B03BA01 Цианокобаламин¹ (Cyanocobalamin)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде витамин B12 тапшылығын емдеу үшін қолданылуы:
Тағаммен витамин B12 жеткіліксіз түскенде, ұзақ уақыт теңгерімсіз тамақтанғанда (мысалы, қатаң вегетариандық диета кезінде);
Сіңірілуінің бұзылуы салдарынан: мальабсорбция синдромында (ішкі фактордың жеткіліксіз өндірісіне байланысты), асқазан-ішек жолы шырышты қабығының атрофиясында, кейбір дәрілік препараттарды қолданғанда (мысалы, протондық помпа ингибиторлары, Н2-гистамин рецепторларының блокаторлары, метформин), мықын ішектің терминалды бөлімінің ауруларында (мысалы, целиакия), «соқыр ілмек» синдромында, гастрэктомиядан немесе асқазан шунттау операциясынан кейін;
Гиперхромды мегалобласты макроцитарлы анемияда, пернициозды анемияда және макроцитарлы анемияның басқа түрлерінде.
    Клинические протоколы:
  1. Ранний сифилис
  2. Заболевания белого вещества головного мозга
  3. Гемолитическая анемия у детей
  4. Белково-энергетическая недостаточность у детей
  5. Болезнь Помпе
  6. Мукополисахаридозы у детей
  7. Гидроцефалия
  8. Диабетическая нейропатия (дистальная симметричная полинейропатия)
  9. Поражение лицевого нерва (Невропатия лицевого нерва)
  10. Прогрессирующая мышечная дистрофия Дюшенна/Беккера
  11. Хроническая интоксикация фосфором и его соединениями
  12. Хроническая интоксикация свинцом
  13. Атопический дерматит у детей
  14. Псориаз
  15. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися кахексией, астенией
  16. Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
  17. Послеожоговые рубцовые стриктуры пищевода
  18. Хронический гастрит
  19. Целиакия у детей
  20. Цирроз печени у взрослых
  21. Криз отторжения почечного трансплантата
  22. Нейрогенная дисфункция мочевого пузыря
  23. Хроническая трансплантационная нефропатия
  24. Болезнь Гиршпрунга у детей
  25. Анемия беременных
  26. Рак желудка
  27. Рак пищевода
  28. Рак мочевого пузыря
  29. Гепатоцеллюлярная карцинома
  30. Рак шейки матки
  31. Рак предстательной железы
  32. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  33. Рак поджелудочной железы
  34. Злокачественные новообразования прямой кишки
  35. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  36. Злокачественные опухоли гортаноглотки
  37. Злокачественные новообразования слюнных желез
  38. Рак вульвы
  39. Злокачественные новообразования гортани
  40. Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
  41. Злокачественные новообразования ротоглотки
  42. Злокачественные новообразования носоглотки
  43. Злокачественные новообразования полости рта
  44. Опухоли средостения
  45. Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
  46. Злокачественные неоплазии тела матки
  47. Пограничные и злокачественные опухоли кости
  48. Саркомы мягких тканей
  49. Рак губы
  50. Рак легкого
  51. Спинальные мышечные атрофии у детей

Қарсы көрсеткіштері

Қолдануға болмайтын жағдайлар:
Цианокобаламинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық;
Темекі шегу немесе алкоголь қолдану салдарынан көру қабілетінің бұзылуы
(темекі-алкогольдік амблиопия) немесе пернициозды анемияға байланысты көру нервінің қабынуы (ретробульбарлық неврит);
Көру нервінің дегенерациясы;
Цианидті детоксикациялауды талап ететін жағдайлар
(мұндай жағдайда кобаламиннің басқа туындыларын қолдану қажет).

Қауіпсіздік шаралары

Витамин B12 тапшылығын гематологиялық және неврологиялық белгілермен емдеген кезде терапияның тиімділігін мұқият бақылау қажет. Емді бастағаннан кейін 7 күн өткен соң ауру симптомдарын бағалау, ретикулоциттерді есептей отырып, жалпы қан талдауын жүргізу және эритроциттердің орташа көлемін бақылау ұсынылады. Одан әрі бірінші 3 ай ішінде бақылау әр 4 апта сайын, ал емді дұрыс қабылдаған жағдайда — әр 6–12 ай сайын жүргізіледі. Егер емді қабылдау тәртібін бұзу күдігі болса, бақылауды жиілету немесе дозаны/енгізу жолын өзгерту қажет болуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде витамин B12 ағзада жиналуы мүмкін, сондықтан оның деңгейін үнемі тексеріп, емдеуді соған сәйкес түзету қажет.
Витамин B12 фолий қышқылының жетіспеушілігімен ғана байланысты мегалобластық анемияны емдеуге қолданылмайды. Егер екі тапшылық қатар болса, фолий қышқылын да бірге тағайындау қажет.
Цианокобаламин тұқым қуалайтын көру нервінің атрофиясы (Лебер ауруы) бар пациенттерге қарсы көрсетілген, себебі аурудың үдеуін жеделдетуі мүмкін.
Препарат құрамында лактоза мен сахароза бар. Галактоза немесе фруктоза алмасуының сирек кездесетін бұзылыстары, сондай-ақ белгілі ферменттердің тапшылығы бар пациенттер бұл препаратты қолданбауы тиіс.
Препараттың құрамында натрий өте аз мөлшерде (іс жүзінде жоқ).

