A07EC02 Месалазин (Mesalazine)

Қолдану көрсеткіштері

«Бейспецификалық ойық жаралы колит
- Крон ауруы»
    Клинические протоколы:
  1. Болезнь Крона
  2. Неспецифический язвенный колит. Болезнь Крона у детей
  3. Язвенный колит

Қарсы көрсеткіштері

месалазинге, препараттың кез келген қосымша затына немесе салицилаттарға жоғары сезімталдық
- бауыр және/немесе бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі
- геморрагиялық диатез
- асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы
- 6 жасқа дейінгі балалар жасы

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты салицилаттарға (сульфасалазинге) аллергиясы бар пациенттерге сақтықпен қолдану қажет. Құрысулар, іштің ауыруы, дене температурасының жоғарылауы, айқын бас ауыруы, бөртпе сияқты жедел симптомдар пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды дереу тоқтату керек. Препаратты бауыр функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Қажет болған жағдайда ем басталар алдында және емдеу кезінде бауыр функциясының көрсеткіштерін (АЛТ, АСТ) бақылау қажет. Препаратты бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Ем барысында бүйрек функциясының бұзылуы пациентте месалазиннің нефроуытты әсеріне байланысты болуы мүмкін. Бүйрек функциясын, әсіресе емнің бастапқы кезеңінде, сарысулық креатинин деңгейін анықтау арқылы жүйелі түрде бақылау қажет. Миокардит, перикардит дамуына, немесе қан құрамының өзгеруіне күдік туындаған жағдайда емді тоқтату керек. Қан құрамының айқын өзгерістерінің көріністері: қан кетуге бейімділіктің жоғарылауы, тері астылық қанталаулар, тамақтың ауыруы және қызба; перикардит немесе миокардит кезінде – қызба, төс артының ауыруы және ентігу. Ацетилдену процесі баяу жүретін пациенттерде жағымсыз әсерлердің даму қаупі жоғары. Несеп пен көз жасының сарғыш-қызғылт түске боялуы, контактілі линзалардың боялуы мүмкін. Өкпе аурулары, әсіресе астмасы бар пациенттер емдеу барысында мұқият бақылауда болуы тиіс. Месалазинмен емдеу аясында ауыр тері реакциялары – эозинофилия және жүйелік көріністермен бірге жүретін дәрілік реакция (DRESS), Стивенс–Джонсон синдромы (SJS) және токсикалық эпидермальды некролиз (TEN) – туралы хабарламалар бар. Месалазин қабылдауды тоқтатып, терідегі бөртпе, шырышты қабықтардың зақымдануы немесе гиперсезімталдықтың басқа да белгілері сияқты осы ауыр тері реакцияларымен байланысты кез келген симптомдар пайда болғанда, дереу дәрігерге қаралу қажет. Месалазин гипохлорит натрийіне негізделген әжетхана суындағы ағартқышпен жанасқаннан кейін химиялық реакция нәтижесінде несептің қызыл-қоңыр түске боялуына әкелуі мүмкін, бұл қауіп төндірмейді.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Сульфонилмочевина туындыларының гипогликемиялық әсерін, глюкокортикостероидтардың ойық жара туындататын (ульцерогендік) әсерін, метотрексаттың уыттылығын күшейтеді. Фуросемидтің, спиронолактонның, сульфаниламидтердің, рифампициннің белсенділігін төмендетеді. Антикоагулянттардың әсерін күшейтеді. Урикозуриялық препараттардың (түтікшелік секреция блокаторларының) тиімділігін арттырады. Цианокобаламиннің сіңірілуін баяулатады. Месалазин глюкокортикоидтардың асқазан шырышты қабығына жағымсыз әсерін әлсіретуі мүмкін, дигоксиннің сіңірілуін төмендетуі ықтимал.

