L01FC01 Даратумумаб (Daratumumab)
Қолдану көрсеткіштері
| Препараты: - дің жасушаларын аутологиялық трансплантациялауға сай келмейтін, көп түрлі миеломасы алғаш диагностикаланған ересек пациенттерді емдеу үшін леналидомидпен және дексаметазонмен немесе бортезомибпен, мелфаланмен және преднизонмен біріктірілімде; - дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясын жасауға үміткерлер болып табылатын, көп түрлі миеломасы алғаш диагностикаланған ересек пациенттерді емдеу үшін бортезомибпен, талидомидпен және дексаметазонмен біріктірілімде; - осының алдында, кем дегенде, бір ем қабылдаған көп түрлі миеломасы бар ересек пациенттерді емдеу үшін леналидомидпен және дексаметазонмен немесе бортезомибпен және дексаметазонмен біріктірілімде; - осының алдындағы емде протеасома тежегіштері мен иммуномодуляциялайтын препараттар қамтылған және соңғы емде аурудың үдеуі тіркелген қайталамалы және рефрактерлі көп түрлі миеломасы бар ересек пациенттерді емдеу үшін монотерапия ретінде. |
-
Клинические протоколы:
- Множественная миелома и злокачественные плазмоклеточные новообразования
Қарсы көрсеткіштері
| белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық |
Қауіпсіздік шаралары
| Инфузиялық реакциялар: Даратумумаб вена ішіне (тамшылатып) енгізіледі. Даратумумаб препаратын әр инфузияға дейін және одан кейін сізге инфузиялық реакциялардың туындау ықтималдығын төмендетуге көмектесетін қосымша препараттарды қабылдау керек. Ондай реакциялар инфузия кезінде немесе инфузиядан кейін 3 күннен соң туындауы мүмкін. Кейбір жағдайларда сіз бет, ерін, ауыз, тіл немесе тамақтың ісінуі, жұтынудың немесе тыныс алудың қиындауы немесе қышытатын бөртпе (есекжем) сияқты симптомдарды қамтуы мүмкін күшті аллергиялық реакцияға тап болуыңыз мүмкін. Кейбір ауыр аллергиялық реакциялар және инфузиямен байланысты басқа ауыр реакциялар өлімге әкелді. Егер сізде жоғарыда атап көрсетілген қандай да бір инфузиялық реакциялар немесе осымен байланысты симптомдар туындаса, дереу өз дәрігеріңізге немесе мейіргерге хабарлаңыз. Инфузиялық реакциялар туындағанда сізге басқа препараттар қажет болуы мүмкін немесе инфузияны енгізу жылдамдығын азайту немесе тоқтату қажет болуы мүмкін. Реакция басылғанда немесе оның көрінісі азайғанда инфузияны жалғастыруға болады. Осы реакциялардың алғашқы инфузиядан кейін туындау ықтималдығы аса зор. Егер сізде инфузиялық реакциялар болған болса, олардың қайтадан туындау ықтималдығы аз. Егер сізде ауыр инфузиялық реакция туындаса, сіздің дәрігеріңіз Даратумумаб препаратын пайдаланбау шешімін қабылдай алады. Қан жасушалары санының азаюы Даратумумаб препараты инфекциялармен күресуге көмектесетін лейкоциттер санын және қанның ұюына ықпал ететін тромбоциттер санын азайтуы мүмкін. Егер сізде жоғары температура сияқты инфекция симптомдары немесе көгеру немесе қан кету сияқты тромбоциттер санының төмендеу симптомдары дамыса, өз дәрігеріңізге мәлімдеңіз. Қан құю Егер сізге қан құю керек болса, алдымен сізге өзіңіздің қан тобыңызға сәйкес қан талдауын жасау керек. Даратумумаб қан талдауының нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін. Қан талдауын жасайтын қызметкерге өзіңіздің Даратумумаб препаратымен емдеу курсынан өтіп жүргеніңізді баяндаңыз. В гепатиті Егер сіз бір кездері В гепатиті вирусымен ауырған немесе қазіргі уақытта жұқтырған болсаңыз, өз дәрігеріңізге мәлімдеңіз. Даратумумаб B гепатиті вирусының қайта белсенділенуіне әкелуі мүмкін. Сіздің дәрігеріңіз Даратумумаб препаратымен жүргізілетін емге дейін, ем кезінде және емдеуден кейін біраз уақыт бойы вирус белгілерінің бар-жоғына талдау жасайды. Егер сізде қатты қажу, терінің немесе ақ қабықтың сарғыштануы байқалса, дереу өз дәрігеріңізге мәлімдеңіз. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Даратумумабтың басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуін зерттеулер жүргізілген жоқ. Даратумумаб моноклональді IgG1κ антидене болып табылатындықтан, несеппен экскрециялануы мен бауыр ферменті түрткі болатын метаболизмі, интактілі даратумумабтың шығарылуының негізгі жолдары болып табылуы екіталай. Сол себепті, дәрілік затты метаболиздейтін ферменттердегі өзгерістердің даратумумабтың шығарылуына ықпал ету ықтималдығы аз. CD38-дегі бірегей эпитоппен (антигендік детерминантамен) тектестігінің жоғарылығына байланысты, даратумумабтың дәрілік зат метаболизміне қатысатын ферменттерді өзгертуі күтілмейді. Помалидомидті, талидомид пен бортезомибті клиникалық тұрғыдан фармакокинетикалық бағалаулар Даратумумаб препараты мен аталған біріктірілген емдер арасында клиникалық тұрғыдан елеулі өзара дәрілік әрекеттесулердің жоқтығын көрсетті. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде даратумумабты зерттеу жүргізілген жоқ. Даратумумабты монотерапияда немесе біріктіріп емдеуде (бүйрек функциясы қалыпты (креатинин клиренсі ≥90 мл/мин) қабылдаған, бүйрек функциясының жеңіл дәрежелі бұзылуы бар (креатинин клиренсі <90 және ≥60 мл/мин), бүйрек функциясының орташа дәрежелі бұзылуы бар (креатинин клиренсі <60 және ≥30 мл/мин) бүйрек функциясының ауыр дәрежелі бұзылуы немесе бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысы бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде бүйректің функционалдық жағдайы жөніндегі қолда бар мәліметтердің негізінде үш популяциялық фармакокинетикалық талдау жүргізілді. Бүйрек функциясының бұзылуы бар және бүйрек функциясы қалыпты пациенттер арасында даратумумаб концентрациясының клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтары анықталған жоқ. Популяциялық фармакокинетикалық талдау мәліметтерінің негізінде, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес екендігі анықталды. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр
функциясының бұзылуы бар пациенттерде даратумумабты зерттеулер жүргізілген
жоқ. Даратумумабтың шығарылуына бауыр функциясының өзгерістері қандай-да бір
ықпал етуі екіталай, өйткені, даратумумаб сияқты IgG1 молекулалары, бауыр
жолдары арқылы метаболизденбейді. Бауыр функциясы қалыпты (жалпы билирубин
мен аспартатаминотрансфераза (АСТ) ≤ қалыптың жоғарғы шегі (ҚЖШ)), бауыр
функциясының жеңіл дәрежелі бұзылуы бар (жалпы билирубин 1.0 x 1.5 x ҚЖШ
немесе АСТ > ҚЖШ) және бауыр функциясының орташа (ЖБ> 1.5 х 3.0 х ҚЖШ)
немесе ауыр (ЖБ> 3.0 х ҚЖШ) дәрежелі бұзылуы бар пациенттерді кірістіріп,
даратумумабпен монотерапияны немесе біріктірілген емді қабылдап жүрген
пациенттерде үш популяциялық фармакокинетикалық талдау жүргізілді. Бауыр
функциясының бұзылуы бар және бауыр функциясы қалыпты пациенттер арасында
даратумумаб концентрациясында клиникалық тұрғыдан маңызды ешқандай
айырмашылықтар анықталған жоқ. Популяциялық фармакокинетикалық талдау мәліметтерінің негізінде, бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес екендігі анықталды. |
Жүктілік
| Жүкті әйелдерде препаратын қолдану деректері жоқ. Осылайша, препаратын жүктілік кезінде және контрацепция құралдарын пайдаланбайтын бала тууға қабілетті әйелдерде қолдану ұсынылмайды. |
Емізу
| Даратумумаб қолданып жүрген әйелдерге емделу кезінде және емдеуден кейін 3 ай бойы контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалану керек. |
Жағымсыз әсерлері
| Өте жиі - қалтырау - тамақтың ауыруы, жөтел - жүрек айну - құсу - қышыну, тұмаурату немесе мұрынның бітелуі - ентігу немесе тыныс алудың басқа бұзылулары Жиі - кеуде қуысы аумағындағы жайсыздық - бас айналу немесе әлсіздік (қан қысымының төмендеуі) - қышыну - ысқырып дем алу Сирек - бет, ерін, ауыз, тіл немесе тамақтың ісінуі, жұтынудың немесе тыныс алудың қиындауы немесе қышытатын бөртпе (есекжем) сияқты симптомдарды қамтуы мүмкін ауыр аллергиялық реакция - көздің ауыруы - анық көрмеу Басқа жағымсыз реакциялар Өте жиі - температураның көтерілуі - қатты шаршау сезімі - диарея - іш қату - тәбет төмендеуі - бас ауыру - шаншуды, ұйып қалуды немесе ауыруды тудыруы мүмкін жүйкенің зақымдануы - жоғары қан қысымы - бұлшықеттердің түйілуі - қол басының, тобық немесе табанның ісінуі - әлсіздік сезімі - арқаның ауыруы - қалтырау - өкпе инфекциясы (пневмония) - бронхит - тыныс алу жолдарының – мұрын, мұрын қойнаулары немесе тамақ инфекциялары - қанға оттегіні тасымалдайтын төмен эритроциттер саны (анемия) - инфекциялармен күресуге көмектесетін төмен лейкоциттер саны (нейтропения, лимфопения, лейкопения) - қанның ұюына ықпал ететін тромбоциттер деп аталатын қан жасушаларының төмен саны (тромбоцитопения) - терідегі әдеттен тыс түйсіктер (мысалы, шаншуды сезіну немесе «тұла бойдың шымырлау» сезімі) Жиі - жүректің жүйесіз соғуы (жүрекшелер фибрилляциясы) - ентігуді тудыратын өкпеде сұйықтық жиналып қалуы - тұмау - несеп шығару жолдарының инфекциясы - бүкіл организмге таралатын ауыр инфекция (сепсис) - дегидратация - естен тану - қандағы жоғары глюкоза деңгейі - қандағы төмен кальций деңгейі - инфекциялармен күресуге көмектесетін қандағы «иммуноглобулиндер» деп аталатын қандағы антиденелердің төмен деңгейі (гипогаммаглобулинемия) - ұйқы безінің қабынуы - герпес-вирустық инфекция типі (цитомегаловирустық инфекция) - COVID-19 Жиі емес - бауырдың қабынуы (гепатит) |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Монотерапия кезінде Даратумумаб келесі үлгіде қолданылады: - алғашқы 8 апта ішінде аптасына бір рет, - одан кейін тағы 16 апта бойы әр 2 аптада бір рет - одан кейін, егер жай-күйіңіз нашарлап кетпесе, әр 4 аптада бір рет Дарзалекс® препаратын басқа дәрілік заттармен бірге қолданғанда сіздің дәрігеріңіз препараттарды қабылдаулар арасындағы уақытты және препараттың қабылдау санын өзгерте алады. Бірінші аптада сіздің дәрігеріңіз Даратумумаб препаратының алғашқы дозасын қабылдауды қатарынан екі күнге бөлуі мүмкін. Препаратты бірнеше сағат бойы вена ішіне тамшылы инфузиялау түрінде енгізеді. Сіз белдемелі герпестің туындау ықтималдығын азайту үшін препараттар қабылдай аласыз. |
Балаларда қолданылуы
| Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге Даратумумаб қолдануға болмайды, себебі препараттың балалар мен жасөспірімдерге әсері белгісіз. |