L01FD04 Трастузумаб дерукстекан (Trastuzumab deruxtecan)
Қолдану көрсеткіштері
| Сүт безінің обыры HER2-оң сүт безінің обыры Препараты бұрын анти-HER2 препараттар негізіндегі бір немесе бірнеше емдеу сызбасын алған операция жасалмайтын немесе метастаздық HER2-оң сүт безінің обыры бар ересек пациенттерді емдеу үшін монотерапия ретінде көрсетілген. HER2-әлсіз оң сүт безінің обыры және HER2 аса төмен экспрессиясы бар сүт безінің обыры Препараты ересек пациенттердегі операция жасалмайтын немесе метастазданатын • метастаздық ауру кезінде, кем дегенде, гормонмен емнің бір желісін алған және гормонмен ем келесі емдеу желісі ретінде қарастырылмайтын HER2-әлсіз оң статусы (ИГХ 1+ немесе ИГХ 2+/ISH-) немесе HER2 аса төмен экспрессиясы (ИГХ 0 жарғақшалық боялуымен) бар гормон-рецепторы оң (HR+) сүт безінің обырын • метастаздық ауру себебімен бұрын химиялық ем алған немесе адъювантты химиялық ем кезінде немесе ол аяқталған соң 6 ай ішінде аурудың қайталануы дамыған HER2-әлсіз оң сүт безінің обырын (ИГХ 1+ немесе ИГХ 2+/ISH-) емдеу үшін монотерапия ретінде көрсетілген. Өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры (ӨҰЖО) Препараты ісіктерінің HER2 (ERBB2) белсендіргіш мутациясымен жайылған ӨҰЖО бар және иммундық еммен бірге немесе онсыз платина негізіндегі химиялық емнен кейін жүйелік ем қажет болатын ересек пациенттерді емдеу үшін монотерапия ретінде көрсетілген. Асқазан обыры Препараты бұрын трастузумаб негізіндегі емдеу сызбасын қолданған асқазан немесе гастроэзофагеальді жалғамның HER2-оң аденокарциномасы бар ересек пациенттерді емдеу үшін монотерапия ретінде көрсетілген. |
Қарсы көрсеткіштері
| белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық |
Қауіпсіздік шаралары
| Препараты
тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады. Келесі жағдайларда препаратты
қолданар алдында және емдеу кезінде дәрігермен кеңесу керек: - жөтел, ентігу, қызба немесе тыныс алуға қатысты басқа жаңа немесе нашарлауға алып келетін кінәраттар пайда болғанда. Бұл өкпенің интерстициялық ауруы деп аталатын күрделі немесе өлім қаупі зор өкпе ауруының симптомдары болуы мүмкін. Анамнездегі өкпе аурулары немесе бүйрек кінәраттары өкпенің интерстициялық ауруының даму қаупін арттыруы мүмкін. - қалтырау, қызба, ауыздағы ойық жаралар, іштің ауыруы немесе несеп шығару кезіндегі ауырсыну. Бұл нейтрофилдер деп аталатын ақ қан жасушалары санының азаюы тудырған инфекция симптомдары болуы мүмкін. - пайда болған немесе күшейе түсетін ентігу, жөтел, шаршау, тобықтың немесе аяқтың ісінуі, жүректің жүйесіз соғуы, кенеттен салмақтың артуы, бас айналу немесе естен тану. Бұл жүрек жұмысының бұзылу симптомдары (сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясының төмендеуі) болуы мүмкін. - бауыр функциясы бұзылуының болуы. Бұл жағдайда емдеуші дәрігерге аталған препаратпен ем барысында пациенттің бауырын мұқият қадағалап отыруға кеңес беріледі. - қандай да бір басқа дәрілік препараттарды таяуда қабылдау, қазіргі уақытта қабылдау немесе қабылдауды жоспарлау. - жүктілік, жүктілікке күмән болуы, анықталған жүктілік немесе жүктілікке қатысты жоспарлардың болуы. Өз емдеуші дәрігеріңізге дереу хабарлаңыз. - Препаратымен емделу кезінде және соңғы дозасынан кейін, кем дегенде, 7 ай бойы бала емізуге тыйым салынған. Бұл препаратының ана сүтіне өту-өтпеуі белгісіз екенімен байланысты. - Препаратымен емделу кезінде жүкті болып қалмас үшін тиімді контрацепция құралдарын (ұрықтануға қарсы дәрілер) пайдалану қажет. Препаратын қабылдап жүрген әйелдер препаратының соңғы дозасын қабылдаудан кейін, кем дегенде, 7 ай бойы контрацепцияны жалғастыруы тиіс. Жұптасы бала көтеріп қалуы мүмкін препаратын қабылдап жүрген ерлерге емдеу кезінде де, препаратының соңғы дозасын қабылдаудан кейін, кем дегенде, 4 ай бойы да тиімді контрацепция әдістерін пайдалану керек. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Препаратын ритонавирмен, OATP1B, CYP3A және P-gp тежегіштерімен немесе CYP3A және P-gp қуатты тежегіші – итраконазолмен бірге қолдану трастузумаб дерукстекан немесе босап шыққан топоизомераза I DXd тежегіші экспозициясының клиникалық мәнді (шамамен 10-20%) ұлғаюына алып келмеді. Трастузумаб дерукстеканды CYP3A немесе OATP1B немесе P-gp изоферментін тасымалдаушылардың тежегіштері болып табылатын дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану кезінде дозаны түзету қажет емес. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек функциясының жеңіл (креатинин клиренсі (КК) ≥ 60 және < 90 мл/мин) немесе орташа (КК ≥ 30 және < 60 мл/мин) дәрежедегі бұзылуы бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде препаратты қолдану жөніндегі деректер болмағандықтан, бүйрек жеткіліксіздігі ауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы пациенттерде дозаны түзетудің ықтималды қажеттілігін анықтау мүмкін емес. Бүйрек функциясының орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде 1 немесе 2 дәрежедегі ӨИА/пневмонит туындауы жиірек білінді, бұл емдеуді тоқтату жиілігінің артуына алып келді. Препаратын 6.4 мг/кг дозада қабылдаған бүйрек функциясының бастапқы деңгейдегі орташа бұзылуы бар пациенттерде, бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, күрделі жағымсыз реакциялардың өте жоғары жиілігі байқалды. Бүйректің орташа немесе ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігімен бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерді, ӨИА/пневмонитті қоса, жағымсыз реакциялар тұрғысынан мұқият қадағалау керек. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейіне байланыссыз, жалпы билирубин қалыптың жоғары шегінен (ҚЖШ) 1.5 есе жоғары пациенттерде дозаны түзету қажет емес. АСТ мәніне байланыссыз, жалпы билирубин қалыптың жоғары шегінен 1.5 есе асып кететін пациенттерде дозаны түзетудің ықтималды қажеттілігін, деректердің жеткіліксіздігіне орай, анықтау мүмкін емес; сондықтан осындай пациенттерді мұқият қадағалау қажет болады. |
Жүктілік
| Препаратын жүкті әйелдерге тағайындау ұсынылмайды, пациент әйелдерде жүктілікті жоспарлау алдында шарана үшін ықтималды қауіптерден хабардар болуы тиіс. Жүкті болып қалған жағдайда әйел дереу дәрігерге қаралуы тиіс. Егер жүктілік препаратымен емдеу кезінде немесе соңғы дозасын енгізуден кейін 7 ай ішінде басталса, мұқият қадағалау ұсынылады. |
Емізу
| Трастузумаб дерукстеканның емшек сүтімен бөліну-бөлінбеуі белгісіз. Адам IgG ана сүтіне секрецияланады, сондықтан сәбиде оның сіңірілуінің және күрделі жағымсыз реакцияларының ықтималдығы белгісіз. Осыған байланысты, әйелдерге препаратымен емделу кезінде немесе соңғы дозасын енгізуден кейін 7 ай бойы бала емізуге болмайды. Бала емізуді тоқтату немесе емдеуді тоқтату шешімін сәби үшін емшек сүтімен қоректенудің пайдасы мен ана үшін препаратымен емделудің пайдасын ескере отырып, қабылдау керек. |
Жағымсыз әсерлері
| 5.4 мг/кг препаратына жағымсыз реакциялар Өте жиі - жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы (тұмау, тұмау тәрізді аурулар, назофарингит, фарингит, синусит, ринит, ларингит және жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларын қоса) - анемия (анемия, гемоглобин деңгейінің төмендеуін, эритроциттер санының төмендеуін және гематокрит төмендеуін қоса), нейтропения (нейтропения және нейтрофилдер санының төмендеуін қоса), тромбоцитопения (отромбоцитопения және тромбоциттер санының төмендеуін қоса), лейкопения (лейкопения және лейкоциттер санының төмендеуін қоса) - гипокалиемия (гипокалиемия және қандағы калий деңгейінің төмендеуін қоса), тәбет төмендеуі - бас ауыру (бас ауыру, синустық бас ауыру және бас сақинасын қоса) - өкпенің интерстициялық ауруы (жедел тыныс алу жеткіліксіздігін, альвеолит, бронхоэктаз, аурудың үдеуін, аса жоғары сезімтал пневмонит, идиопатиялық интерстициялық пневмония, өкпенің интерстициялық ауруын, төменгі тыныс жолдарының инфекциясын, өкпенің зақымдануын, өкпе инфильтрациясын, өкпенің бұлыңғырлануын, лимфангит, ұйымдасқан пневмония, пневмония, бактериялық пневмония, зеңдік пневмония, пневмонит, өкпе фиброзы, өкпенің жаңа түзілімдерін қоса), жөтел - жүрек айну, құсу, іш қату, диарея, іштің ауыруы (іштің