N05BB01 Гидроксизин (Hydroxyzine)

Қолдану көрсеткіштері

Седативті, транквилизациялық және антигистаминдік қасиеттерді ескере отырып, гидроксизин келесілер үшін көрсетілген:
- үрейлі жағдайларды симптоматикалық емдеу
- аллергиялық қышынуды симптоматикалық емдеу
    Клинические протоколы:
  1. Рассеянный склероз

Қарсы көрсеткіштері

гидроксизинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне; анамнезінде цетиризинге немесе пиперазиннің басқа туындыларына, аминофиллинге немесе этилендиаминге жоғары сезімталдық
- порфирияға шалдыққан пациенттер
- QT аралығының жүре пайда болған немесе туа біткен ұзаруы бар пациенттер
- белгілі жүрек-қантамыр ауруын, электролиттердің елеулі теңгерімсіздігін (гипокалиемия, гипомагнезэмия), жүректің кенеттен қайтымсыз ұстамасының отбасылық анамнезін, айқын брадикардияны, QT аралығын ұзартатыны және/немесе екі бағытты қарыншалық тахикардияны туындататыны белгілі препараттармен бір мезгілде қолдануды қоса алғанда, QT аралығы ұзарған пациенттер
- бұрын ауыр антигистамин-индукцияланған жағымсыз бронх-өкпе әсерін бастан өткерген, демікпесі бар пациенттер
- жүктілік, лактация кезеңі

