N04BB01 Амантадин (Amantadine)
Қолдану көрсеткіштері
Паркинсон ауруында (бұлшықет сіресуі, тремор, гипо- немесе акинезия) - нейролептиктерді немесе басқа препараттарды қабылдаудан болған экстрапирамидальді бұзылуларда |
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Паркинсона
Қарсы көрсеткіштері
препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүректің іркілген ауыр жеткіліксіздігі (Нью-Йорк Кардиологиялық Ассоциациясының шкаласы бойынша ІV класс), кардиомиопатия, миокардит, ІІ және ІІІ дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, жүректің жиырылу жиілігі минутына 55 реттен кем болатын брадикардия, QТ аралығы 420 мс-дан астамға ұзарғанда, қарыншалық аритмия (оның ішінде қарыншалардың дірілдеуі) - қанда калий немесе магний мөлшерінің азаюы - QT аралығын ұзартатын препараттармен бір мезгілде қабылдау - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 10 мл-ден кем) - жүктілік және лактация кезеңінде - 18 жасқа дейінгі балаларға -тұқым қуалайтын галактоза жеткіліксіздігі, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, фенилкетонурия, сахароза-изомальтоза жеткіліксіздігі, тұқым қуалайтын фруктоза жеткіліксіздігі. |
Қауіпсіздік шаралары
Емдеуші дәрігер қабылдауды бастамас бұрын, сондай-ақ 1 және 3 апта емдеуден кейін ЭКГ (50 мм/с) бақылау жүргізуі қажет. Bazett формуласы бойынша QT (QTc) түзетілген шамасы қолмен есептеп анықталады. Бұл ЭКГ дозаны әрбір келесі арттыру алдында және одан кейін 2 аптадан кейін жүргізу қажет. Бұдан әрі ЭКГ тұрақты бақылануы тиіс. Егер QTс бастапқы мәні 420 мс асатын болса, емдеу кезінде QT 60 мс аса ұлғайған кезде немесе QTc мәні 480 мс артық болса, сондай-ақ ЭКГ-да U толқындары көрінетін пациенттерде амантадин қабылдауды бастауға болмайды немесе тоқтату керек. Мысалы, диуретиктерді қабылдау немесе жиі құсу және/немесе диарея нәтижесінде электролиттік теңгерімсіздік қаупі бар пациенттер, ургенттік жағдайларда инсулин қабылдайтын пациенттер, бүйрек аурулары немесе анорексиясы бар пациенттер зертханалық көрсеткіштері бақыланып, тексеруден өтуі және электролиттердің, әсіресе калий мен магнийдің тиісті толтырылуы тиіс. Жүрек соғуының жиілеуі, бас айналу немесе естен тану сияқты симптомдар туындаған жағдайда, Амантадин қабылдауды дереу тоқтату және QT аралығының ұзаруына 24 сағат бойы науқасты бақылау қажет. QT аралығының ұзаруы болмаса, қарсы көрсетілімдері мен өзара әрекеттесулерін ескере отырып, дәрілік затты қабылдауды қайта бастау туралы мәселені қарастыруға болады. Электрокардиостимуляторы бар пациенттерде QT уақытын дәл анықтау мүмкін емес, сондықтан Амантадин дәрілік затын қабылдауды тағайындау туралы шешімді кардиологпен кеңескеннен кейін әркімге жекелей қабылдау керек. А вирусынан туындаған тұмаудың профилактикасы және емдеу үшін артық дозалану қаупіне байланысты амантадинді қосымша енгізу ұсынылмайды. Бір мезгілде нейролептиктер мен Амантадин дәрілік затын қабылдайтын пациенттер, Амантадин препараты кенеттен тоқтатылған жағдайда қатерлі нейролептикалық синдромның даму қаупіне ұшырайды. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Амантадинді QT аралығын ұзартатын препараттармен, атап айтқанда мыналармен бір мезгілде қолдануға болмайды: - аритмияға қарсы ІА класына жататын (мысалы, кинидин, дизопирамид, прокаинамид) және ІІІ класқа жататын кейбір препараттар (мысалы, амиодарон және соталол) - кейбір психозға қарсы препараттар (мысалы, тиоридазин, хлорпромазин, пимозид) - кейбір трициклді және тетрациклді антидепрессанттар (мысалы, амитриптилин) - кейбір антигистаминдік препараттар (мысалы, астемиозол, терфенадин) - кейбір макролидтік антибиотиктер (мысалы, эритромицин, кларитромицин) - кейбір гираза тежегіштері (мысалы, спарфлоксацин) - азолдар тобына жататын зеңге қарсы дәрілер және басқа да препараттар, атап айтқанда бидупин, галофантрин және ко-тримоксазол, пентамидин, цизаприд және бепридил. Бұл өзара әрекеттесу тізімі толық болмауы мүмкін. Сондықтан амантадинді басқа препаратпен бір мезгілде қолдануды бастамас бұрын QT аралығын ұзарту үшін олардың арасындағы ықтимал өзара әрекеттесулерді тексеру қажет. Антихолинергиялық заттар (мысалы, тригексифенидил, бензатропин, скополамин, бипериден, орфенадрин және т.