G01AA01 Нистатин (Nystatin)

Қолдану көрсеткіштері

қынаптық кандидоздың жергілікті емінде және профилактикасында
    Клинические протоколы:
  1. Воспалительные заболевания промежности, вульвы и влагалища (бартолинит, вульвит, вагинит)

Қарсы көрсеткіштері

нистатинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктіліктің I триместрі

Қауіпсіздік шаралары

Емдеу кезеңінде жыныстық қатынастан аулақ болу ұсынылады.
Реинфекцияның алдын алу мақсатында жыныстық жұптасы бір мезгілде емдеу ұсынылады.
Етеккір кезінде, сондай-ақ емнің алғашқы бірнеше күнінде симптоматикалық жақсару пайда болған жағдайда да емдеуді үзе тұруға немесе тоқтатуға болмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Нистатин мен клотримазолды бір мезгілде қолданғанда соңғысының белсенділігі төмендейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ерекшеліктері жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ерекшеліктері жоқ.

Жүктілік

Жүктіліктің I триместрінде қолдануға болмайды.
Жүктіліктің II және III триместрінде және лактация кезінде анасы үшін күтілетін пайдасы шарана мен бала үшін ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана қолдануға болады.

Емізу

Лактация кезінде анасы үшін күтілетін пайдасы шарана мен бала үшін ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек (≥1/10 000, <1/1 000):
- аллергиялық реакциялар
- қынаптың шырышты қабығының тітіркенуі.

- аллергиялық реакциялар
- қынаптың шырышты қабығының тітіркенуі.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Күніне бір рет 1 суппозиторийден, кешке, қынапқа терең енгізеді (гигиеналық емшаралардан кейін). Емдеу курсының ұзақтығы 10-14 күн.
Емдеу ұзақтығы мен қайталанатын курстардың қажеттілігін аурудың ауырлығына байланысты дәрігер анықтайды.
Қынаптық.

Балаларда қолданылуы

Препарат қыздығы бұзылмаған қыздарға ұсынылмайды.