блокаторларды қабылдағанда, приапизм мен ұзаққа созылған эрекция құбылыстары туралы хабарланған. Егер приапизм бірден емделмесе, онда ол жыныс мүшесі тіндерінің зақымдануына және потенцияның тұрақты түрде жоғалуына алып келуі мүмкін, сондықтан, пациент дереу медициналық көмекке жүгінуі тиіс.
Қуықасты безінің обыры
Қуықасты безінің обыры үшін ҚБҚГ-да болатын симптомдардың көпшілігі тән, және бұл екі ауру көбіне бірге кездеседі. Соған байланысты, Докса-Дюра препаратымен ҚБҚГ симптомадарын емдеуді бастағанға дейін, қуықасты безі обырының бар-жоқтығын анықтау керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Доксазозинді 5-ші типті фосфодиэстераза тежегішімен бір мезгілде қолдану кейбір пациенттерде симптоматикалық гипотензияның дамуына алып келуі мүмкін. Доксазозиннің босап шығуы ұзаққа созылатын дәрілік түрлеріне ешқандай зерттеу жүргізілген жоқ.
Доксазозиннің қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі жоғары (98%). Адамның қан плазмасындағы in vitro зерттеулерінің деректері доксазозиннің зерттелген препараттардың (дигоксин, фенитоин, варфарин немесе индометациннің) байланысуына әсер етпегенін көрсетеді, бірақ қан плазмасы ақуыздарымен байланысатын басқа препараттармен өзара әрекеттесудің теориялық мүмкіндігін ескеру қажет.
Доксазозин альфа-адренорецепторлардың басқа блокаторларының және гипертензияға қарсы басқа да дәрілердің гипотензиялық әсерін күшейтеді.
In vitro зерттеулер доксазозиннің P450 3A4 (CYP3A4) цитохромының субстраты екенін көрсетеді. Доксазозинді кларитромицин, индинавир, итраконазол, кетоконазол, нефазодон, нелфинавир, ритонавир, саквинавир, телитромицин немесе вориконазол сияқты күшті CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.
Әдеттегі доксазозинді тиазидті диуретиктермен, фуросемидпен, бета-блокаторлармен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, антибиотиктермен, пероральді гипогликемиялық препараттармен, урикозуриялық дәрілермен және антикоагулянттармен қолданудың клиникалық тәжірибесінде қандай да бір жағымсыз әсерлер анықталған жоқ. Алайда, дәрілердің өзара әрекеттесуі туралы ресми зерттеулердің деректері жоқ.
22 дені сау еркек еріктілер қатыстырылған ашық рандомизацияланған плацебо бақыланатын зерттеуде төрт күндік пероральді циметидин режимінің (күніне екі рет 400 мг) бірінші күнінде 1 мг дозада доксазозиннің бір реттік дозасын енгізу доксазозиннің орташа AUC 10% - ұлғаюына және орташа Cmax пен доксазозиннің орташа жартылай шығарылу кезеңінің статистикалық маңызды өзгерістерінің болмауына әкелді. Циметидинмен доксазозиннің орташа AUC-нің 10% - ға артуы плацебомен алған доксазозині үшін орташа AUC-тен субъект аралық ауытқу шегінде (27%) болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Доксазозиннің бүйрек функциясының бұзылуын күшейтетіні туралы деректер жоқ. Алайда дозаны енгізу және түзету өте сақтықпен жүргізілуі тиіс.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде доксазозиннің фармакокинетикасы өзгермейді, сондықтан, ересектерге арналған доксазозиннің әдеттегі дозасы ұсынылады. Доксазозин гемодиализ арқылы шығарылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер және бауырдағы метаболизмге әсер ететін препараттардың (мысалы, циметидин) ықпалы туралы шектеулі ғана деректер бар. Бауырда толық метаболизденетін кез келген препарат сияқты, Доксазозинді бауыр функциясының бұзылу белгілері бар пациенттерге аса сақтықпен тағайындау керек. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданудың клиникалық тәжірибесі болмағандықтан, мұндай пациенттерде препаратты қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік

Доксазозин плацента арқылы өтеді. Жүкті әйелдерде толыққанды және жақсы бақыланатын зерттеулер тәжірибесі болмағандықтан, Доксазозинді жүктілік кезеңіндегі артериялық гипертензия кезінде қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Сәйкесінше, Доксазозинді тек, егер дәрігердің пікірінше, ықтимал пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде препараттың тератогендік әсері байқалмағанымен, оны жануарларда аса жоғары дозаларда пайдаланғанда ұрықтың тірі қалу көрсеткішінің төмендегені байқалған.

