A07AA02 Нистатин (Nystatin)

Қарсы көрсеткіштері

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің жеткіліксіздігі, глюкоза
-галактоза мальабсорбциясымен байланысты тұқым қуалайтын аурулар
- бауыр функциясының бұзылуы, панкреатит
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
- жүктілік
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер жасы»

Қауіпсіздік шаралары

Мәліметтер жоқ.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Нистатинді клотримазолмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының белсенділігі төмендейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

деректер жоқ

Бауыр жеткіліксіздігі

Қолдануға қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Жүктілік кезінде препарат қолдануға қарсы көрсетілген.

Емізу

Нистатиннің емшек сүтіне өтуі туралы деректер жоқ. Асқазан-ішек жолынан нистатин өте аз мөлшерде сіңетініне қарамастан, лактация кезеңінде препаратты қолданғанда сақтық таныту қажет.

Жағымсыз әсерлері

нистатинді жоғары дозада қолдану кейде диареяны, жүрек айнуды, құсуды, іштің ауруын туындатуы мүмкін
- бөртпе, оның ішінде есекжем, терінің қышуы
– сирек;
Стивенс–Джонсон синдромы
– өте сирек;
гиперсезімталдық және ангиодистрофия
– жиілігі белгісіз
- қалтырау, гипертермия
- аллергиялық реакциялар

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектерге 111,0 мг-нан (500 000 ХБ) тәулігіне 3–4 рет немесе 55,5 мг-нан (250 000 ХБ) тәулігіне 6–8 рет тағайындалады. Генерализденген кандидоз кезінде тәуліктік доза 6 000 000 ХБ-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Балаларда қолданылуы

Препарат 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға қарсы.