H05BX04 Этелкальцетид (Etelcalcetide)

Қолдану көрсеткіштері

Гемодиализде жүрген, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде салдарлық гиперпаратиреозды емдеу
    Клинические протоколы:
  1. Хроническая болезнь почек у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық; қан сарысуындағы альбумин-түзетілген кальций концентрациясы қалыпты мәннің төменгі шегінен төмен болғанда

Қауіпсіздік шаралары

Гипокальцемия; қарыншалық аритмия және гипокальциемияға байланысты QT аралығын ұзарту; құрысулар; созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы; сүйектің адинамикалық ауруы; иммуногенділігі.Басқа дәрі-дәрмектермен араластыруға тыйым салынады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Этелкальцетидті қандағы кальций деңгейін төмендететін басқа дәрілермен (мысалы, цинакальцет немесе деносумаб) бірге қабылдау гипокальциемия қаупін арттырады.
Этелкальцетидті цинакальцетпен бірге тағайындауға болмайды (қарсы көрсетілім).

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі:
Қандағы кальций деңгейінің төмендеуі
Жүрек айну
Құсу
Диарея
Бұлшықет түйілуі
Жиі:
Гипокальциемия
Гиперкалиемия
Гипофосфатемия
Бас ауруы
Парестезия
Жүрек жеткіліксіздігінің күшеюі
QT аралығының ұзаруы
Артериялық гипотензия
Миалгия

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Дозасы:
5 мг көктамыр ішіне (венаға) аптасына 3 рет, ең жоғары доза – 15 мг.
Дозаны түзету:
Паратиреоидты гормон (ПТГ) мен кальций деңгейіне байланысты түзетіледі.
– ПТГ деңгейін — 4 аптадан кейін тексеру.
– Кальцийді — бастағаннан кейін 1 аптадан соң бақылау.
Кальций төмен болса (<2,08 ммоль/л):
Кальцийді арттыру, дозаны азайту немесе препаратты уақытша тоқтату қажет.
Қолдану ерекшелігі:
Гемодиализден кейін веноздық катетер арқылы енгізіледі, сұйылтпай қолдану керек.
Цинакальцеттен ауысу:
Кальций деңгейі қалыпты болғанда ғана, соңғы қабылдаудан кейін кемінде 7 күн өткен соң ауысуға болады.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.