B01AB02 Антитромбин III (Antithrombin III )
Қолдану көрсеткіштері
| Тұқым қуалайтын антитромбин жеткіліксіздігі: - клиникалық қауіп жағдайларында (әсіресе хирургиялық араласулар немесе перинаталдық кезеңде) терең веноздық тромбоздың және тромбоэмболияның алдын алу, қажет болған жағдайда гепаринмен бірге; - терең веноздық тромбозды және тромбоэмболияны емдеу, қажет болған жағдайда гепаринмен бірге; Жүре пайда болған антитромбин жеткіліксіздігі, жасанды қанайналым аппараты қосылып жасалған операцияны өткерген пациенттерде антитромбин деңгейінің төмендігімен байланысты гепаринге резистенттілік салдарынан дамыған. |
-
Клинические протоколы:
- Эмболия и тромбоз аорты и артерий
Қарсы көрсеткіштері
| Препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық |
Қауіпсіздік шаралары
| Жүре пайда болған антитромбин жеткіліксіздігі жағдайында антитромбинді тек коагулопатияны емдеу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен қолдану керек. Кез келген ақуыздық табиғаты бар препараттарды көктамыр ішіне енгізгендегідей, аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін, сондықтан көктамыр ішіне енгізу кезеңінің барлығында пациенттерді мұқият бақылау қажет. Пациенттерді крапивница, кеуде қуысының қысылуы, тыныс алудың қиындауы, гипотензия және анафилаксия сияқты жоғары сезімталдық реакцияларының ерте белгілері жөнінде хабардар ету керек. Препарат енгізілгеннен кейін осы симптомдар пайда болған жағдайда пациент дәрігерге қаралуы тиіс. Шок дамыған жағдайда стандартты шокқа қарсы ем қолданылады. Адам қаны немесе плазмасынан дайындалатын медициналық препараттарды қолданғанда инфекция қоздырғыштарын жұқтырудың алдын алуға бағытталған стандартты шараларға донорларды іріктеу, донор қанының жеке порциялары мен плазма пулдарын инфекциялық маркерлерге тексеру, сондай-ақ өндіру үдерісінде вирустарды инактивтендіру/жоюдың тиімді әдістерін қолдану жатады. Соған қарамастан, адам қаны немесе плазмасынан дайындалатын дәрілік препараттарды қолданғанда инфекция қоздырғыштарын жұқтыру ықтималдығын толықтай жоққа шығаруға болмайды. Бұл белгісіз вирустар мен басқа да патогендерге де қатысты. Қолданылатын шаралар қабықшалы вирустарға (АИТВ, В гепатиті вирусы және С гепатиті вирусы), сондай-ақ қабықшасы жоқ А гепатиті вирусына (АГВ) қатысты тиімді деп есептеледі. Бұл шаралар қабықшасы жоқ В19 парвовирусына қатысты шектеулі тиімділікке ие. В19 парвовирусы тудыратын инфекциялар жүкті әйелдер үшін (ұрықты жұқтыру), сондай-ақ иммунитет тапшылығы бар немесе эритропоэзі жоғарылаған (мысалы, гемолитикалық анемия) адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін. Адам плазмасынан дайындалған антитромбин концентратын жүйелі/қайталама түрде қабылдайтын пациенттерге гепатит А және В-ге қарсы екпе егу қажет. Атенатив енгізілгенде пациенттің аты-жөнін және препараттың серия нөмірін тіркеу пациент пен серия арасындағы байланысты қадағалау үшін қатаң түрде ұсынылады. Гепаринмен бірге антитромбин III енгізгенде клиникалық және биологиялық бақылау жүргізу қажет: - антитромбин III енгізуді бастағаннан кейін, әсіресе емдеудің алғашқы минуттары/сағаттарында гепарин дозасын таңдау және шамадан тыс гипокоагуляцияны болдырмау үшін қанның ұю дәрежесін (АЧТВ және сәйкес anti-FXa белсенділігін) жиі тексеру керек; - фракцияланбаған гепаринмен ұзақ емдеу барысында антитромбин III деңгейінің төмендеу қаупіне байланысты жеке дозаны таңдау үшін антитромбин деңгейін тәулігіне бір рет өлшеу ұсынылады. Натрий мөлшері Препараттың бір құтысында 36 мг (500 ХБ) немесе 72 мг (1000 ХБ) натрий бар, бұл ДДСҰ ұсынған тәуліктік 2 г натрий тұтынудың тиісінше 1,8% немесе 3,6%-ына сәйкес келеді. Тұзсыз диета ұстайтын адамдарға тағайындағанда сақ болу қажет. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Гепарин: антитромбинмен орын толтырушы ем гепариннің терапевтикалық дозаларымен емдеу кезеңінде қан кету қаупін арттырады. Антитромбиннің әсері гепаринмен айқын күшейеді. Антитромбин метаболизмінің күшеюіне байланысты гепаринмен бір мезгілде енгізгенде антитромбиннің жартылай шығарылу кезеңі едәуір қысқаруы мүмкін. Сондықтан, қан кету қаупі жоғары пациентке гепарин мен антитромбинді бір мезгілде енгізу клиникалық және биологиялық бақылауды, сондай-ақ мұқият мониторингті талап етеді. Атенативті басқа дәрілік препараттармен араластырмау керек. Сұйылтқаннан кейін Атенативті натрий хлориді ерітіндісімен (9 мг/мл) немесе глюкоза ерітіндісімен (50 мг/мл) қайтадан араластыруға болады. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Ақпарат қолжетімсіз |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Ақпарат қолжетімсіз |
