S01XA20 Декстран 70 және Гидроксипропилметилцеллюлоза (Artificial tears and other indifferent preparations)
Қолдану көрсеткіштері
Көз беткейінің құрғауынан туындаған шымылдатып ашыту, тітіркену және жайсыздық сезімінде - көз жасы бездерінің функциясы бұзылған жағдайда көз жасын алмастырғыштар ретінде - «құрғақ» көз синдромында немесе мөлдір қабықты жұмсарту мен ылғалдауды қажет ететін кез-келген басқа бұзылуларда |
-
Клинические протоколы:
- Катаракта
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - көздің химиялық күюінің жедел фазасы - 8 жасқа дейінгі балалық жас |
Қауіпсіздік шаралары
Егер көзге тамызатын дәріні қолданғаннан кейін түстік реңдер өзгерсе немесе көз алды буалдырланса, пайдалануға болмайды. Егер ерітінді түсін өзгертсе немесе бұлыңғырланса, пайдалануға болмайды. Препаратымен емдеу кезінде емдеуші дәрігерге алдын ала қаралып алмай, көзге арналған басқа препараттарды қолдануға болмайды. Егер пациентте көздің ауыруы, қызаруы немесе тітіркенуі болса препаратты пайдалануды тоқтатып және оның жай-күйі нашарлап немесе ол 72 сағаттан астам уақыт бойы сақталса дәрігерге қаралу керек. Тамызғаннан кейін құтыны дереу және тығыз жабу қажет. Кездейсоқ жұтып қойған жағдайда, дәрігерге көрініңіз. Бензалконий хлориді Препараттың құрамында бензалконий хлориді бар, сондықтан ирит болуы мүмкін. Жұмсақ жанаспалы линзаларға қол тигізуден аулақ болу, жанаспалы линзаларды қолданар алдында алып тастау және препаратты тамызғаннан кейін кемінде 15 минут күту қажет. Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіреді. 8 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Поливинил спирті екіншілік гидроксидтер тобымен күрделі заттарға тән (күрделі эфир түзу) реакцияға түседі. Заттар күшті әсер ететін қышқылда ыдырайды және әлсіз қышқылдар мен сілтілерде жұмсарады немесе ериді. Бұл зат жоғары концентрацияланған бейорганикалық тұздармен, әсіресе сульфаттармен немесе фосфаттармен үйлесімсіз; поливинил спиртінің 5% шөгіндісінің түзілуі фосфаттармен реакциядан туындауы мүмкін. Поливинил спиртінен гельдің түзілуі бурамен реакциясынан туындауы мүмкін. Повидон ерітіндісі көптеген бейорганикалық тұздармен, табиғи және синтетикалық шайырлармен және басқа да заттармен үйлесімді. Сульфатиацилмен, салицилаттармен, фенобарбиталмен, таннинмен және басқа дәрілермен араластырғанда молекулалық қосылыс өнімін түзеді. Тиомерсалға ұқсас дәрілердің тиімділігін төмендетеді. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Жүктілік
Жүктілік кезінде әйелдерде қолданудың клиникалық деректері жоқ. Жүктілік кезінде қолдану анасы үшін пайдасы шаранаға ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайларда ғана мүмкін болады. |
Емізу
Лактация кезінде қолдану анасы үшін пайдасы шаранаға ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайларда ғана мүмкін болады. |
Жағымсыз әсерлері
Келесі жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін: - қысқа мерзімді шымылдатып ашыту сезімі - тамшы тамызғаннан кейін бірнеше минут ішінде көрудің уақытша тұрақсыздығы - қышыну, бөртпе, көз айналасындағы қызару және тітіркену сияқты жергілікті аллергиялық реакциялар болуы мүмкін - бөгде зат тұру сезімі - көздің ауыруы - мөлдір қабық эпителийі өткізгіштігінің жоғарылауы - көзден жас ағудың ұлғаюы - көзден бөлінулер - конъюнктива гиперемиясы |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Екі көзге күніне 3-4 рет 1-2 тамшыдан. Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер белгілейді. Балалар 8 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды |
Балаларда қолданылуы
Препаратты 8 жасқа дейінгі балаларда қолданудың клиникалық тәжірибесінің жоқтығын ескере отырып, препаратты осы жас тобында қолдану ұсынылмайды. |