B05AA05 Декстран (Dextran)

Қолдану көрсеткіштері

шок (травматикалық, күйіктік, септикалық, кардиогендік, анафилактикалық)
- жасанды қанайналым аппараты қолданылатын жүрекке жасалатын операцияларда (перфузиялық сұйықтыққа қосу үшін)
- тромбоэмболиялық асқынулар және қан тамырларының облитерациялаушы аурулары
    Клинические протоколы:
  1. Скарлатина
  2. Герпетический стоматит у детей
  3. Энтеровирусная инфекция у детей
  4. Лихорадка Денге
  5. Болезнь, вызванная вирусом Эбола
  6. Острые вирусные гепатиты В, D и С у взрослых
  7. Цитомегаловирусная инфекция
  8. Клещевой энцефалит
  9. Корь у детей
  10. Краснуха
  11. Менингококковая инфекция
  12. Травматический шок
  13. Сибирская язва
  14. Хронический бруцеллез
  15. Эпидемический паротит у детей
  16. Геморрагический васкулит у детей
  17. Оптиконевромиелит. Болезнь Девика
  18. Токсическая энцефалопатия у детей
  19. Энцефалит у детей и взрослых
  20. Гипертензивная энцефалопатия
  21. Прогрессирующая сосудистая лейкоэнцефалопатия. Болезнь Бинсвангера
  22. Сочетанная травма у детей
  23. Переломы, захватывающие несколько областей тела, у детей
  24. Гнойно-воспалительные заболевания кисти
  25. Псориаз
  26. Острая кишечная непроходимость
  27. Острый одонтогенный остеомиелит челюсти
  28. Острый панкреатит
  29. Послеожоговые рубцовые стриктуры пищевода
  30. Переломы костей голени
  31. Системная красная волчанка (педиатрия)
  32. Хронический остеомиелит
  33. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  34. Врожденные аномалии развития половых органов
  35. Абдоминальная травма
  36. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
  37. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
  38. Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
  39. Ожоги у детей
  40. Отморожение у детей
  41. Отморожения у взрослых
  42. Перелом нижней челюсти со смещением отломков
  43. Гастродуоденальное кровотечение
  44. Рак мочевого пузыря
  45. Гепатоцеллюлярная карцинома
  46. Рак шейки матки
  47. Злокачественные опухоли гортаноглотки
  48. Злокачественные новообразования слюнных желез
  49. Рак вульвы
  50. Злокачественные новообразования гортани
  51. Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
  52. Злокачественные новообразования ротоглотки
  53. Злокачественные новообразования носоглотки
  54. Злокачественные новообразования полости рта
  55. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  56. Рак поджелудочной железы
  57. Злокачественные новообразования прямой кишки
  58. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  59. Почечно-клеточный рак

Қарсы көрсеткіштері

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- декомпенсацияланған жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі
- фруктозо-1,6-дифосфатаза тапшылығы
- бас миының ішкі қысымы жоғарылаған бассүйек-ми жарақаттары
- өкпенің ісінуі
- геморрагиялық инсульт
- тоқтамайтын ішкі қан кету
- гипокоагуляция
- тромбоцитопения
- артериялық гипертензия
- гематокрит деңгейі 0,3-тен төмен болған жағдайда гиперкалиемия
бүйректің органикалық ауруларына байланысты олигурия және анурия
этиологиясы белгісіз ауыр аллергиялық жай-күйлер
- гиперволемия, гипергидратация және көп мөлшерде сұйықтық енгізуге қарсы көрсетілген басқа жағдайлар
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша клиникалық деректердің жеткіліксіздігіне байланысты)
жүктілік және лактация кезеңі (қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы клиникалық деректердің болмауына байланысты)

Қауіпсіздік шаралары

Препарат тек стационар жағдайында қолданылады.
Аллергиялық реакциялар қаупіне байланысты алғашқы 10–20 мл баяу енгізіліп, пациенттің жағдайы бақылауға алынады.
Аллергиялық реакциялар пайда болғанда инфузия тоқтатылып, тиісті симптоматикалық терапия жүргізіледі (кальций хлориді, глюкоза, антигистаминдік препараттар және т.б.).
Бүйрек функциясы төмендегенде — глюкозамен бірге және көлемін шектеумен қолдану ұсынылады.
Дегидратация кезінде — натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі немесе 5% глюкоза қосылады; айқын сусыздануда алдымен сұйықтық тапшылығы толықтырылады.
Ұсынылған дозадан аспау қажет: гемодилюцияға байланысты қан кету уақытының ұзаруы және гемоглобиннің төмендеуі мүмкін.
Гемоглобин деңгейі 90 г/л-ден (гематокрит 27%) төмен түспеуі тиіс.
Үлкен көлемдерді жылдам енгізу — жедел жүрек жеткіліксіздігін және өкпе ісінуін туындатуы мүмкін.
Қанайналымның артық жүктелу қаупі бар, әсіресе жүрек жеткіліксіздігі кезінде сақтық қажет.
Декстран қанның VIII ұю факторы мен фон Виллебранд факторын төмендетуі мүмкін; тәуліктік доза 1,5 г/кг асқанда қан кету қаупі ұлғаяды. Антикоагулянттармен бірге қолданғанда — олардың дозасын азайту қажет.
Артериялық гипертензия байқалуы мүмкін — қажет болған жағдайда қарқынды терапия шаралары жүргізілуі тиіс.
10% ерітінді құрамында 1 мл-де 9 мг натрий бар, бұл натрийі шектеулі диета ұстанатын пациенттерге ескерілуі керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілік өзара әрекеттесуі
Инфузиялық енгізуге тағайындалған басқа дәрілік заттармен декстранның үйлесімділігін алдын ала тексеру қажет.
Реополиглюкинді стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен, тікелей және жанама антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану кезінде қанның тұтқырлығын бақылау қажет.
Артериялық қысымды жоғарылататын немесе диуретикалық препараттар қабылдайтын пациенттерге Реополиглюкин сақтықпен тағайындалады.
Декстан ерітіндісіне маннитол қосу — осмодиуретикалық әсер береді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес:
– аллергиялық және анафилактоидты реакциялар (тері қышынуы, бөртпе, Квинке ісінуі, артериялық қысымның төмендеуі, коллапс, олигоурия).
Сирек:
– қан айналымы мен тыныс алудың бұзылыстары;
– жедел бүйрек жеткіліксіздігі;
– диурездің жоғарылауы немесе төмендеуі;
– жүрек айнуы, қалтырау, қызба;
– бас ауруы, бас айналу, тремор;
– енгізу орнында ауырсыну;
– флебит, веналық тромбоз;
– қан кетуге бейімділік;
– жедел бүйрек жеткіліксіздігі.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Дозалау режимі
Травмалық, күйіктік және операциялық шокпен байланысты капиллярлық қанайналым бұзылыстарын алдын алу және емдеу мақсатында реополиглюкинді көктамыр ішіне тамшылатып 200, 400, 1000 немесе 1500 мл көлемінде 30–60 минут бойы енгізеді.
Жүрек-қантамыр хирургиясында операцияға дейін көктамыр ішіне тамшылатып 10 мл/кг дозада, операция кезінде 400–500 мл және операциядан кейін 5–6 күн бойы 10 мл/кг мөлшерінде енгізіледі.
Көктамырішілік енгізу жылдамдығы көрсетілімдерге және пациенттің жағдайының ауырлығына қарай анықталады.
Жасанды қанайналым аппараты қолданылатын операцияларда препаратты қанға 10–20 мл/кг есебімен қосады.
Қолдану тәсілі
Препарат көктамыр ішіне тамшылатып енгізіледі. Процедура ұзақтығы — 15–20 минут.
Емдеу курсы — 5–10 процедура.

Балаларда қолданылуы

Деректер жоқ.