Жүктілік

Месалазиннің плацентарлық бөгет арқылы өтетіні белгілі. Жүктілік кезеңінде бұл затты қолдану туралы шектеулі деректер оның ықтимал уытты әсерін бағалауға мүмкіндік бермейді.

Емізу

Месалазин ана сүтіне ана қанына қарағанда төмен концентрацияда өтеді, ал метаболиті ацетил-месалазин ана сүтінде қандыкіндей немесе одан жоғары концентрацияда анықталады. Препаратты қабылдаған аналардың емшек еметін сәбилерінде жағымсыз әсерлер байқалмаған, алайда қолда бар ақпарат шектеулі. Жүктілік және емшекпен қоректендіру кезеңінде препаратты тек әлеуетті пайдасы ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда және ерекше сақтықпен қолдану керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥1/10)
- бас ауыру
Жиі (≥1/100 – <1/10)
- бас айналу
- жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея
- тері бөртпесі (есекжемді, эритематозды бөртпені қоса)
- артралгия
Жиі емес (≥1/1000 – <1/100)
- эозинофилия (аллергиялық реакция шегінде)
- шеткергі нейропатия, қатерсіз бассүйекішілік гипертензия (жасөспірімдерде)
- метеоризм
- есекжем, қышыну
- миалгия
Сирек (≥1/10 000 – <1/1000)
- фотосезімталдық
- миокардит, перикардит
Өте сирек (<1/10 000)
- атипиялық қан талдауы (апластикалық анемия, гранулоцитозис, панцитопения, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, қан жасушаларының патологиялық өзгерістері)
- гиперсезімталдық реакциялары: аллергиялық бөртпе, дәрілік қызба, панколит
- жедел панкреатит
- алопеция
- бауыр функциясы параметрлерінің өзгеруі (трансаминазалар мен холестаздық көрсеткіштердің жоғарылауы), гепатит, холестаздық гепатит, бауыр циррозы, бауыр жеткіліксіздігі
- бүйрек функциясының бұзылуы, соның ішінде жедел және созылмалы интерстициальды нефрит және бүйрек жеткіліксіздігі, нефротикалық синдром, ерте тоқтатылған ем аясында қайтымды болуы мүмкін декомпенсацияланған бүйрек жеткіліксіздігі
- өкпенің аллергиялық және фиброздық реакциялары (ентігу, жөтел, бронхоспазм, альвеолит, өкпенің эозинофилиясы, өкпе инфильтрациясы, пневмонияны қоса), интерстициальды пневмония, эозинофильді пневмония, өкпе аурулары
- олигоспермия (қайтымды)
Жиілігі белгісіз (бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- жүйелік қызыл жегі синдромына ұқсас синдром, айқын перикардит немесе плевроперикардит синдромдарымен, сондай-ақ бөртпемен қатар жүруі мүмкін жағдайлар
- нефролитиаз
- плеврит.
Ауыр жағымсыз әсерлер
Төмендегі симптомдардың кез келгені пайда болған жағдайда месалазин қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу қажет:
- денеде қызарған, тегіс, нысана тәрізді немесе дөңгелек дақтардың пайда болуы, жиі ортасында көпіршіктермен;
терінің қабыршақтануы, ауыз қуысы, тамақ, мұрын, жыныс мүшелері және көз шырышты қабықтарының ойық жаралары;
кең таралған бөртпе, қызба және лимфа түйіндерінің үлкеюі.
Бұл ауыр тері реакцияларына қызба мен тұмауға ұқсас симптомдар алдын ала болуы мүмкін.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Жедел өршу кезеңі Тәулігіне 1 рет немесе бірнеше рет қабылдау түрінде 4 г дейін месалазин. Демеуші терапия Тәулігіне 1 рет 2 г месалазин қабылдау ұсынылады.

Балаларда қолданылуы

Балалар (≥ 6 жас) Дозалау жеке таңдалады. 6–18 жастағы балалар үшін тиімділікке қатысты құжатталған деректер шектеулі.