жайсыздануын, асқазан-ішек жолының ауырсынуынн, іштің ауыруын, іштің төменгі бөлімінің ауыруын және іштің жоғарғы бөлімінің ауыруын қоса), стоматит (стоматит, афтозды ойық жара, ауыз қуысының ойық жаралануын, ауыз қуысы шырышты қабығының эрозиясы мен ауыз қуысы шырышты қабығының бөртпесін қоса), диспепсия - трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы (трансаминазалар деңгейінің жоғарылауын, аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауын, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауын, гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауын, бауыр функциясының бұзылуын, бауырдың функционалдық сынамалар мәндерінің ауытқуын, бауырдың функционалдық сынамалар мәндерінің артуын және гипертрансаминаземияны қоса) - алопеция - қаңқа-бұлшықет ауыруы (арқаның ауыруын, миалгия, аяқ-қол ауыруын, қаңқа-бұлшықет ауыруын, бұлшықеттердің түйілуін, сүйектердің ауыруын, мойын ауыруын, кеудедегі қаңқа-бұлшықет ауырсынуын және аяқ-қол жайсыздануын қоса) - қажу (астения, қалжырау, дімкәстану және сылбырлықты қоса), қызба - лықсыту фракциясының төмендеуі (СҚЛФ төмендеуінің зертханалық көрсеткіштерін және/немесе лықсыту фракциясының ұтымды мерзімдерінің азаюын, жүрек жеткіліксіздігін, жедел жүрек жеткіліксіздігін, жүректің созылмалы жеткіліксіздігін, жүректің іркілісті жеткіліксіздігін және сол жақ қарынша дисфункциясын қоса), дене салмағының төмендеуі Жиі - пневмония - лимфопения (лимфопения мен лимфоциттер санының төмендеуі), фебрильді нейтропения, панцитопения - сусыздану - бас айналу, дисгевзия - көздің құрғауы, бұлыңғыр көру (анық көрмеу және көрудің бұзылуын қоса) - ентігу, мұрыннан қан кету - іштің кебуі, гастрит, метеоризм - бөртпе (бөртпе, пустулезді бөртпе, макула-папулезді бөртпе, папулезді бөртпе, макулярлы бөртпе және қышытатын бөртпені қоса), қышыну, терінің гиперпигментациясы (терінің гиперпигментациясын, тері түсінің өзгеруін және пигментацияның бұзылуын қоса) - шеткері ісіну - қандағы сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы (қандағы билирубиннің жоғарылауын, гипербилирубинемия, қандағы конъюгацияланған билирубин деңгейінің жоғарылауы мен конъюгацияланбаған билирубин деңгейінің жоғарылауын қоса), қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы - инфузиямен байланысты реакциялар (инфузиямен байланысты реакциялар мен аса жоғары сезімталдықты қоса) 6.4 мг/кг препаратына жағымсыз реакциялар Өте жиі - пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы (тұмау, тұмау тәрізді аурулар, назофарингит, фарингит, синусит, ринит, ларингит және жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясын қоса ) - анемия (анемия, гемоглобин деңгейінің төмендеуін және эритроциттер санының төмендеуін қоса), нейтропения (нейтропенияның және нейтрофилдер санының төмендеуін қоса), тромбоцитопения (тромбоцитопенияны және тромбоциттер санының төмендеуін қоса), лейкопения (лейкопения және лейкоциттер санының төмендеуін қоса), лимфопения (лимфопения және лимфоциттер санының төмендеуін қоса) - гипокалиемия (гипокалиемия және қандағы калий деңгейінің төмендеуін қоса), тәбет төмендеуі - бас ауыру (бас ауыру мен бас сақинасын қоса), дисгевзия - өкпенің интерстициялық ауруы (пневмонит, өкпенің интерстициялық ауруын, ұйымдасқан пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігін, өкпенің күңгірттенуін, пневмония мен сәулелік пневмонитті қоса), ентігу, жөтел - жүрек айну, құсу, диарея, іш қату, іштің ауыруы (іштің жайсыздануын, асқазан-ішек жолының ауырсынуын, іштің ауыруын, іштің төменгі бөлімінің ауыруын және іштің жоғарғы бөлімінің ауыруын қоса), стоматит - трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы (трансаминазалар деңгейінің жоғарылауын, аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауын, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауын, гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауын, бауыр функциясының бұзылуын, бауырдың функционалдық сынамалар мәндерінің ауытқуын, бауырдың функционалдық сынамалар мәндерінің артуын және гипертрансаминаземияны қоса) - алопеция - қаңқа-бұлшықет ауыруы (арқаның ауыруын, миалгия, аяқ-қол ауыруын, қаңқа-бұлшықет ауыруын, бұлшықеттердің түйілуін, сүйектердің ауыруын, мойын ауыруын, кеудедегі қаңқа-бұлшықет ауырсынуын және аяқ-қол жайсыздануын қоса) - қажу (астения, қалжырау, дімкәстану және сылбырлықты қоса), қызба, шеткері ісіну - лықсыту фракциясының төмендеуі (СҚЛФ төмендеуінің зертханалық көрсеткіштерін және/немесе лықсыту фракциясының ұтымды мерзімдерінің азаюын және сол жақ қарынша дисфункциясын қоса), дене салмағының төмендеуі Жиі - фебрильді нейтропения, панцитопения - сусыздану - бас айналу - көздің құрғауы, бұлыңғыр көру (анық көрмеу мен көру бұзылуын қоса) - мұрыннан қан кету - диспепсия, іштің кебуі, гастрит, метеоризм - бөртпе (бөртпе, пустулезді бөртпе, макула-папулезді бөртпе және қышытатын бөртпені қоса), қышыну, терінің гиперпигментациясы (терінің гиперпигментациясын және пигментацияның бұзылуын қоса) - қандағы сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы (қанда билирубин жоғарылауын, гипербилирубинемия, конъюгацияланған билирубин деңгейінің жоғарылауын қоса), қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы - инфузиямен байланысты реакциялар (инфузиямен байланысты реакциялары мен аса жоғары сезімталдықты қоса) |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Сүт безінің обыры Препаратының ұсынылатын дозасы аурудың үдеуіне немесе қолайсыз уыттылық дамуына дейін әр 3 апта сайын (21-күндік цикл) бір рет вена ішіне инфузия түрінде енгізілетін дене салмағына 5.4 мг/кг құрайды. ӨҰЖО Препаратының ұсынылатын дозасы аурудың үдеуіне немесе қолайсыз уыттылық дамуына дейін әр 3 апта сайын (21-күндік цикл) бір рет вена ішіне инфузия түрінде енгізілетін дене салмағына 5.4 мг/кг құрайды. Асқазан обыры Препаратының ұсынылатын дозасы аурудың үдеуіне немесе қолайсыз уыттылық дамуына дейін әр 3 апта сайын (21-күндік цикл) бір рет вена ішіне инфузия түрінде енгізілетін дене салмағына 6.4 мг/кг құрайды. Препаратты бірінші енгізу 90 минутқа созылатын вена ішіне инфузиялау түрінде жүзеге асуы тиіс. Егер алдыңғы инфузияның жағымдылығы жақсы болса, препаратының келесі дозаларын 30-минуттық инфузия түрінде енгізуге болады. Егер пациентте инфузиямен байланысты симптомдар дамыса, препаратын инфузиялау жылдамдығын төмендету немесе препаратты енгізуді үзу керек. Ауыр инфузиялық реакциялар дамыған жағдайда препаратын қолдануды толық тоқтату керек. Премедикация Препаратының кейін білінетін жүрек айну және/немесе құсуды қамтитын эметогенді әсері бар. Препаратының әр дозасын енгізер алдында химиялық емнен болатын жүрек айну мен құсуды болдырмау үшін екі немесе үш дәрілік препараттың (мысалы, дексаметазон 5-НТ3 рецепторының антагонисімен және/немесе NK1 рецепторының антагонисімен, сондай-ақ көрсетілімдер бойынша басқа дәрілік препараттардың) біріктірілген режимінің көмегімен премедикация жасау керек. Препараты вена ішіне қолдануға арналған. Концентрат дайындау • Лиофилизатты еріту тура сұйылту алдында орындалу қажет. • Толық дозаны алу үшін бір құтыдан көбірек қажет болуы мүмкін. Дозаны (мг), препаратының қажетті концентратының жалпы көлемін және препараты құтыларының қажетті санын есептеу керек. • 100 мг дозадағы әр құтының ішіндегісін еріту үшін инъекцияға арналған 5 мл стерильді суды стерильді шприцпен әр құтыға 20 мг/мл соңғы концентрация алынғанша баяу енгізеді. • Құтыны толық ерігенше абайлап араластырады. Сілкуге болмайды! • Микробиологиялық тұрғыдан алғанда, препаратты дереу пайдалану керек. Дереу пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, оның химиялық және физикалық тұрақтылығы 2 ºC және 8 ºC аралығындағы температурада 48 сағатқа дейін сақталғанда көріністелді. Ерігеннен кейін препаратын 2 ºC-ден 8 ºC-ге дейінгі температурада тоңазытқышта жарықтан қорғалған жерде сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. • Қалпына келтірілген өнім құрамында консерванттар жоқ және тек бір рет қолдануға арналған. |
Балаларда қолданылуы
| Препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларда анықталмаған. Деректер жоқ. |