б.): жағымсыз әсерлердің күшеюі (сананың шатасуы және галлюцинация) Орталық жүйке жүйесін ынталандыратын құралдар: амантадиннің орталық әсерлерінің күшеюі. Алкоголь: амантадиннің жағымсыз әсерлерінің күшеюі. Леводопа: амантадиннің емдік әсерін күшейту. Мемантин: амантадиннің емдік әсері мен жағымсыз әсерлерінің күшеюі. Леводопа, бромокриптин, мемантин, тригексифенидил сияқты басқа паркинсонға қарсы препараттармен бір мезгілде қабылдағанда жағымсыз салдарларды, атап айтқанда, психотикалық реакцияларды болдырмау үшін бір мезгілде қабылданатын препараттың немесе екі препараттың дозасын төмендету қажет. Басқа дәрілік заттар: триамтерен/гидрохлортиазидтің қосындысы болып табылатын диуретиктерді бір уақытта қабылдау қан плазмасындағы амантадин концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде уыттанудың дамуы мүмкін. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Деректер жоқ. |
Жүктілік
Жүкті әйелдерде амантадинді қолдану тәжірибесі жеткіліксіз. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде амантадиннің эмбриоуытты және тератогенді болып табылатыны көрсетілді. Адам үшін потенциалды қаупі белгісіз. Жүктілік кезінде препаратты ана үшін потенциалды пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қаупінен асып түсетін жағдайда ғана тағайындау керек. Бірінші триместрді емдеу жағдайында ультрадыбыстық диагностика жүргізу керек. |
Емізу
Амантадин емшек сүтіне түседі. Егер емшекпен емізу міндетті болса, нәресте ықтимал дәрілік реакцияларға (тері бөртпесі, несептің іркілуі, құсу) қадағалануы тиіс. Лактация кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату туралы мәселені шешіп алу керек. |
Жағымсыз әсерлері
Жиі - үрейлену, ашушаңдық, көру елестеулері, психомоторлы қозу - бас айналу, бас ауыру, көру өткірлігінің бұзылуы, ұйқысыздық - сирақ пен тобықтың ісінуімен бірге мәрмәр тері синдромы - жүрек айнуы, құсу, ауыз ішінің құрғауы, тәбеттің төмендеуі, диспепсия - қуық асты безі аденомасы бар науқастарда несептің іркілуі - тұрған немесе тұра бастаған жағдайда қан айналымының бұзылуы (ортостатикалық дисрегуляция) Жиі емес - жинақтап көре алмау. Сирек - мөлдір қабықтың зақымдануы, мөлдір қабықтың ісінуі, көру өткірлігінің төмендеуі Өте сирек - эпилепсиялық ұстамалар, шеткері нейропатия, көздің уақытша көрмей қалуы - аритмия, тахикардия, қарыншалар фибрилляциясы, QТ аралығының ұзаруы, жүрек жеткіліксіздігінің дамуы немесе өршуі, ортостатикалық гипотензия - терінің аллергиялық реакциялары, дерматоз, фотосенсибилизация, полиурия, никтурия - гематологияық реакциялар, лейкопения және тромбоцитопения сияқты Жиілігі белгісіз - импульсті бақылаудың бұзылуы және компульсивті мінез-құлық белгілері (құмар ойнауға ұмтылу, либидоның жоғарылауы, гипер - сексуалдық, сатып алуға деген импульсивті ұмтылыс, компульсивті артық тамақтану) пайда болады. Көру қабілетінің бұзылуы немесе жинақтап көре алмау сияқты симптомдар пайда болған кезде пациентті офтальмолог дереу қарауы тиіс. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Алғашқы 3 күн – күніне 1 таблеткадан, содан кейін дозаны күніне 2 таблеткаға дейін арттырады, әрі қарай доза аптасына 1 таблеткаға арттырылуы мүмкін. Әдеттегідей тиімді доза күніне екі рет 1-ден 3 таблеткаға дейінді құрайды. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 600 мг. Біріктіріп емдеген жағдайда дозаны әр адамға жекелей белгілеу қажет. Соңғы дозаны күннің екінші жартысында сағат 16-00-ден кешіктірмей қабылдау керек. Егде жастағы пациенттерде, атап айтқанда қозу мен шатасу, сандырақтау және сандырақтау алдындағы жағдайлармен зардап шегетін пациенттерде өте төмен доза қажет етіледі. Күніне 1-2 рет 500 мл; дозаны күніне 500 мл-ден 3 ретке дейін арттыруға болады. Құю ұзақтығы 3 сағат (минутына 55 тамшы). Паркинсонизм синдромы кезінде: Паркинсонизм синдромы (акинетикалық криз) асқынған кезде, тәулігіне 1-3 рет 500 мл ерітіндіге 200 мг амантадин сульфатын енгізу керек. Инфузия жылдамдығы минутына 55 тамшыдан аспауы тиіс, бұл шамамен инфузияның 3 сағатына баламалы. |
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда деректердің болмауына байланысты дәрілік зат қолданылмайды. |