Қауіпсіздік шаралары

Гидроксизин электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруымен байланысты болды. Потенциалды аритмогенді препараттармен гидроксизин қабылдайтын пациенттерде маркетингтен кейінгі бақылау кезінде QT аралығының ұзару қаупін және екі бағытты қарыншалық тахикардияның пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.
Бұл пациенттердің көпшілігінде басқа қауіп факторлары, электролиттік ауытқулар және өз ықпалын тигізуі мүмкін қатар жүретін ем де болды.
Препаратты ең төменгі әсер ететін дозада және мүмкіндігінше аз уақыт ішінде қолдану керек.
Гидроксизинмен емдеуді жүрек аритмиясымен байланысты белгілер немесе симптомдар пайда болған кезде тоқтату және пациенттер дереу медициналық көмекке жүгінуі керек.
Пациенттер кез келген жүрек симптомдары туралы дереу хабарлауы керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Қолдануға болмайтын препараттардың біріктірілімі
Гидроксизинді QT аралығын ұзартатыны және/немесе екі бағытты қарыншалық тахикардияны туындататыны белгілі дәрілік заттармен біріктіріп тағайындау, мысалы, IA класы (мысалы, хинидин, дисопирамид) және аритмияға қарсы III класс дәрілерімен (мысалы, амиодарон, соталол), кейбір антигистаминдермен, кейбір антипсихотиктермен (мысалы, галоперидол), кейбір антидепрессанттармен (мысалы, циталопрам, эсциталопрам), безгекке қарсы кейбір препараттармен (мысалы, мефлохин), кейбір антибиотиктермен (мысалы, эритромицин, левофлоксацин, моксифлоксацин), зеңге қарсы кейбір дәрілермен (мысалы, пентамидин), кейбір асқазан-ішек дәрілері (мысалы, прукалоприд), обыр кезінде қолданылатын кейбір дәрілер (мысалы, торемифен, вандетаниб), метадон жүрек аритмиясының қаупін арттырады. Демек, осы препараттармен біріктіруге болмайды.
Айрықша сақтық шараларын талап ететін препараттардың біріктірілімі
Брадикардия мен гипокалиемияны туындататын дәрілік заттарды қолданғанда сақ болу керек.
Гидроксизин бауырда алкогольдегидрогеназа және CYP3A4/5 жүйесімен метаболизденетіндіктен, гидроксизинді бауыр ферменттерінің күшті тежегіштері ретінде белгілі басқа препараттармен (телитромицин, кларитромицин, делавирдин, стирипентол, кетоконазол, вориконазол, итраконазол, позаконазол және атазанавир, индинавир, нелфинавир, ритонавир, саквинарин, лопинавир/ритонавир, саквинарин/ритонавир и типранавир/ритонавирді қоса АИТВ протеазаның кейбір тежегіштерімен) қолданғанда қандағы гидроксизин концентрациясының жоғарылауын күтуге болады. Сонымен бірге, метаболизмнің тек бір жолын тежеу кезінде әсер басқа метаболизм жолдарымен ішінара өтелуі мүмкін.
Гидроксизин келесі өзара әрекеттесулермен бірге жүруі мүмкін
Метахолинге сынама
Емді сынама нәтижелеріне әсер етуді болдырмау үшін метахолинге сынама жүргізу алдында 96 сағат ішінде тоқтату керек.
Аллергияға тері сынамалары
Емді сынама нәтижелеріне әсер етпеу үшін аллергияға тері сынамаларын жүргізгенге дейін бір апта бұрын тоқтату керек.
ОЖЖ бәсеңдететін препараттар
Пациенттерге гидроксизиннің алкогольге, барбитураттарға, бензодиазепиндерге, ұйықтайтын таблеткаларға, апиындарға, анксиолитиктерге, антипсихоздық дәрілерге, антидепрессанттарға, құсуға қарсы дәрілерге, эпилепсияға қарсы дәрілерге, басқа антигистаминдік препараттарға, қаңқа бұлшықетінің босаңсытқыштарына, седативті дәрілерге, анестетиктерге және ОЖЖ тежейтін басқа препараттарға реакциясын арттыруы мүмкін екендігі туралы ескерту керек.
Антикоагулянттар
Антикоагулянттармен емдеген жағдайда емнің басында гемостазды бақылау қажет.
Антимускариндік препараттар
Егер гидроксизин атропин және кейбір антидепрессанттар (трициклдер де, МАОТ да) сияқты антимускариндік препараттармен бір мезгілде тағайындалса, жағымсыз әсерлер (шеткері және орталықтық) күшейтілуі мүмкін.
Адреналин
Гидроксизин адреналиннің вазопрессорлық әсерін тежейді және жоюға көмектеседі.
Антихолинергиялық препараттар
Егер гидроксизин басқа антихолинергиялық препараттармен бір мезгілде енгізілсе, қосымша антихолинергиялық жағымсыз әсерлер білінуі мүмкін.
Антихолинэстеразалық препараттар
Гидроксизин антихолинэстераза препараттарының антагонисті ретінде әрекет етеді.
Бетагистин
Гидроксизин бетагистин әсерінің антагонисті ретінде әрекет етеді
Циметидин
Күніне екі рет 600 мг циметидинді қолдану сарысудағы гидроксизин концентрациясын арттырады және цетиризин метаболитінің ең жоғары концентрациясын төмендетеді.
CYP2D6 және P450 цитохромы
Гидроксизин CYP2D6 тежегіші болып табылады және препараттың CYP2D6 субстраттарымен өзара әрекеттесуін тудыруы мүмкін. Цетиризин Р450 цитохромы арқылы басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттеспейді.
Миға әсер ететін препараттар
Миға әсер ететін препараттар антигистаминдік препараттармен өзара әрекеттеседі.
Бауырдың микросомалық ферменттік жүйесіне әсер ететін препараттар
Бауырдың микросомалық ферменттік жүйесіне әсер ететін препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде метаболизм төмендеуі мүмкін. Метаболизмнің төмендеуі өзгермеген антигистаминнің ықтимал уытты концентрациясының жиналуына әкелуі мүмкін.
Отоуытты препараттар (естуге зиянды әсер ететін немесе тепе-теңдікті бұзатын)
Кейбір седативті антигистаминдік дәрілер аминогликозидті антибиотиктер сияқты отоуытты препараттардан туындаған зақымданудың ескертпелі белгілерін жасыруы мүмкін деген болжам жасалды.
Портер-Зильбер реакциясы немесе Гленн-Нельсон әдісі
Портер-Зильбер реакциясы немесе Гленн-Нельсон әдісі қолданылған кезде гидроксизин несептегі 17-гидроксикортикостероидтардың жалған жоғары концентрациясына әкеледі деп хабарланды.
Басқа препараттардың метаболизміне әсері
100 мкмоль концентрациясындағы гидроксизин адам бауырының микросомаларында УДФ-глюкуронилтрансфераза 1А1 және 1А6 изоферменттеріне тежегіш әсер етпейді. Ол қан плазмасындағы ең жоғарыдан асатын концентрацияларда Р450 2С9/С10, 2С19 және 3А4 цитохромының изоферменттерін тежейді (ИК50 (ең жоғары тежелудің жартысына жету үшін қажетті орташа концентрация): 103-140 мкмоль; 46-52 мкг/мл). Сондықтан гидроксизиннің осы ферменттердің субстраты болып табылатын дәрілік заттардың метаболизмін бұзуы екіталай.
100 мкмоль концентрациясындағы цетиризин метаболиті Р450 (1А2, 2А6, 2С9/С10, 2С19, 2D6, 2Е1 және 3А4) бауыр цитохромына және УДФ-глюкуронилтрансфераза изоферменттеріне тежегіш әсер етпейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге препаратты сақтықпен пайдалану керек. Препарат осындай пациенттер үшін жинақтала ма немесе басқа да жағымсыз салдарлары бар ма, белгісіз. Толық метаболизденеді және метаболиттердің бірі белсенді метаболит цетиризин болып табылады. Цетиризин бүйрек арқылы шығарылады және бүйрек функциясының орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде және диализдегі пациенттерде клиренс қалыпты еріктілермен салыстырғанда төмендейді.
Егер уақытша әсер қажет болса, дозаны екі есе азайтуға болады. Ауыр және орташа ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге гидроксизиннің негізгі метаболиті-цетиризиннің экскрециясының төмендеуі салдарынан дозаны азайту қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

