R03AL04 Индакатерол және Гликопирроний бромиді (Indacaterol and Glycopyrronium bromide)

Қолдану көрсеткіштері

Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) бар ересек пациенттерде аурудың симптомдарын жеңілдету үшін демеуші бронхдилатациялық емде
    Клинические протоколы:
  1. Хроническая обструктивная болезнь лѐгких

Қарсы көрсеткіштері

Индакатеролға, гликопирроний бромидіне немесе препарат құрамына кіретін кез келген басқа компоненттерге жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Дәрілік препаратын құрамында ұзақ әсер ететін бета-адренергиялық рецепторлардың басқа агонистері немесе дәрілік препараты жататын фармакотерапиялық топтардың ұзақ әсер ететін мускаринді рецепторлар антагонистері бар дәрілік препараттармен бірге енгізуге болмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Бета-адреноблокаторлар
Бета-адреноблокаторлар бета2-адреномиметиктердің әсерін әлсіретуі немесе әсеріне кедергі жасауы мүмкін. Сондықтан олардың бірге қолданылуы үшін дәлелді себеп болмаса, препаратын бета-адреноблокаторлармен (көзге тамызатын дәрілерді қоса) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Қажет болған жағдайда, кардиоселективті бета-адреноблокаторларды пайдаланған дұрыс, алайда оларды сақтықпен қолдану қажет.
Антихолинергиялық препараттар
Препаратының басқа антихолинергиялық дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан да оларды қолдану ұсынылмайды.
Симпатомиметиктер
Басқа симпатомиметиктермен бір мезгілде қолдану (бөлек және біріктірілген ем құрамында) индакатеролдың жағымсыз құбылыстарының даму қаупін артыруы мүмкін.
Бірге қолданған кезде сақ болу қажет
Гипокалиемиялық дәрілік заттар
Гипокалиемиялық препараттарды метилксантин туындыларымен, стероидтармен немесе гипокалиемия тудыратын диуретиктермен бір мезгілде қолдану, бета2-адреномиметиктер туындататын гипокалиемиялық әсерді күшейтуі мүмкін.
Бірге қолданған кезде ескеру қажет
Метаболизмдік препараттармен және жарғақшалық тасымалдағыштармен өзара әрекеттесуі
Индакатерол клиренсіне ықпал ететін негізгі ферменттер, CYP3A4 және Р-гликопротеин (P-gp) тежегіштері индакатеролдың жүйелік әсерін 2 есеге арттырады.
Циметидин немесе органикалық катиондар тасымалдағыштарының басқа да тежегіштері
Гликопирронийның бүйрек клиренсіне әсер ететін органикалық катиондар тасымалдағыштарының тежегіші циметидин гликопирронийның жалпы әсерін (AUC) 22%-ға арттырады және бүйрек клиренсін 23%-ға төмендетеді. Осы өзгерістердің шамасына негізделе отырып, гликопирроний бромидін циметидинмен немесе органикалық катиондар тасымалдағыштарының басқа да тежегіштерімен бір мезгілде қолданған кезде клиникалық маңызды өзара әрекеттесу болжанбайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Препаратын жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылған дозада қолдануға болады. Ауыр дәрежедегі немесе гемодиализ жүргізуді қажет ететін терминальді сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дәрілік препарат егер болжамды пайдасы ықтималды қауіптен артатын жағдайда ғана ұсынылған дозада қолданылуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Препаратын жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылған дозада қолдануға болады. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде дәрілік препаратын қолдану туралы деректер жоқ, сондықтан осындай пациенттерге дәрілік препаратты қолданған кезде сақ болу қажет.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде қолдану жөнінде деректер жоқ.
Индакатерол жатырдың тегіс бұлшықетіне релаксациялайтын әсерінің салдарынан босану үдерісін баяулатады. Осыған байланысты препарат жүктілік кезінде, егер қолданудың анасы үшін болжамды пайдасы шарана үшін ықтималды қауіптен асатын болса қолданылуы тиіс.

Емізу

Индакатерол, гликопирроний және олардың метаболиттері емшек сүтіне өтетін-өтпейтіні белгісіз. Бала емізетін әйелдерде перпаратты қолдануды ана үшін болжамды пайдасы бала үшін ықтималды қауіптен асатын болса ғана қарастыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі
- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясы
Жиі
- назофарингит
- несеп шығару жолдарының инфекциясы
- синусит
- ринит
- аса жоғары сезімталдық
- гипергликемия және қант диабеті
- бас айналу
- бас ауыруы
- жөтел
- тамақтың жыбырлауын қоса, ауызжұтқыншақтың ауыруы
- диспепсия
- тісжегі
- қуық обструкциясы және несеп шығарудың кідіруі
- қызба
- кеуденің ауыруы
Жиі емес
- ангионевроздық ісіну
- ұйқысыздық
- глаукома1
- жүректің ишемиялық ауруы
- жүрекшелер фибрилляциясы
- тахикардия
- пальпитация
- парадоксальді бронх түйілуі
- дисфония
- мұрынныан қан кету
- гастроэнтерит
- ауыздың құрғап кетуі
- терінің қышынуы/бөртпе
- қаңқа-бұлшықет ауыруы
- бұлшықет түйілуі
- бұлшықеттің ауыруы
- аяқ-қолдың ауыруы
- шеткері ісіну
- қажу
Сирек
- парестезия

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ұсынылатын доза ингаляторы арқылы күніне бір рет бір капсуланың ішіндегісін ингаляциялауға сәйкес келеді.
Дәрілік препаратын күнделікті бір уақытта енгізу ұсынылады.

Балаларда қолданылуы

Дәрілік препараты ӨСОА көрсетілімі бойынша балаларда (18 жасқа дейін) қолданылмайды. Ультибро™ Бризхалер® дәрілік препаратын қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі балаларда анықталмаған. Деректер жоқ.