S02CA06 Дексаметазон, Неомицин сульфаты, Полимиксин сульфаты және фенилэфрин (Dexamethasone and antiinfectives)

Қолдану көрсеткіштері

Дабыл жарғағы зақымдалмаған, шығу тегі бактериалық сыртқы отиттің жергілікті терапиясында;
- сыртқы есту жолының инфекция жұқтырылған экземасында
Мұрын қуысының, мұрын қосалқы қойнауларының қабыну және инфекциялық ауруларында:
- жедел және созылмалы ринит
- синусит.

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- аминогликозидтер тобының кез келген басқа препаратына аса жоғары сезімталдық реакциялары
- дабыл жарғағының диагноз қойылған немесе болжамды тесілуі
- герпестік және желшешекті қоса, сыртқы есту жолының вирустық инфекциялары
Препарат компоненттеріне, әсіресе парабендерге немесе аминогликозидтерге жоғары сезімталдық
- жабық бұрышты глаукомаға күдіктену
- уретропростатикалық бұзылуларға байланысты, несептің шығарылуының іркілуіне күдіктену
- белдемелі теміреткі, желшешек, герпес сияқты инфекциялардың мұрынға орнығуы
- тамыр тарылтатын дәрінің альфа-симпатомиметикалық белсенділігіне байланысты инсульт туындауына ықпал етуі мүмкін анамнездегі инсульт немесе қауіп факторлары
- ауыр немесе нашар теңестірілген артериялық гипертензия,
- ауыр коронарлық жеткіліксіздік
- анамнездегі құрысулар
- қатерлі болуы мүмкін пароксизмальді гипертензия және гипертермия қаупіне байланысты қайтымсыз селективті емес МАО тежегіштерімен үйлесімде
- альфа-симпатомиметиктермен (оральді және/немесе назальді) және жанама симпатомиметиктермен, вазоконстрикция және/ немесе гипертониялық кризис қаупіне байланысты
- жүктілік және лактация кезеңі
- 15 жасқа дейінгі балалар