Жүктілік
| Адам антитромбины препараттарын жүкті әйелдерде қолданудың қауіпсіздігі туралы тәжірибе шектеулі. Антитромбин тұқым қуалайтын антитромбин жеткіліксіздігі бар жүкті және бала емізетін әйелдерде тек абсолюттік көрсетілімдер болған жағдайда ғана қолданылуы тиіс, бұл ретте осы пациенттерде тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупі жоғары екенін ескеру қажет. |
Емізу
| Адам антитромбины препараттарын жүкті әйелдерде қолданудың қауіпсіздігі туралы тәжірибе шектеулі. Антитромбин тұқым қуалайтын антитромбин жеткіліксіздігі бар жүкті және бала емізетін әйелдерде тек абсолюттік көрсетілімдер болған жағдайда ғана қолданылуы тиіс, бұл ретте осы пациенттерде тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупі жоғары екенін ескеру қажет. |
Жағымсыз әсерлері
| - тілдің, беттің немесе жұтқыншақтың ісінуі; - жұтынудың қиындауы; - есекжем және тыныс алудың қиындауы; - кеуде қуысының қысылу сезімі; - артериялық қысымның төмендеуі. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Тұқым қуалайтын жеткіліксіздік жағдайында дозаны әр пациент үшін жеке таңдау қажет, тромбоэмболиялық құбылыстар бойынша отбасылық анамнезді, клиникалық қауіп факторларын және ағымдағы зертханалық көрсеткіштерді ескере отырып. Жүре пайда болған жеткіліксіздік жағдайында орын толтырушы емнің дозасы мен ұзақтығы плазмадағы антитромбин деңгейіне, антитромбиннің жоғары тұтынылу белгілерінің болуына, бастапқы ауруға және клиникалық жағдайдың ауырлығына байланысты. Дозаны және енгізу жиілігін клиникалық тиімділік пен зертханалық көрсеткіштерге негіздей отырып анықтау қажет. Енгізілетін антитромбин бірліктерінің саны антитромбиннің ДДСҰ ағымдағы стандартымен байланысты Халықаралық бірліктермен (ХБ) көрсетіледі. Плазмадағы антитромбин белсенділігі қалыпты адам плазмасымен салыстырғанда пайызбен немесе плазмадағы антитромбинге арналған халықаралық стандартқа сәйкес халықаралық бірліктермен көрсетіледі. Бір Халықаралық бірлік (ХБ) антитромбин белсенділігі бір мл қалыпты адам плазмасындағы антитромбин мөлшеріне эквивалентті. Қажетті антитромбин дозасын есептеу 1 Халықаралық бірлік (ХБ) антитромбиннің дене салмағының 1 кг-на плазмадағы антитромбин белсенділігін шамамен 1%-ға (0,01 ХБ/мл) арттыратыны туралы эмпирикалық бақылауларға негізделген. Бастапқы дозаны келесі формула бойынша анықтайды: Қажетті бірлік саны = дене салмағы (кг) × (қажетті деңгей – өлшенген антитромбин белсенділігі [%]) × 1 Бастапқы қажетті антитромбин белсенділігі клиникалық жағдайға байланысты. Антитромбин орын толтырушы терапия ретінде қолданылғанда, доза қажетті антитромбин белсенділігіне қол жеткізу және тиімді деңгейді сақтау үшін жеткілікті болуы тиіс. Дозаны антитромбин белсенділігін зертханалық бақылауға негіздей отырып анықтау және бақылау қажет, ол пациенттің жағдайы толық тұрақтанғанға дейін тәулігіне кем дегенде екі рет, кейін тәулігіне бір рет, мүмкіндігінше келесі көктамырішілік енгізудің алдында өлшенуі тиіс. Дозаны түзеткенде антитромбиннің айналымдағы деңгейінің лабораториялық бақылауға сәйкес артуын және клиникалық жағдайын ескеру қажет. Антитромбин белсенділігі емдеу кезеңінің барлығында клиникалық деректер басқа тиімді деңгейді көрсетпесе, 80%-дан жоғары деңгейде ұсталып тұруы тиіс. Тұқым қуалайтын жеткіліксіздік кезінде әдеттегі бастапқы доза дене салмағының әр кг-на 30–50 ХБ құрайды. Осылайша, дозаны, енгізу арасындағы интервалды және емдеу ұзақтығын биологиялық деректер мен клиникалық жағдайға сәйкес түзету қажет. |
Балаларда қолданылуы
| Клиникалық зерттеулердің деректері және шала туған балаларды балалар респираторлық дистресс-синдромы (IRDS) бойынша бекітілмеген көрсетіліммен антитромбин III арқылы емдеуге қатысты жүйелі шолулар антитромбин III қолданудың дәлелденген оң әсері болмаған жағдайда бассүйекішілік қан кету мен өлімнің жоғары қаупін көрсетеді. |