G02AD02 Динопростон (Dinoprostone)
Қолдану көрсеткіштері
Анаға немесе шаранаға қарсы көрсетілімдер болмағанда, жүктілігінің мерзімі жеткен әйелдерде босану әрекетін индукциялау үшін. |
-
Клинические протоколы:
- Индукция родов
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - қағанақ қабының жарылуы - кіші жамбас ағзаларының инфекциялары - кесарь тілігі немесе анамнезінде жатырға жасалған ауқымды хирургиялық араласымдар - анамнезде қиын және/немесе жарақатпен босанудың болуы - анамнездегі 6 немесе одан көп мерзімі жеткен жүктілік - шарананың алдыңғы дистрессі - нәрестенің басымен келмеуі - жүктілік кезінде қынаптан этиологиясы белгісіз қан бөліністерінің болуы пациентте босануды немесе жатырдың ұзақ жиырылуын көтермелеу үшін окситоцин қолдануға қарсы көрсетілімдердің болуы - көпұрықты жүктілік - табиғи туу жолдары арқылы босану мүмкін болмайтын іштегі шарананың алда (көлденең, қиғаш және т.б.) орналасуы - плацентаның алда орналасуы - анамнездегі жатырға хирургиялық араласымдар (мысалы, кесарь тілігі, гистеротомия) - жамбас және шарана басы көлемінің сәйкессіздігі - шарананың ықтимал аномалиялары болуын көрсететін жүректің жиырылу ырғағының бұзылуы - алдыңғы қиын немесе жарақатпен босанулар - жүрек, өкпе, бүйрек немесе бауырдың күрделі аурулары - шаранадағы дистресс-синдромына немесе ондайдың анамнезде болуына клиникалық күдіктену. |
Қауіпсіздік шаралары
Келесі пациенттерде босануды индукциялау үшін қынаптық таблеткаларын енгізген кезде сақ болу керек: - демікпе немесе анамнездегі демікпе - эпилепсия немесе анамнездегі эпилепсия - глаукома немесе жоғары көзішілік қысым - жүрек-қантамыр, бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы - гипертония - хориоамниондық қабықтың жарылуы. Динопростонды көп ұрықты жүктілігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Босануды индукциялау кезінде қынаптық таблеткаларын қолданар алдында жамбас қатынасын мұқият бағалау керек. Кез-келген окситоцин агентін қолданғандағыдай, жатырдың жыртылу қаупін ескеру қажет. Жатырдың гиперстимуляциясы, жатырдың жыртылуы, жатырдан қан кету, шарана мен жаңа туған нәрестенің өлімі қаупін мейлінше азайту үшін ана мен шарананың қатарлас жүретін емін, жағдайын ескеру керек. Динопростонды қолдану кезінде жатырдың белсенділігі мен шарана жүрегінің жиырылу жиілігіне тұрақты электрондық мониторинг жүргізу керек. Гипертонус немесе жатырдың аса жоғары жиырылуы дамитын немесе шарана жүрегінің жиырылу жиілігінің ерекше паттерндері дамитын пациенттерді шарана мен ананың әл-ауқатын қамтамасыз ететіндей етіп емдеу керек. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Окситоцинға реакция простагландиндермен экзогендік емнің қатысуымен күшеюі мүмкін. Басқа окситонизациялайтын дәрілермен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Дозалау аралығы кемінде 6 сағат, егер динопростонды енгізгеннен кейін окситоцинді пайдалану қажет деп саналған жағдайда ұсынылады. Жүйелі қолданған кезде пациенттің жатырының белсенділігін мұқият бақылау керек. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Деректер жоқ. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Деректер жоқ. |
Жүктілік
Босануды стимуляциялау және индукциялық даярлау үшін қолданғанда динопростон босану кезінде шарананың ЖЖЖ өзгеруін, шарана дистрессін, жаңа туған нәресте статусының төмендеуін туындатуы мүмкін. |
Емізу
Простагландин емшек сүтіне енеді. Бірақ емшекпен емізу кезінде препаратты қолдану балаға ешқандай қауіп төндірмейді. |
Жағымсыз әсерлері
Жүрек бұзылыстары: жүректің тоқтап қалуы. Қантамырлар бұзылыстары: гипертония. Асқазан-ішек бұзылыстары: диарея, жүрек айнуы, құсу. Жалпы бұзылыстар мен енгізу орнындағы бұзылулар: қызба. Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: анафилактоидты реакциялар және анафилаксиялық шокты қоса анафилаксиялық реакциялар сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары. Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар: арқаның ауыруы. Жүктілік, босанғаннан кейінгі кезең және перинаталды жай-күйлер: құрсақішілік өлім, өлі туу, неонаталды өлім-жітім (жиілігі белгісіз- қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес). Анамен байланысты аурулар: жатыр гипертонусы, жатырдың жыртылуы, плацентаның ажырауы, шарана айналасындағы сұйықтықпен өкпе эмболиясы, жатыр мойнының тез ашылуы. Шаранамен байланысты жағдайлар: шарананың брадикардиясымен/онсыз жатырдың аса жоғары жиырылуы, шарана дистрессі/ шарана жүрегінің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ). Жаңа туған нәрестелердің жағдайы: неонаталды дистресс, неонаталды өлім, өлі туылу, Апгар шкаласы бойынша төмен баға. Репродуктивті жүйе мен сүт бездері тарапынан бұзылулар: қынапта жылуды сезіну, тітіркену, ауырсыну. Респираторлық, торакальді және медиастинальді бұзылулар: демікпе, бронх түйілуі. Тері және тері асты шелі тарапынан: бөртпе. Қан мен лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: босануды фармакологиялық дәрілер, не динопростон, не окситоцин туындатқан пациенттерде босанғаннан кейінгі диссеминацияланған тамырішілік ұю қаупінің жоғарылауы сипатталған. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Қынап ішіне. Таблеткаларды қынаптың артқы күмбезіне жоғары енгізеді. 1 таблетканы қынаптың артқы күмбезіне жоғары енгізеді. Қажет болса, 6-8 сағаттан кейін, егер босану басталмаса, екінші таблетканы енгізуге болады. Ең жоғары доза 6 мг (2 таблетка). |
Балаларда қолданылуы
Деректер жоқ. |