Қауіпсіздік шаралары

Емдеуді бастамас бұрын, дабыл жарғағының жай-күйін зерттеу керек. Дабыл жарғағының перфорациясы кезінде препараттың ортаңғы құлақ құрылымдарымен жанасу және отоуыттылықтың қайтымсыз жағымсыз әсерлерінің (кереңдік, тепе-теңдіктің бұзылуы) пайда болу қаупіне байланысты препаратты қолдануға жол берілмейді.
Бактерияға қарсы препараттарды жергілікті қолдану әсер етуші заттарға сенсибилизацияның дамуына ықпал етеді және жүйелі реакцияларға әкелуі мүмкін.
Жүйелік әсерлерін жоққа шығаруға болмайтындықтан, әсіресе құлақ қалқанының зақымдануы жағдайында, препаратты миастения сияқты белгілі немесе күдігі бар жүйке-бұлшықет ауруларынан емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.
Аминогликозидтер жүйке-бұлшықет қызметіне потенциалды әсер етуіне байланысты бұлшықет әлсіздігін арттыруы мүмкін. Полимиксин В сульфаты жүйке-бұлшықет берілуіне де кедергі келтіруі мүмкін.
Кортикостероидтың болуы антибиотикке аллергиялық реакцияның пайда болуына кедергі бола алмайды, бірақ оның клиникалық көрінісін өзгерте алады.
Тері бөртпесінің немесе басқа жергілікті немесе жүйелі аллергиялық реакциялардың белгілері пайда болған кезде препаратты қолдануды дереу тоқтату қажет.
Спортшыларды осы дәрілік препараттың құрамында допинг-бақылау кезінде оң реакция бере алатын белсенді зат (дексаметазон) бар екендігі туралы хабардар ету керек.
Ерітіндіні жұтпаңыз, инъекция түрінде қолдануға болмайды.
Қолдану кезінде инфекция жұқтыру қаупін азайту үшін тамшылатқыштың шетіне құлағыңыз бен саусақтарыңызды тигізуден аулақ болыңыз. Препарат жергілікті қолдануға арналған кез келген басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Егер 10 күндік емдеу курсынан кейін симптомдары жойылмаса, пациент дәрігерге аурудың диагнозы мен емдеу стратегиясын қайта қаратуы тиіс.
Жұтпау керек.
Қайтару симптомы және ятрогендік риниттің даму қаупіне байланысты ұзақ уақыт кезеңі бойы пайдалануға болмайды.
Қайталау және/немесе ұзақ инстилляциялар белсенді ингредиенттердің елеулі жүйелі өтуіне әкелуі мүмкін.
Кортикостероидтың бар болуы жергілікті аллергиялық реакциялардың алдын ала алмайды, бірақ олардың клиникалық көрінісін өзгертуі мүмкін.
Тиісті жалпы клиникалық симптомдар бар болған кезде жүйелік емдеу курсы қарастырылуы тиіс.
Баллонды ашқаннан кейін, әсіресе мұрынға арналған препаратты бірінші қолданғаннан соң микробпен ластануы болуы мүмкін.
Фенилэфрин болуына байланысты
- дозасын, емдеу ұзақтығы мен қолдануға болмайтын жағдайларын қатаң сақтау қажет
- артериялық гипертензия, тахикардия, жүректің қағуы немесе жүрек ырғағының бұзылуы, жүрек айнуы немесе кез келген неврологиялық белгілер (бас ауыруының пайда болуы немесе өршуі сияқты) туындаған кезде емдеуді тоқтату қажет екендігі пациенттерге айтылуы керек
- артериялық гипертензия, жүрек аурулары, гипертиреоз, психоз немесе диабет жағдайында баламалы түрде емдеу мониторингі күшейтілуі тиіс
- вазоконстрикция және/немесе гипертониялық кризис қаупіне байланысты, оның жанамалы симпатомиметикалық белсенділігіне қатысты бұл дәріні мынадай дәрілермен қабылдау ұсынылмайды:
линезолид және метилен көкті қоса, қайтымды селективті МАО-А тежегіштерімен, дофаминергиялық немесе вазоконстрикторлық типті эргоалкалоидтармен
- жүйелік вазоконстриктор енгізгеннен кейін неврологиялық құрысулар, елестеулер, мінез-құлық бұзылыстары, ажитация, ұйқысыздық, әсіресе қызба көріністері немесе артық дозалану кезінде балаларда жиі байқалған. Сондықтан бұл емдеуді терпен туындылары, клобутинол, атропиндік заттар, жергілікті анестетиктер сияқты ұстама шегін төмендететін препараттармен үйлесімде немесе анамнездегі құрысулар жағдайында тағайындамау керек
- барлық жағдайларда ұсынылатын дозаны сақтау және пациентке құрамында вазоконстриктор бар басқа препараттармен үйлесімдегі артық дозалану қаупі туралы ақпарат берілуі керек.
Спортшылардың назарына: препараттың құрамында дексаметазон бар, ол допингке қарсы тестілерде оң нәтиже туындатуы мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Құрамында кобицистат бар препараттарды қоса, CYP3A тежегіштерімен бірге қолдану жүйелік жағымсыз әсерлердің даму қаупін арттыратыны күтіледі. Пайдасы кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлерінің дамуының жоғары қаупінен астам болатын жағдайларды қоспағанда, осы біріктірілімнен аулақ болу керек. Көрсетілген біріктірілімді қолдану қажет болған жағдайда пациенттер кортикостероидтардың болжамды жүйелік әсерлері тұрғысынан медициналық бақылауда болуы тиіс.
Құрамында фенилэфриннің болуына байланысты дәрілердің өзара әрекеттесуі
Біріктіруге ұсынылмайтын препараттар:
Дофаминергиялық немесе вазоконстрикторлық типті эргоалкалоидтер Вазоконстрикция және/немесе гипертониялық кризис қаупі.
Қайтымды селективті МАО-А тежегіштері, линезолид және метиленді көкті қоса
Вазоконстрикция және/немесе гипертониялық кризис қаупі.
Бір мезгілде қолданған кезде сақтықты қажет ететін препараттарды біріктіру:
Ұшқыш галогенделген анестетиктер
Периоперациялық гипертониялық кризис. Жоспарланған араласу жағдайында емдеуді операцияға дейін бірнеше күн бұрын тоқтатқан дұрыс.
Құрамында дексаметазон болуына байланысты дәрілермен өзара әрекеттесуі
Біріктіруге ұсынылмайтын препараттар:
Ацетилсалицил қышқылы
Ацетилсалицил қышқылының қабынуға қарсы дозаларымен (≥ 1 мг 1 қабылдауға және/немесе күніне ≥ 3 г) қан кету қаупінің жоғарылауы.
Қолданған кезде сақтықты қажет ететін біріктірулер
Аминоглутетимид
Дексаметазон тиімділігінің бауырда оның метаболизмінің ұлғаюы есебінен төмендеуі. Дексаметазонның дозасын түзету керек
Пируэттік қарыншалық тахикардияны тудыратын дәрілік заттар.
Пируэтті қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық аритмия қаупінің жоғарылауы. Қанда калий деңгейін бақылау қажет.
Басқа гипокалиемиялық дәрілер (тек гипокалиемиялық диуретиктер немесе біріктірілген, стимуляциялайтын іш жүргізгіштер, IV амфотерицин B, глюкокортикоидтар және тетракозактид)
Аддитивті әсеріне байланысты гипокалиемия қаупінің жоғарылауы. Гипокалиемия жүрек ырғағының бұзылуы (әсіресе пируэтті қарыншалық тахикардия) туындауының итермелеуші себепшарты болып табылады және және кейбір дәрілердің уыттылығын жоғарылатады. Қандағы калий деңгейін бақылап отыру қажет.
Оймақгүл туындылары
Гипокалиемия оймақгүл туындыларының уыттық әсеріне ықпал етеді. Қандағы калий деңгейін бақылап отыру қажет.
Құрысуға қарсы ферменттік индукторлар
Плазмадағы кортикостероидтар деңгейі мен тиімділігінің олардың бауырдағы метаболизмінің артуына байланысты төмендеуі. Аддисонизммен зардап шегетін және трансплантация жағдайында гидрокортизон қабылдаған адамдарда зардабы өте маңызды (немесе елеулі). Емдеу кезінде және ферментативті индукторды алып тастағаннан кейін клиникалық-биологиялық мониторинг, кортикостероидтар дозасын түзету қажет.
Празиквантел
Плазмада празиквантел концентрациясының дексаметазонға байланысты бауырда оның метаболизмін арттыру арқылы емдеуден бас тарту қаупімен төмендеуі. Екі препаратты қабылдаудағы жылжуы аптадан кем емес.
Ескерілуі тиіс біріктірулер
Гипертензияға қарсы дәрілер
Гипертензияға қарсы әсерінің (кортикостероидтар туындатқан су және натрийді ұстап тұру) төмендеуі.
Ритонавир, итраконазол, кетоконазол, нелфинавир, позаконазол, телитромицин, вориконазол жоғарылататын кларитромицин, эритромицин, протеаза тежегіштері
Плазмада дексаметазон концентрациясының ферментті тежеу арқылы оның бауырдағы метаболизмін азайтып, Кушинг синдромының туындау қаупімен жоғарылауы.
Ацетилсалицил қышқылы
Антипиретиктер немесе анальгетиктер 1 қабылдауға ≥ 500 мг және/немесе күніне < 3 мг дозалары кезінде қан кету қаупінің жоғарылауы.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар
Ойық жара түзілуі және асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы.
Фторхинолондар
Тендинит немесе тіпті сіңір үзілуінің даму қаупі, әсіресе кортикостероидтармен ұзақ ем қабылдайтын пациенттерде жоғарылауы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Жүктілік

