D06BB10 Имихимод (Imiquimod)

Қолдану көрсеткіштері

Сыртқы генитальді және перианальді сүйелдерде (өткір ұшты кондиломалар);
- ересектердегі аздаған беткейлік базальді жасушалы карциномада (ВСС)
- зақымдардың өлшемі және мөлшері криотерапияның тиімділігін және/немесе мақсатқа сәйкестігін шектегенде, ал жергілікті емдеудің басқа әдістерін қолдануға болмайтын немесе мақсатқа сәйкестігі азырақ жағдайда, иммундық жүйесі қалыпты функцияланатын пациенттердің бет немесе бас терісіндегі клиникалық тұрғыдан типті, гиперкератозды емес, гипертрофиялық емес актиникалық кератозда (AK).
    Клинические протоколы:
  1. Аногенитальные (венерические) бородавки

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық;
- 18 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі.

Қауіпсіздік шаралары

Тек жергілікті қолдану үшін, ішке қабылдауға немесе жұтуға болмайды. Көзге тиюден аулақ болыңыз. Көзге тиген жағдайда сумен жақсылап шайыңыз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Анықталған жоқ. Имихимод кремі иммунитетті стимуляциялайтын болғандықтан, иммуносупрессорларды қабылдап жүрген пациенттерде абайлап пайдаланған жөн.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Жүктілік

Қолдануға болмайды.

Емізу

Қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Сыртқы генитальді сүйелдер.
Өте жиі:
- Қолданған аумақтың қышуы
- Қолданған аумақтың ауыруы
Жиі:
- Инфекцияның дамуы
- Бас ауыруы, миалгия, шаршау
- Жүрек айнуы
- Қолданған аумақтың шымылдауы, қолданған аумақтың тітіркенуі
Жиі емес:
- Қарапайым герпес, генитальді кандидоз, вагинит, вульвит, ринит
- Бактериялық инфекция, зеңдік инфекциялар, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары
- Анорексия, ұйқысыздық, депрессия, парестезия, бас айналуы, бас сақинасы, ұйқышылдық
- Құлақтың шулауы
- Гиперемия
- Ринит, фарингиттер
- Іш ауыруы, диарея
- Құсу
- Ауыртатын дефекация, тік ішек аумағындағы бұзылулар
- Қышыну, дерматит, фолликулит, эритематозды бөртпе, экзема, есекжем
- Қатты тершеңдік
- Артралгия, арқаның ауыруы
- Дизурия, еркектердің жыныс мүшелері маңының ауыруы, пенильді бұзылыстар, диспареуния (ауыртатын жыныстық қатынас), эректильді дисфункция
- Жатырдың және қынаптың түсіп кетуі, қынап ауыруы, атрофиялық вагинит, вульва маңындағы бұзылулар
- Қалтырау, тұмау тәрізді симптомдар
- Жаққан жердің ауыруы
- Астения, дімкәстік
Беткейлі базальді-жасушалық карцинома.
Өте жиі:
- Қолданған аумақтың қышуы
Жиі:
- Инфекцияның дамуы
- Пустулалар
- Арқаның ауыруы
- Қолданған аумақтың ауыруы, қолданған аумақтың шымылдауы, қолданған аумақтың тітіркенуі
- Эритема
- Қолданған аумақтың қанағыштығы, папулулар түзілуі
- Қолданған аумақтың парестезиясы, қолданған аумақтың бөртуі
Жиі емес:
- Ашушаңдық
- Жүрек айнуы, ауыздың құрғауы
- Дерматит
- Тұмау тәрізді симптомдар
- Қолданған аумақта сұйықтық бөліну, қолданған аумақтың қабынуы, қолданған аумақтың ісінуі
- Қабыршақтар түзілуі, қолданған тері аумағының зақымдануы, қолданған аумақтың ісінуі, қолданған аумақтың везикулалар түзілуі
- Ұйқышылдық
Актиникалық кератоз.
Өте жиі:
- Қолданған аумақтың қышуы
Жиі:
- Анорексия, шаршау
- Бас ауыруы, миалгия
- Жүрек айнуы
- Артралгия
- Қолданған аумақтың ауыруы, қолданған аумақтың шымылдауы, қолданған аумақтың тітіркенуі, эритема, жаққан жердегі реакция
Жиі емес:
- Инфекцияның дамуы
- Пустулалар, терінің ойықжарасы, папулалар түзілуі
- Ринит, тұмау тәрізді симптомдар, мұрын бітелуі, тамақ ауыруы, лимфоаденопатия, қалтырау
- Депрессия
- Конъюнктиваның тітіркенуі, қабақ ісінуі, қарттық кератоз
- Диарея
- Эритема, беттің ісінуі
- Қол-аяқтың ауыруы
- Қолданған аумақтың қанауы, қолданған аумақтың парестезиясы
- Астения
- Қолданған аумақтағы дерматит, қолданған аумақта сұйықтық бөліну, қолданған аумақта гиперестезия, қолданған аумақтың ісінуі, жаққан жерде температураның көтерілуі, қолданған аумақтағы жайсыздық, қолданған аумақтың қабынуы
- Қабыршақтар түзілуі, қолданған аумақта тыртықтар түзілуі, қолданған аумақтың ісінуі, қолданған аумақта ойықжаралар түзілуі, қолданған аумақта везикулалар түзілуі
- Ұйқышылдық.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектердегі сыртқы генитальді сүйелдер.
Имихимод кремді ұйықтар алдында аптасына 3 рет (мысалы, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма; немесе сейсенбі, бейсенбі және сенбі) қолдану керек және теріде 6 сағаттан 10 сағатқа дейін қалуы тиіс. Креммен емдеуді генитальді немесе перианальді кондиломалар жоғалғанға дейін жалғастыру керек, бірақ кондиломалар әр пайда болған кезде 16 аптадан артық емес.
Ересектердегі шектеулі беткейлі базальді жасушалық карцинома.
Кремді ұйқыға жатар алдында 6 апта бойы аптасына 5 күн қатарынан (мысалы, дүйсенбіден бастап жұманы қоса) жағып, теріде шамамен 8 сағатқа қалдырады.
Ересектердегі актиникалық кератоз.
Имихимод кремін ұйқыға жатар алдында төрт апта бойы аптасына 3 рет (мысалы, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма) жағып, теріде 8 сағатқа қалдыру қажет. Зақымданған жердің бәріне крем жеткілікті мөлшерде жағылады. Емдеуді тоқтатқаннан кейін 4 аптадан соң актиникалық кератоздың бар-жоқтығына баға беру қажет. Егер қандай да болсын біліністер қалса, емдеуді тағы 4 аптаға жалғастыру қажет. Ең жоғары ұсынылатын доза – бір пакет. Ұсынылатын емнің ең ұзағы – 8 апта.

Балаларда қолданылуы

Қолдануға болмайды.