A07AA02 Нистатин (Nystatin)
Қолдану көрсеткіштері
| Препарат
ересек науқастарға қолдануға көрсетілген. - тері мен ішкі ағзалардың шырышты қабықтарының кандидозы - антибиотиктермен ұзақ емдеу кезінде саңырауқұлақтық асқынулардың алдын алу, әсіресе әлсіреген және жүдеп-шаршаған науқастарда |
-
Клинические протоколы:
- Кандидоз полости рта
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Первичные иммунодефициты с дефектом системы фагоцитоза
- Первичные иммунодефициты с дефектом системы фагоцитоза
- Тяжелый комбинированный иммунодефицит
- Эпителиальный копчиковый ход
- Острое отторжение почечного трансплантата у детей
Қарсы көрсеткіштері
| әсер
етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің жеткіліксіздігі, глюкоза -галактоза мальабсорбциясымен байланысты тұқым қуалайтын аурулар - бауыр функциясының бұзылуы, панкреатит - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы - жүктілік - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер жасы» |
Қауіпсіздік шаралары
| Мәліметтер жоқ. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Нистатинді клотримазолмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының белсенділігі төмендейді. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| деректер жоқ |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Қолдануға қарсы көрсетілген. |
Жүктілік
| Жүктілік кезінде препарат қолдануға қарсы көрсетілген. |
Емізу
| Нистатиннің емшек сүтіне өтуі туралы деректер жоқ. Асқазан-ішек жолынан нистатин өте аз мөлшерде сіңетініне қарамастан, лактация кезеңінде препаратты қолданғанда сақтық таныту қажет. |
Жағымсыз әсерлері
| нистатинді
жоғары дозада қолдану кейде диареяны, жүрек айнуды, құсуды, іштің ауруын
туындатуы мүмкін - бөртпе, оның ішінде есекжем, терінің қышуы – сирек; Стивенс–Джонсон синдромы – өте сирек; гиперсезімталдық және ангиодистрофия – жиілігі белгісіз - қалтырау, гипертермия - аллергиялық реакциялар |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Ересектерге 111,0 мг-нан (500 000 ХБ) тәулігіне 3–4 рет немесе 55,5 мг-нан (250 000 ХБ) тәулігіне 6–8 рет тағайындалады. Генерализденген кандидоз кезінде тәуліктік доза 6 000 000 ХБ-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін. |
Балаларда қолданылуы
| Препарат 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға қарсы. |