Клиникалық деректер немесе жануарларды зерттеу туралы ақпарат жоқ.
Дабыл жарғағының бұзылуы болмаған кезде жүйелік сіңірілуінің ықтималдығы аз.
Препаратты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.

Емізу

Клиникалық деректер немесе жануарларды зерттеу туралы ақпарат жоқ.
Дабыл жарғағының бұзылуы болмаған кезде жүйелік сіңірілуінің ықтималдығы аз.
Препарат емшек сүтіне енуі мүмкін деп болжанады. Оның балаға әсері белгісіз. Препаратты бала емізетін әйелдерге қабылдауға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Резистентті микроорганизмдер дамуы;
- зеңдік инфекциялар;
- антибиотиктерге (неомицин, полимиксин В) аллергиялық реакциялары және сенсибилизациясы, бұл кейін тектес антибиотиктерді қолдануды қиындатуы мүмкін;
- көрудің бұлыңғырлануы;
- дабыл жарғағының тұтастығы бұзылуы жағдайында вестибулярлық немесе кохлеарлық отоуыттылық;
- жергілікті реакциялар (тітіркену)
Сирек
жергілікті реакциялар:
- мұрынның құрғау синдромы;
- аллергиялық реакциялардың терілік біліністері.
Өте сирек
жалпы реакциялар: ұзақ уақыт немесе жоғары дозаларда қолданғанда:
- бас ауыру, ұйқысыздық;
- артериялық қысымның жоғарылауы, жүрек соғуының жиілеуі;
- діріл, терінің бозаруы;
- антибиотиктерді жүйелі қолданудан препараттың құрамына кіретін антибиотиктерге жергілікті немесе жүйелік аса жоғары сезімталдық және сенсибилизация.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Тамызатын дәріні құлақтың есту жолына таңертең және кешке тамызады.
Ересектерге 1-5 тамшы ерітіндіні зақымдалған құлаққа тәулігіне 2 рет.
Емдеу курсының ұзақтығы 7 күнді құрайды.
Ересектерге: әрбір танауға тәулігіне 3-5 рет бір бүрку керек.
Емдеу ұзақтығы 5 күн.
Құтыны тік ұстаңыз, басты артқа қарай шалқайтыңыз және бүрку үшін тетікті басыңыз.

Балаларда қолданылуы

Балаларға (жасына қарай) 1-2 тамшы ерітіндіні зақымдалған құлаққа тәулігіне 2 рет.
15 жастан асқан балаларға: әрбір танауға тәулігіне 3 рет бір бүрку керек.