Емізу

Доксазозиннің емшек сүтімен шығарылуы өте төмен екендігі көрсетілді (нәресте үшін салыстырмалы доза 1%-дан аз болды), бірақ адамдарда қолдану туралы мәліметтер өте шектеулі. Жаңа туған нәресте немесе сәби үшін қауіптілігін жоққа шығаруға болмайды. Сәйкесінше, Доксазозинді тек, егер дәрігердің пікірінше, ана үшін ықтимал пайдасы сәби үшін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі
- тыныс жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары
- бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық
- вертиго
- жүрек қағуын сезіну, тахикардия
- гипотензия, постуральді (ортостаздық) гипотензия
- бронхит, жөтел, ентігу, ринит
- іш ауыруы, диспепсия, ауыздың құрғауы, жүрек айнуы
- тері қышынуы
- арқаның ауыруы, миалгия
- цистит, несепті ұстай алмау
- астения, кеуде қуысының ауыруы, тұмау тәрізді симптомдар, шеткері ісіну
Жиі емес
- аллергиялық реакция
- анорексия, подагра, тәбеттің жоғарылауы
- үрейлену, депрессия, ұйқысыздық, ашушаңдық, жүйке қозғыштығының жоғарылауы
- ми қанайналымының жедел бұзылуы, гипестезия, естен тану, тремор
- құлақтағы шуыл
- стенокардия, миокард инфарктісі
- мұрыннан қан кету
- іш қатуы, метеоризм, құсу, гастроэнтерит, диарея
- бауырдың функциялық сынамаларының нормадан ауытқуы
- тері бөртпесі
- артралгия
- дизурия, несеп шығарудың жиілеуі, гематурия
- белсіздік
- беттің ауыруы, ісінуі
- дене салмағының жоғарылауы
Сирек
- бұлшықет құрысулары, бұлшықет әлсіздігі
- полиурия
Өте сирек
- лейкопения, тромбоцитопения
- постуральді бас айналуы, парестезия
- анық көрмеу
- брадикардия, жүрек ырғағының бұзылулары
- ысынулар
- бронх түйілуі
- холестаз, гепатит, сарғаю
- есекжем, алопеция, пурпура
- диурез жоғарылауы, несеп шығарудың бұзылуы, никтурия
- гинекомастия
- приапизм
- қатты қажу, жалпы дімкәстік
Белгісіз
- нұрлы қабықтың интраоперациялық атония синдромы
- ретроградтық эякуляция

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Артериялық гипертензия
Емдеуді ортостатикалық гипотензияның және/немесе естен танудың даму қаупін барынша азайту мақсатында 1 мг дозадан (2 мг Доксазозин таблеткасының жартысы) тәулігіне бір рет 1–2 апта бойы бастау ұсынылады.
Одан кейін дозаны тағы 1–2 аптаға тәулігіне бір рет 2 мг-ге (2 мг Доксазозиннің 1 таблеткасы) дейін арттыруға болады. Қажет болған жағдайда артериялық қысымның қажетті төмендеуіне қол жеткізу үшін пациенттің емге жауабына байланысты тәуліктік дозаны дәл осындай аралықтармен біртіндеп 4 мг, 8 мг және 16 мг-ге дейін арттырады.
Әдеттегі доза тәулігіне бір рет 2–4 мг (2 мг Доксазозиннің 1 таблеткасы немесе 4 мг Доксазозиннің 1 таблеткасы) құрайды.
Ең жоғары тәуліктік доза 16 мг-ден аспауы тиіс.
Қажет болған жағдайда диуретиктермен қатарлас ем тағайындалуы мүмкін.
Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы
Ортостатикалық гипотензияның және/немесе естен танудың даму қаупін барынша азайту мақсатында Доксазозиннің ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 1 мг (2 мг Доксазозин таблеткасының жартысы) құрайды.
Нақты пациенттегі уродинамикалық көрсеткіштерге және қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы симптомдарының айқындылығына байланысты кейіннен дозаны 2 мг-ге (2 мг Доксазозиннің 1 таблеткасы), одан әрі 4 мг-ге (4 мг Доксазозиннің 1 таблеткасы) дейін және ең жоғары ұсынылатын 8 мг дозаға дейін арттыруға болады.
Дозаны біртіндеп арттырудың ұсынылатын аралығы 1–2 апта.
Ұсынылатын әдеттегі доза тәулігіне бір рет 2–4 мг (2 мг Доксазозиннің 1 таблеткасы немесе 4 мг Доксазозиннің 1 таблеткасы) құрайды.

Балаларда қолданылуы

Доксазозиннің балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.