D01AE15 Тербинафин (Terbinafine)
Қолдану көрсеткіштері
Терінің зең инфекциялары: табан микоздарында (tinea pedis), шап эпидермофитиясында (tinea cruris), Trichophyton spp. дерматофиттерінен, оның ішінде Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Trichophyton verrucosum, Trichophyton violaceum, Microsporum canis және Epidermophyton floccosum туындаған дененің тегіс терісінің (tinea corporis) зеңдік зақымдануларында; - ашытқылық, негізінен Candida тектес (мысалы, C. albicans) зеңдерден туындаған тері инфекцияларында; - Pityrosporum orbiculare (Malassezia furfur ретінде де белгілі) туындаған түрлі-түсті теміреткіде. |
-
Клинические протоколы:
- Дерматофитии
- Псориаз
Қарсы көрсеткіштері
Тербинафинге немесе препараттың кез келген басқа қосымша затына аса жоғары сезімталдық; - 12 жасқа дейінгі балалар. |
Қауіпсіздік шаралары
Препараттың көзге тиюіне жол бермеу керек, өйткені ол тітіркенуді тудыруы мүмкін. Препарат байқаусызда көзге тиіп кеткен жағдайда, оларды дереу ағынды сумен жуып жіберу керек. Препараттың құрамында цетил спирті мен стеарил спирті бар, ол жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) тудыруы мүмкін. Препараттың құрамында 1 г кремде 10.0 мг бензил спирті бар. Бензил спирті жергілікті жеңіл тітіркенуді және аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Тербинафинді жергілікті қолдануға қатысты дәрілік өзара әрекеттесу туралы деректер жоқ. Алайда, сақтық шарасы ретінде өңделген жерлерде басқа дәрі-дәрмектерді қолданбау ұсынылады. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Жүкті әйелдерде крем түріндегі тербинафинді клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты жүктілік кезінде ықтимал пайдасы болуы мүмкін қаупінен асып түсетін жағдайда ғана қолдану керек. |
Емізу
Тербинафин емшек сүтіне енеді. Препаратты лактация кезінде қолданбаған дұрыс. Препаратпен өңделген терімен нәрестелердің жанасуына жол бермеу керек. |
Жағымсыз әсерлері
Иммундық жүйе тарапынан бұзылыстар: белгісіз - аса жоғары сезімталдық. Көру мүшесі тарапынан бұзылыстар: сирек - көздің тітіркенуі. Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылыстар: жиі - терінің қабыршақтануы, қышыну; жиі емес - терінің зақымдануы, қабыршақтардың түзілуі (қабыршақ), тері аурулары, пигментацияның бұзылуы, эритема, терінің күю сезімі; сирек - терінің құрғауы, жанаспалы дерматит, экзема; белгісіз - бөртпе. Жалпы бұзылыстар және қолданған жердегі жағдайлар: жиі емес – жаққан жердегі ауырсыну мен тітіркену; сирек - ауру симптомдарының өршуі. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Ересектерге қолданылуына қарай тәулігіне 1 немесе 2 рет тағайындалады. Ұсынылатын дозалану режимі және емдеудің ұзақтығы: - табанның дерматомикозы (саусақаралық аймақ) – күніне 1 рет 1 апта; - өкшелік типті табан дерматомикозы: күніне 2 рет 2 апта; - шап дерматомикозы, дененің тегіс терісінің микозы: күніне 1 рет 1 апта; - Candida (тері кандидозы) тектес зеңдерден туындаған зеңдік тері инфекциялары: күніне 1-2 рет 1-2 апта; - кебек тәрізді теміреткі – күніне 1-2 рет 2 апта. Симптомдарының жеңілдеуі, әдетте, бірнеше күн ішінде орын алады. Тұрақты емдемеу немесе препаратпен емдеуді мерзімінен бұрын тоқтату рецидивке алып келуі мүмкін. Егер емді бастағаннан кейін бір аптадан соң жақсару белгілері байқалмаса, диагнозды растау керек. |
Балаларда қолданылуы
Тербинафинді балаларда жергілікті қолдану тәжірибесі шектеулі, сондықтан 12 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды. |