2026 жылғы 03 ақпандағы ҚР ДСМ Формулярлық комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссияcының құрамын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28 бұйрығымен бекітілген формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларының 7-тармағына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің формулярлық комиссиясы туралы ережесінің 6, 10-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің міндетін атқарушы министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 215 бекітілген бұйрығымен БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 478 «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің формулярлық комиссиясының құрамын бекіту және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарын күшін жою туралы» бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің формулярлық комиссиясының көрсетілген бұйрықпен бекітілген құрамына енгізілсін:
Пирматова Меруерт Уалихановна - ҚР ДСМ Медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету басқарма басшысы;
Нүрпеисова Алтын Алданышқызы - Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы, Клиникалық фармакология бөлімінің меңгерушісі;
көрсетілген құрамнан Бегалиева Г.Т., Юхнеевич Е.А.шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмек саясат департаменті осы бұйрық бекітілген күннен бастап бір күнтізбелік күн ішінде министрліктің интернет-ресурсында орналастыруы тиіс.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Әлназарова