V08AB09 Йодиксанол (Iodixanol)

Қолдану көрсеткіштері

Йодиксанолды диагностикалық мақсатта ғана пайдаланады.
Ересектер:
270 мг йод/мл:
– стандартты церебральді ангиография
– стандартты шеткері ангиография
– абдоминальді ангиография (артерия ішіне дигитальді субтракциялық ангиография)
– флебография
– урография
– компьютерлік томография
– бел, кеуде және мойын аймақтарындағы миелография
– артрография және гистеросальпингография (ГСГ)
320 мг йод/мл:
– кардиоангиография
– стандартты церебральді ангиография
– стандартты шеткері ангиография
– урография
– томография
– бел, кеуде және мойын аймақтарындағы миелография
– асқазан-ішек жолын тексеру
Балалар:
– урография
– кардиоангиография
– компьютерлік томография
– асқазан-ішек жолын тексеру.
    Клинические протоколы:
  1. Острая почечная недостаточность (острое почечное повреждение)

Қарсы көрсеткіштері

әсер етуші затқа (заттарға) немесе 6.1 бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- айқын тиреотоксикоз

Қауіпсіздік шаралары

Парентеральді түрде енгізуге арналған басқа да препараттар сияқты, йодиксанол ерітіндісі пайдаланар алдында онда ерімеген бөлшектердің бар-жоқтығын, түсінің өзгерген-өзгермегенін және қаптамасының бүтіндігін көзбен қарап тексерілуі тиіс.
Препарат шприцке тура пайдаланар алдында құйып алынуы тиіс. Препараттың пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы керек.
Йодиксанол ерітіндісін басқа дәрілік заттармен араластырмаған жөн (бөлек шприцті және инені пайдалану қажет).

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Қалқанша без. Құрамында йоды бар барлық контрастылы заттар қалқанша без функциясын талдау нәтижелеріне ықпалын тигізуі мүмкін және темірдің йодпен байланысу қабілеті бірнеше апта бойы төмендеуі мүмкін.
Зертханалық тестілер. Тексеру күнінде билирубинге, ақуыздарға және темір, мыс, кальций, фосфаттар сияқты бейорганикалық және басқа заттарға талдаулар жүргізбеу керек, өйткені қан сарысуындағы және несептегі контрастылы заттардың жоғары концентрациясы нәтижелерге ықпалын тигізуі мүмкін.
Бүйрек функциясы. Құрамында йоды бар контрастылы заттарды енгізу бүйрек функциясының уақытша бұзылуымен қатар жүруі мүмкін, бұл метформин қабылдап жүрген, қант диабеті бар пациенттерде сүт қышқылды ацидоздың дамуын өршітуі мүмкін.
Интерлейкин-2. Құрамында йоды бар контрастылы заттарды енгізуден 2 аптадан азырақ бұрын интерлейкин-2 қабылдаған пациенттерде кейіннен туындайтын реакциялардың (тұмау тәріздес симптомдар немесе тері реакциялары) даму қаупі жоғары болады.
Бета-блокаторлар. Бета-блокаторларды қолдану рентгенконтрастылы ортаға анафилактоидтық реакциялардың туындауына қауіп факторы болып табылатынына дәлелдемелер бар (бета-блокаторлармен емдегенде және рентгенконтрастылы ортаны пайдаланғанда ауыр гипотензия байқалды).

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек және бауыр функциясының біріккен жеткіліксіздігі бар пациенттерге контрастылы заттарды енгізген кезде ерекше сақтық қажет етіледі, өйткені оларда осы препараттардың клиренсі едәуір төмендеуі мүмкін. Гемодиализде жүрген пациенттер рентгенографиялық тексеру жүргізу үшін контрастылы заттарды алуына болады.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бүйрек және бауыр функциясының біріккен жеткіліксіздігі бар пациенттерге контрастылы заттарды енгізген кезде ерекше сақтық қажет етіледі, өйткені оларда осы препараттардың клиренсі едәуір төмендеуі мүмкін.

Жүктілік

Йодиксанол ерітінділерін жүкті әйелдерде қолданудың қауіпсіздігі зерттелмеген.
Жануарлардағы зерттеулер ұрпақ өрбіту функциясына, эмбрионның және шарананың дамуына, жүктілік ағымына және ұрпақтың пери- және постнатальді дамуына тікелей немесе жанама жағымсыз ықпалын анықтаған жоқ. Жүктілік кезінде мүмкіндігінше сәулелену әсеріне жол бермеу керек болғандықтан, контрастылы заттарды қолданып немесе онсыз рентгенографияның пайдасын ықтимал қаупімен мұқият салыстырған жөн. Препаратты жүктілік кезінде, егер пайдасы қаупінен басым болса, қолдануға болады. Жүктілік кезінде анасы құрамында йоды бар контрастылы заттарды қолданғаннан кейін жаңа туған нәрестелердің өмірінің алғашқы аптасы кезінде қалқанша без функциясын тексеру қажет.
Қалқанша безді қайталап тексеру, әсіресе салмағы төмен жаңа туған нәрестелерде және шала туған нәрестелерде, өмірінің алғашқы 2-6 аптасында ұсынылады.