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Витамин B12-нің сіңірілуі протонды помпа тежегіштерін (мысалы, омепразол), H2-гистамин рецепторларының блокаторларын (мысалы, циметидин), колхицинді, аминогликозидтерді (мысалы, неомицин), аминосалицил қышқылын, эпилепсияға қарсы препараттарды, калий тұздарын, метилдопаны қолданғанда, сондай-ақ алкоголь қабылдағанда бұзылуы мүмкін.
Пероральды контрацептивтер, метформин және кейбір антипсихотикалық дәрілер (оланзапин, рисперидон) қан сарысуындағы витамин B12 деңгейін төмендетуі мүмкін.
Хлорамфеникол анемия кезінде витамин B12-нің әсерін әлсіретуі мүмкін.
Азот тотығының ұзақ әсері витамин B12-нің функционалды тапшылығын тудыруы және қан сарысуындағы витамин деңгейі қалыпты болса да, ауыр неврологиялық жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Жүктілік

Жүктілік кезінде қолдануға арналмаған.

Емізу

Тері және тері астындағы тіндер тарапынан бұзылыстар:
Сирек: есекжем, дененің үлкен бөліктерінде қышыну немесе бөртпе түрінде көрінетін ауыр гиперсезімталдық реакциялары.
Жиілігі белгісіз: безеу тәрізді бөртпе.
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы реакциялар:
Жиілігі белгісіз: дене қызуының жоғарылауы (лихорадка).

Жағымсыз әсерлері

Таблетка
Витамин B12 дозасы жеке таңдалады және тапшылық белгілерінің ауырлығына байланысты:
Айқын гематологиялық және ауыр неврологиялық көріністер кезінде
Емді витамин B12-ні парентеральды енгізуден бастайды. Жағдай тұрақтанғаннан кейін ішке қабылдауға көшеді: тәулігіне 1–2 таблетка.
Оқшауланған ауыр неврологиялық симптомдар кезінде
Терапия парентеральды түрде басталады, кейін ішке қабылдау жалғасады: тәулігіне 1–2 таблетка.
Орташа гематологиялық және/немесе неврологиялық көріністер кезінде
Тәулігіне 2 рет 2 таблетка тағайындалады, әрі қарай қолдаушы терапия: тәулігіне 1–2 таблетка.
Айқын гематологиялық немесе неврологиялық симптомдар болмаған жағдайда
Тәулігіне 2 рет 1–2 таблетка ұсынылады, кейін қолдаушы дозаға көшу: тәулігіне 1–2 таблетка.
Гастрэктомиядан кейін және витамин B12 сіңірілуінің басқа бұзылыстарында
Ұзақ уақыт бойы тәулігіне 1–2 таблетка тағайындалады.
Алиментарлық тапшылық кезінде
(мысалы, жануар тектес өнімдерді аз тұтынатын адамдарда)
Тәулігіне 1–2 таблетка.
Енгізуге арналған ерітінді (инъекция үшін)
Ерітінді бұлшықетке, теріасты, венаға және интралюмбалды түрде енгізіледі.
Дефицитті B12 витаминіне байланысты анемияларда теріасты енгізу: 0,1–0,2 мг әр 2 күнде 1 рет.
Аддисон-Бирмер анемиясы, фуникулярлы миелоз және макроцитарлы анемияларда жүйке жүйесінің зақымдануымен – алғашқы аптада күнделікті 0,5 мг және одан жоғары, кейінгі кезеңде әр 5–7 күн сайын. Осы уақытта фолий қышқылын тағайындайды.
Постгеморрагиялық және темір жетіспейтін анемияларда – 0,03–0,1 мг 2–3 рет апта сайын.
Апластикалық анемияларда балаларда және жетілмеген нәрестелерде – 0,03 мг күн сайын 15 күн бойы.
Орталық жүйке жүйесінің ауруларында (бүйірлік амиотрофиялық склероз, энцефаломиелит және т.б.) және неврологиялық аурулардағы ауырсыну синдромында – доза біртіндеп 0,2–0,5 мг дейін арттырылады; жағдай жақсарса – күніне 0,1 мг, курс 2 аптаға дейін.
Перифериялық жүйке зақымдарында – 0,2–0,4 мг әр 2 күнде 40–45 күн бойы.
Бауыр аурулары (гепатит, цирроз) – ересектер мен балаларға 0,03–0,06 мг күн сайын немесе 0,1 мг әр 2 күнде 25–40 күн бойы.
Спру, сәуле ауруы, диабеттік невропатия және басқа ауруларда – әдетте 0,06–0,1 мг күн сайын 20–30 күн бойы.
Фуникулярлы миелоз, бүйірлік амиотрофиялық склероз, рассеянған склерозда кейде омыртқа арнасына енгізу: 0,015–0,03 мг бастап, біртіндеп 0,2–0,25 мг дейін.
Балаларға (жас мөлшері аз) алиментарлы анемия және жетілмеген нәрестелерге – теріасты 30 мкг күн сайын 15 күн бойы.
Балалардағы дистрофия, Дауна синдромы және балалар церебралды параличі – теріасты 15–30 мкг әр басқа күн сайын.

Балаларда қолданылуы

6 жастан бастап балаларға. Ішке. В12 дәрумені тапшылығы: тәуліктік доза 1,0 мг дейін.Цианокобаламиннің инъекциялық түрі балаларға тағайындалмайды! В12 дәрумені тапшылығы: ішке, 1-3 қабылдауға күн сайын 50-105 мкг.6 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.