
Амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың тізбесі жаңартылды
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне өзгерістер енгізді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 46 бұйрығымен 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгерістер енгізілді.Осы өзгерістер аясында екі жаңа дәрілік зат енгізілді:
- Амисульприд тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК)тізбесінде психикалық ауруларды емдеуге арналған;
- Периндоприл диуретиктермен артериялық гипертензия кезінде ересектер мен балаларға арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) тізбесіне енгізілген.
Бұйрықтың ресми мәтінімен ресми жарияланғаннан кейін «Әділет» құқықтық интернет-порталында танысуға болады.