D08AX06 Калий перманганаты (Potassium permanganate)
Қолдану көрсеткіштері
Жарақаттарды, ойық жаралы және күйік беткейлерін шаюда; - ауызды және тамақты шаюда - гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде бүркіп шаю және шаюда - алкалоидтармен, морфинмен, никотинмен, синильді қышқылмен, хининмен, фосформен уланған кезде, тағамдық уытты жұқпаларда асқазанды шаюда. |
-
Клинические протоколы:
- Инфекции, вызванные вирусом простого герпеса у детей
- Герпетическая инфекция у взрослых
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
- Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
- Ожоги поверхностные до 20% (взрослые)
Қарсы көрсеткіштері
Препаратқа аса жоғары сезімталдық. |
Қауіпсіздік шаралары
Калий перманганатының концентрацияланған ерітіндісі сыртқа қолданғанда теріні қоңыр түске бояйды. Калий перманганатының ерітіндісін аборт жасауға арналған зат ретінде пайдалануға болмайды, өйткені препаратты жоғары концентрацияланған дозаларда қынапқа енгізу тереңдетілген күюді, ауыр қан кетуін туғызады. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Органикалық және жеңіл тұтанатын заттармен (көмір, қант, глицерин, спирт, танин және т.б.) өзара әрекеттескенде жарылыс болуы мүмкін. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Деректер жоқ. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Деректер жоқ. |
Жүктілік
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін. |
Емізу
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін. |
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті қолданған кезде сезімтал терінің тітіркенуі; - гиперемия және күйдіру - концентрацияланған ерітіндіні пайдаланғанда жарақат беткейлерінің және шырышты қабықтың күйіктері. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Төмендегі жағдайда сулы ерітінді түрінде сыртқа: - жарақаттарды шаю 0.1-0.5 % - ойық жаралы және күйік беткейлері 2-5% - ауыз бен тамақты шаю 0.01-0.1% - гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде бүркіп шаю және шаю 0.02-0.1% 0.02-0.1% ерітінділерді уланған кезде асқазанды шаю үшін де қолданады. Калий перманганатының тек жаңадан дайындалған және сүзілген ерітіндісін пайдалану қажет. Ерітіндіні дайындау кезінде ерітінді түсінің қанығуына қарау қажет: жараларды шаю, ауыз бен тамақты шаю, гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде бүркіп шаю және шаю, уланған кезде асқазанды шаю үшін әлсіз-қызғылт түсті ерітінді пайдаланылады. Ойық жаралар мен күйіктер үшін қаныққан-күлгін түске дейін жеткізе отырып, концентрацияланған ерітінді дайындайды. |
Балаларда қолданылуы
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін. |