Емізу

Контрастылы препараттар адамның емшек сүтіне нашар бөлініп шығады және өте аз мөлшері ішек арқылы сіңеді. Емшек емізуді, егер құрамында йоды бар контрастылы препараттарды анасы қолданса, жалғастыруға болады.

Жағымсыз әсерлері

Қантамыр ішіне енгізу
Қан және лимфалық жүйелер тарапынан бұзылулар
Белгісіз: тромбоцитопения
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі емес: аса жоғары сезімталдық
Белгісіз: анафилактоидтық реакция, анафилаксиялық шок
Эндокриндік бұзылулар
Белгісіз: тиреотоксикоз, өтпелі гипотиреоз
Психикалық бұзылулар
Өте сирек: қозу, мазасыздық
Белгісіз: сананың шатасуы
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес: бас ауыру
Сирек: бас айналу, сенсорлық бұзылулар, дәмнің бұзылуын, парестезияны, иіс сезу бұзылуларын қоса
Өте сирек: ми қан айналымының жедел бұзылуы, естен тану, тремор, аса жоғары сезімталдық
Белгісіз: кома, қимыл-қозғалыс дисфункциясы, сананың бұзылуы, құрысулар, өтпелі энцефалопатия (елестеулерді, амнезияны, салдануды, парезді, афазияны, дизартрияны қоса)
Көру тарапынан бұзылулар
Өте сирек: өтпелі кортикальді соқырлық, көрудің бұзылуы (көздің бұлдырауын қоса), қабақтардың ісінуі
Кардиологиялық бұзылулар
Сирек: аритмия (соның ішінде брадикардия, тахикардия), миокард инфрактісі
Өте сирек: жүректің тоқтап қалуы, жүрек қағуы
Белгісіз: жүрек жеткіліксіздігі, қарыншалық гипокинезия, коронарлық артериялардың түйілуі, жүректің ишемиялық ауруы, жүректің және тыныс алудың тоқтап қалуы, мінез-құлықтың бұзылуы, коронарлық тромбоз, кеуде ангинасы
Қантамырлық бұзылулар
Жиі емес: гиперемия
Сирек: артериялық гипотензия
Өте сирек: артериялық гипертензия, ишемия
Белгісіз: артериялық түйілу, тромбоз, тромбофлебит, шок
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысының ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар
Сирек: жөтел, түшкіру
Өте сирек: ентігу, тамақтың тітіркенуі, көмейдің ісінуі
Белгісіз: өкпенің ісінуі, тыныстың тоқтап қалуы, тыныс алу қызметінің бұзылуы, бронх түйілуі
Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес: жүректің айнуы, құсу
Өте сирек: іштің ауыруы/жайсыздығы, диарея
Белгісіз: жедел панкреатит, созылмалы панкреатиттің өршуі, сілекей бездерінің ұлғаюы.
Терінің және теріасты жүйелерінің бұзылулары
Жиі емес: бөртпе, қышыну, есекжем
Сирек: эритема
Өте сирек: ангионевроздық ісіну, қатты тершеңдік
Белгісіз: буллезді дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, полиморфты эритема, уытты эпидермальді некролиз, жайылған жедел экзантематозды пустулез, эозинофилиямен және жүйелік көріністермен қатар жүретін дәрілік тері реакциясы, дәрілік бөртпе, аллергиялық дерматит, терінің қабыршақтануы
Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар
Өте сирек: бұлшықет, дәнекер тін және қаңқа аурулары, арқаның ауыруы, бұлшықет түйілуі
Белгісіз: артралгия
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Өте сирек: бүйрек функциясының бұзылуы, бүйректің жедел жеткіліксіздігін, уытты нефропатияны қоса
Белгісіз: қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
Жалпы бұзылулар және инъекция жасалған жердегі реакциялар
Жиі емес: ыстықты сезіну, кеуде қуысының ауыруы
Сирек: ауыру, жайсыздық, қалтырау, пирексия, енгізген жердегі реакция, соның ішінде экстравазация
Өте сирек: астениялық жағдайлар (мысалы, дімкәстік, қажығыштық), беттің ісінуі, жергілікті ісіну
Белгісіз: домбығу
Жарақаттар, уланулар және емшаралардан асқынулар:
Белгісіз: йодизм
Интратекальді енгізу
Рентгенконтрастылы заттарды интратекальді түрде енгізгенде инъекциядан кейін бірнеше сағаттан немесе бірнеше күннен соң кейінге қалған жағымсыз құбылыстар дамуы мүмкін. Жағымсыз құбылыстардың жиілігі люмбальді пункция жүргізгеннен кейінгіге ұқсас.
Басқа иондық емес рентгенконтрастылы заттарды қолданғанда көз қарығуы мен менингизм және химиялық менингит симптомдары бар менингеальді қабықтардың тітіркену жағдайлары байқалды. Салданудың, инфекциялық менингиттің даму ықтималдылығын да ескерген жөн.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Белгісіз: аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық/ анафилактоидтық реакцияларды қоса
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес: ауыр және ұзаққа созылуы мүмкін бас ауыру
Белгісіз: бас айналу, өтпелі энцефалопатия, амнезияны, елестеулерді, сананың шатасуын, салдануды, Белл салдануын, бағдарсыздықты, афазияны, сөйлеу қиындықтарын қоса
Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес: құсу
Белгісіз: жүректің айнуы
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар
Белгісіз: бұлшықет түйілуі
Жалпы бұзылулар және инъекция орнындағы реакциялар
Белгісіз: тремор, инъекция жасалған жердің ауыруы
Гистеросальпингография (ГСГ):
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Белгісіз: аса жоғары сезімталдық
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі: бас ауыру
Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі: іштің ауыруы
Жиі: жүректің айнуы
Белгісіз: құсу
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар
Өте жиі: қынаптық қан кету
Жалпы бұзылулар және инъекция жасалған жердегі реакциялар
Жиі: пирексия
Белгісіз: қалтырау, енгізілген жердің ауыруы
Артрография:
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Белгісіз: аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық/анафилактоидтық реакцияларды қоса
Жалпы бұзылулар және инъекция жасалған жердегі реакциялар
Жиі: енгізілген жердің ауыруы
Белгісі: қалтырау
АІЖ зерттеу:
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Белгісіз: аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық/анафилактоидтық реакцияларды қоса
Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі: диарея, іштің ауыруы, жүректің айнуы
Жиі емес: құсу
Жалпы бұзылулар және инъекция жасалған жердегі реакциялар
Белгісіз: қалтырау

