16.11.2026 жылғы ҚР ДСМ Формулярлық комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссияcының құрамын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28 бұйрығымен бекітілген Формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларының 7-тармағына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің міндетін атқарушы министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 215 бекітілген бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің формулярлық комиссиясы туралы ережесінің 6, 7 және 10-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініңФормулярлық комиссиясының құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті осы бұйрық бекітілген күннен бастап оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында күнтізбелік бір күн ішінде орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Әлназарова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамы
| Асылбеков Нұрлыбек Әбибұллаұлы | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Формулярлық комиссия төрағасы; |
| Жүсіпов Бауыржан Әлішерұлы | - | Министрліктің Фармация комитетінің төрағасы, Формулярлық комиссия төрағасының орынбасары; |
| Әбенова Мөлдір Ахметжанқызы | - | Министрліктің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК Дәрілік саясатты жетілдіру департаментінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың формулярлық жүйесін дамыту және кәсіптік сараптама басқармасының бас маманы, хатшы*; |
| Әділхан Жандос Қойшыбайұлы | - | Министрліктің Фармация комитеті төрағасының орынбасары; |
| Хусаинова Іңкәр Теміржанқызы | - | Министрліктің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық көмек басқармасының басшысы; |
| Жүсіпова Гүлзира Кенжеқызы | - | Министрліктің Фармация комитеті Дәрілік саясат және баға белгілеу басқармасының басшысы; |
| Шонаева Елена Геннадьевна | - | Министрліктің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті директорының орынбасары; |
| Макалкина Лариса Геннадиевна | - | м.ғ.к., PhD, «Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті» КеАҚ Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі; |
| Смағұлова Ғазиза Әжмағиқызы | - | «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Фармакология және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі; |
| Ожмұхамбетова Эльвира Келгенбайқызы | - | Министрліктің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК Госпитальдық фармация және дәрілік қамтамасыз ету департаментінің басшысы, «Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығы» РҚБ өкілі, Министрліктің бас штаттан тыс клиникалық фармакологы; |
| Алдиярова Нұргүл Тілеубайқызы | - | қауымдастырылған профессор, «Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің қауымдастығы» РҚБ вице-президенті; |
| Қинаятов Аслан Қинаятұлы | - | Министрліктің Фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры; |
| Нұрпейісова Алтын Алданышқызы | - | Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Ауруханасының клиникалық-фармакологиялық бөлімінің меңгерушісі; |
| Қыпшақбаев Рафаиль Көпбосынұлы | - | м.ғ.к., MBA, Каспий университеті Халықаралық медицина мектебінің қауымдастырылған профессоры; |
| Ясылов Ермек Аманғазыұлы | - | «Алқалы Кеңес» корпоративтік қорының президенті, «Еуразиялық медициналық қауымдастық» ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары; |
| Бейсен Майра Боранбайқызы | - | Министрліктің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының орынбасары. |
* комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды