P02CE01 Левамизол (Levamisole)

Қолдану көрсеткіштері

Асқазан-ішек гельминттерінің келесі түрлерінен туындаған инфекцияларды емдеуге арналған: Ascaris lumbricoides (аскоридоз), Necator americanus (некатороз) және Ancylostoma duodenale (анкилостомидоз).
    Клинические протоколы:
  1. Аскаридоз у взрослых
  2. Нефротический синдром у детей

Қарсы көрсеткіштері

препараттың әсер етуші затына немесе кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балаларға (осы дәрілік препараттың құрамында «күн батар түстес сары» (E110) бояғышының болуына байланысты)
- жүктілік және бала емізу кезеңі

Қауіпсіздік шаралары

Іш жүргізетін дәрілерді қабылдау және арнайы диета ұстану қажет емес.
Препаратты қабылдау кезінде және қабылдағаннан кейін, кемінде 24 сағат бойы спирттік ішімдіктерді қолданбау ұсынылады.
Левамизолды қайта қолдану аллергиялық реакцияларды, соның ішінде лейкопения сияқты гематологиялық бұзылуларды тудыруы мүмкін екендігі туралы кейбір деректер бар. Осы себепті, ұсынылған дозасын арттырмау керек. Левамизол препараты мен қан кетуге теріс әсер етуі мүмкін препараттарды бір мезгілде қабылдау сақтықты талап етеді.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Антикоагулянттар
Левамизол кумаринтәрізді антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Антикоагулянттардың әсерін мұқият қадағалауда ұстау қажет.
Басқа да гельминтке қарсы препараттар
Альбендазол сульфоксидінің «концентрация-уақыт» (AUC) қисығының астындағы ауданы Левамизол пен альбендазолды бір мезгілде қабылдаған кезде айтарлықтай азаяды.
Левамизол пен альбендазолды бір мезгілде қабылдаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Левамизол препаратты мен ивермектинді бір мезгілде қолданғанда, ивермектиннің AUC едәуір артады. Левамизол пен ивермектинді бір мезгілде қабылдаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Фенитоин
Левамизол қан плазмасындағы фенитоин деңгейін арттыруы мүмкін, сондықтан олар бір мезгілде қолданылғанда қандағы фенитоин деңгейін бақылау қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Жүктілік

Левамизол жануарларда тератогендік әсерлердің дамуына әкелмеді, алайда, егер жүкті әйел левамизолды улы дозада қабылдаса левамизол ұрыққа уытты әсер тигізеді. Жүкті әйелдерде левамизолды қолдануға тиісті түрде жоспарланған бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан Левамизол препаратын жүктілік кезінде тек ана үшін ықтимал пайдасы ұрық қаупінен асып кеткен жағдайларда ғана қабылдауға болады.

Емізу

Левамизолдың ана сүтімен бөлінуі туралы деректер жоқ. Алайда, левамизолдың сиырларда сүтпен бөлінетіні белгілі.
Жаңа туған нәрестелерде жағымсыз реакциялар болуы мүмкіндігіне байланысты, анасы үшін препаратты қолданудың қаншалықты қажет екендігіне қарай, бала емізуді тоқтату немесе препаратты қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдау қажет.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер ұрпақ өрбіту функциясына қандай да бір әсерін анықтаған жоқ .

Жағымсыз әсерлері

Жиі
- Іштің ауыруы
Жиі емес
- Бас ауыруы
- Қышыну
Сирек
- Дене температурасының жоғарылауы
Жиілігі белгісіз
- Энцефалопатия, иіс пен дәм татымының бұзылуы
- Іш өтуі, жүрек айнуы, құсу
- Бөртпе

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер: бір реттік дозасы 150 мг (Левамизол 50 препаратының 3 таблеткасы).
Балалар: Левамизол, 50 мг таблеткалары, құрамында «күн батар түстес сары» (Е110) бояғышы бар болуына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін қолданылмауы тиіс.

Балаларда қолданылуы

Левамизол препаратының құрамында «күн батар түстес сары» (Е110) бояғышы бар. Бояғыш аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін. Сол себепті прапарат 18 жасқа толмаған кіші пациенттерде қолданылмайды.