Препараттың седативті қасиеттеріне байланысты оны команың туындауының жоғары қаупіне байланысты бауырдың ауыр ауруларында және бауыр энцефалопатиясының ықтималдығына байланысты бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданудан аулақ болу керек.
Бастапқы билиарлы циррозға қатысты кейінгі бауыр дисфункциясы бар пациенттерде гидроксизиннің шығарылуы бұзылады. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету керек.

Жүктілік

Препаратты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.

Емізу

Препарат емшек сүтіне енуі мүмкін деп болжанады. Оның балаға әсері белгісіз. Препаратты бала емізетін әйелдерге қабылдауға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек
- шаштың түсуі
- экзема
- жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП)
- уытты эпидермальді некролиз
- Стивенс-Джонсон синдромы
- мультиформалы эритема
Белгісіз
- агранулоцитоз, лейкопения
- гемолиздік анемия
- тромбоцитопения
- аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну
- порфирия
- анорексия
- қозу, үрей
- сананың шатасуы, бағдардан адасу
- елестеулер
- ұйқының бұзылуы, түнгі қорқыныштар
- депрессия
- дискинезия
- ұйқысыздық
- седативті әсер, қалғу, бас айналу, сылбырлық, бас ауыруы, тремор және құрысулар
- психомоторлық бұзылулар
- парестезия
- экстрапирамидальді әсерлер
- ұстамалар
- кома
- ұйқышылдық
- зейіннің бұзылуы
- еріксіз қозғалыс белсенділігі
- атаксия
- түсініксіз сөйлеу
- ауыздағы ащы дәм сезімі
- бозару
- аккомодацияның бұзылуы
- көрудің бұлыңғырлығы
- құлақтағы шуыл
- лабиринтит
- вертиго
- қарыншалық аритмиялар (мысалы, «пируэт» типті екі бағытты қарыншалық тахикардия), ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы
- тахикардия
- жүректің жиі қағуы
- гипотония, гиперемия
- бронх түйілуі
- тыныс алу ағзалары шығындыларының қоюлануы
- ысқырықты тыныс алу;
- мұрынның бітелуі, тамақтың құрғауы
- іш қату, ауыздың құрғауы, жүрек айну, құсу, асқазан рефлюксінің жоғарылауы, диарея, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, АІЖ перистальтикасының жоғарылауы
- бауыр функциясының бұзылуы
- дерматит
- тұрақты дәрілік эритема
- қышыну, эритема, папулезді бөртпе, есекжем
- қатты тершеңдік
- миалгия
- несеп іркілісі
- дизурия
- приапизм
- импотенция
- етеккірдің ерте келуі
- шаршағыштық, дімкәстік, қажу, пирексия
- тыныс жолдарының шырышты қабығының құрғауы
- астения
- кеудедегі қысылу сезімі
- күйгелектік
- қалтырау
- бауырдың функционалдық сынамаларының өзгеруі.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Препаратты ең аз тиімді дозада және мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде қолдану керек.
Ересектер мен дене салмағы 40 кг немесе одан жоғары балалар үшін ең жоғары доза күніне 100 мг құрайды.
Үрейлі жағдайларды симптоматикалық емдеу
Күніне, күндіз немесе кешке ұйықтар алдында 50-100 мг доза, егер үрейлі жағдай негізінен ұйқысыздықпен көрінсе.
Аллергиялық қышынуды симптоматикалық емдеу
Дозасы күніне 25-100 мг.

Балаларда қолданылуы

Дене салмағы 40 кг дейінгі балаларда ең жоғары доза күніне 2 мг/кг құрайды.
Аллергиялық қышынуды симптоматикалық емдеу үшін дозаны дене салмағы бойынша күніне 1 мг/кг-ден күніне 2 мг/кг-ге дейін, бөлінген дозаларда есептейді.