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Көрсетілімі/тексеру Концентрациясы Көлемі
Іріктелген церебральді 270/320(1) мг йод/мл 5-10 мл/инъекция
Аортография 270/320 мг йод/мл 40-60 мл/инъекция
Шеткері 270/320 мг йод/мл 30-60 мл/инъекция
Іріктелген висцеральді а/і ДСА 270 мг йод/мл 10-40 мл/инъекция
Сол жақ қарынша және қолқа түбі 320 мг йод/мл 30-60 мл/инъекция
Іріктелген коронарография 320 мг йод/мл 4-8 мл/инъекция
Балалар 270/320 мг йод/мл Жасына, дене салмағына және патологиясына байланысты (ең жоғары жалпы көлемі 10 мл/кг-ден көп емес)
Артрография 270 мг йод/мл 1-15 мл
Гистеросальпингография (ГСГ) 270 мг йод/мл 5-10 мл
Ұсынылатын доза бірнеше есеге артуы мүмкін, мысалы, қынапқа кері құйылғанда (40 мл-ге дейінгі доза қолданылды)
Флебография 270 мг йод/мл 50-150 мл/аяқ-қол
КТ-де күшеюі
Бастың КТ (ересектер) 270/320 мг йод/мл 50-150 мл
Дененің КТ (ересектер) 270/320 мг йод/мл 75-150 мл
Бастың және дененің КТ (балалар) 270/320 мг йод/мл 2-3 мл/кг 50 мл-ге дейін (жекелеген жағдайларда нәрестеге 150 мл дейін енгізуге болады)
Люмбальді және торакальді миелография (люмбальді инъекция) 270 мг йод/мл немесе 320 мг йод/мл 10-12 мл(3) 10 мл(3) интратекальді енгізу
Цервикальді миелография (цервикальді немесе люмбальді инъекция) 270 мг йод/мл немесе 10-12 мл(3) 320 мг йод/мл 10 мл(3) интратекальді енгізу
Урография
Ересектер 270/320 мг йод/мл 40-80 мл(2)
Балалар (дене салмағы <7 кг) 270/320 мг йод/мл 2-4 мл/кг
Балалар (дене салмағы >7 кг) 270/320 мг йод/мл 2-3 мл/кг
Барлық дозалар жасқа, дене салмағына және патологияға байланысты
(ең жоғары доза 50 мл)
Асқазан-ішек жолын зерттеу
Пероральді:
АІЖ бойынша пассажды бағалау 320 мг йод/мл 80-200 мл дозалар
Өңеш 320 мг йод/мл 10-200 мл дозалар
Асқазан 320 мг йод/мл 20-200 мл дозалар
Балалар 270/320 мг йод/мл 5 мл/кг дене салмағы,
10-240 мл дозалар
Ректальді:
Балалар 270/320 мг йод/мл 30-400 мл дозалар








Балаларда қолданылуы

Шала туған балаларға контрасты заттарды енгізгеннен кейін өтпелі гипотиреоздың даму мүмкіндігі туралы білу керек. Жаңа туған нәрестелерде қалқанша безінің функциясын жүктілік кезінде анасына құрамында йод бар контрасты заттарды тағайындағаннан кейін өмірінің бірінші аптасында тексеру қажет. Қалқанша безінің функциясын қайталап тексеру 2-ші және 6-шы апталарда, әсіресе салмағы төмен жаңа туған нәрестелерде немесе шала туған нәрестелерде ұсынылады.