A07EA06 Будесонид (Budesonide)

Қолдану көрсеткіштері

илеоцекалдық аймақта (мықын және/немесе көтерілетін тоқ ішекте) орналасқан жеңіл және орташа ауырлықтағы Крон ауруы - аутоиммундық гепатит - микроскопиялық колит
    Клинические протоколы:
  1. Болезнь Крона
  2. Аутоимунный гепатит

Қарсы көрсеткіштері

будесонидке немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық
- ішектің жергілікті инфекциялары (бактериялар, саңырауқұлақтар, амебалар, вирустар туындатқан)
- бауыр циррозы
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер жасы
- қалқанша безі патологиясы бар пациенттер
- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қарсы көрсетілген.

Қауіпсіздік шаралары

«Жұтуы қиындаған пациенттер капсуланы ашып, оның ішіндегісін жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен бірге қабылдай алады (бұл жағдайда препараттың тиімділігі төмендемейді). Препаратты кенеттен тоқтатуға болмайды. Дозаны біртіндеп азайту қажет.»

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер Жүрек гликозидтері Калий тапшылығы есебінен гликозидтің әсері күшеюі мүмкін. Диуретиктер Калийдің шығарылуы күшеюі мүмкін. Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер Цитохром P450 - CYP3A4 тежегіштері CYP3A4 тежегіштерімен, кобицистатты қамтитын өнімдерді қоса, біріктірілген ем кортикостероидтардың жүйелік жағымсыз әсерлері қаупін арттыруы мүмкін деп күтіледі. Егер пайдасы кортикостероидтардың жүйелік жағымсыз әсерлерінің жоғарылаған қаупінен басым болмаса, біріктірілген емнен аулақ болу қажет; ал мұндай ем тағайындалған жағдайда пациенттерде кортикостероидтардың жүйелік жағымсыз әсерлерін бақылау керек. Кетоконазолды тәулігіне бір рет 200 мг дозада ішу арқылы және будесонидті (3 мг бір реттік доза) бірге қабылдау будесонидтің плазмадағы концентрациясын шамамен 6 есе арттырған. Кетоконазол будесонидті қабылдағаннан кейін шамамен 12 сағат өткен соң қабылданғанда, будесонид концентрациясы шамамен 3 есе артқан. Қолда бар деректер дозалауға қатысты ұсыным беруге мүмкіндік бермейтіндіктен, бұл комбинациядан аулақ болу керек. Ритонавир, итраконазол, кларитромицин және грейпфрут шырыны сияқты басқа да күшті CYP3A4 тежегіштері будесонидтің плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін. Сондықтан оларды бір мезгілде қабылдаудан аулақ болу қажет. - CYP3A4 индукторлары Карбамазепин және рифампицин сияқты CYP3A4 индукторлары будесонидтің ішек шырышты қабығына жергілікті әсерін төмендетуі мүмкін. Будесонид дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін. - CYP3A4 субстраттары CYP3A4 арқылы метаболизденетін белсенді заттар будесонидпен бәсекелестікке түседі. Егер бәсекелес заттың CYP3A4-ке туыстығы жоғары болса, бұл будесонидтің плазмадағы концентрациясының артуына әкелуі мүмкін. Егер будесонид CYP3A4-пен берік байланысса, ол бәсекелес заттардың плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін. Сондықтан бәсекелес заттардың дозасын түзету немесе азайту қажет болуы мүмкін. Эстрогендер немесе пероральды контрацептивтерді қатар қабылдаған әйелдерде плазмадағы кортикостероид деңгейінің және олардың әсерінің жоғарылауы байқалған. Алайда бұл төмен дозалы біріктірілген пероральды контрацептивтерді қабылдаудан кейін байқалмаған. Стандартты дозада циметидин мен будесонидті бір мезгілде қабылдау будесонид фармакокинетикасына клиникалық маңызды емес, төмен әсер көрсетеді. Омепразолды бірге қабылдау будесонид фармакокинетикасына әсер етпейді. Стероидтарды байланыстыратын белсенді заттар Холестирамин және антацидтер сияқты стероидтарды байланыстыратын синтетикалық шайырлармен өзара әрекеттесуді жоққа шығаруға болмайды. Будесонидпен бір мезгілде қолданғанда бұл будесонид әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл препараттарды будесонидпен бір уақытта емес, кемінде 2 сағаттық интервалмен қабылдау қажет. Бүйрекүсті безі функциясы будесонидпен емдеу нәтижесінде басылуы мүмкін болғандықтан, гипофизарлық жеткіліксіздікті диагностикалауға арналған АКТГ-стимуляция сынамасы жалған (төмен) нәтижелер көрсетуі мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозалау бойынша арнайы ұсынымдар жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Алғашқы билиарлық цирроздың (ПБЦ) кеш сатысындағы, бауыр циррозы бар пациенттерді емдеу тәжірибесіне сүйене отырып, ауыр бауыр функциясы бұзылған барлық пациенттерде будесонидтің жүйелік биожетімділігінің жоғарылауын күту керек. Алайда бауыр циррозы жоқ бауыр ауруы бар пациенттер тәулігіне 9 мг будесонид дозасын жақсы көтереді және мұндай дозалар олар үшін қауіпсіз. Бауырдың цирроздық емес аурулары немесе бауыр функциясының жеңіл дәрежедегі бұзылыстары бар пациенттерде дозаны түзету қажет дегенге негіз жоқ.

Жүктілік

Жүктілік кезінде, егер препаратты тағайындауға маңызды себептер болмаса, оны қабылдаудан бас тарту қажет.

Емізу

Будесонид ана сүтіне өтеді (ингаляциядан кейін бөлінуі туралы деректер бар). Буденофальк препаратының терапиялық дозаларын қолданғанда емшектегі балаға әсері өте аз деп күтіледі. Емшекпен емізуді тоқтату немесе емшекпен емізуді жалғастыра отырып будесонидпен емдеуді тоқтату/жалғастыру туралы шешім бала үшін емшекпен емізудің пайдасы мен ана үшін емнің пайдасын мұқият салыстыра отырып қабылдануы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

«Жиі (≥1/100, <1/10)
- Кушинг синдромы: мысалы, ай тәрізді бет, шамадан тыс семіздік, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, қант диабеті, артериялық гипертензия, натрийдің іркілуі және ісінулер, калий экскрециясының жоғарылауы, бүйрекүсті қыртысының функциясының төмендеуі және атрофиясы, қызыл стриалар, стероидты безеулер, жыныс гормондары секрециясының бұзылуы (мысалы, аменорея, гирсутизм, импотенция)
- жұқпалы аурулардың даму қаупінің жоғарылауы
- бұлшықет және буын ауыруы, бұлшықет әлсіздігі мен құрысуы, остеопороз
- бас ауыру
- депрессия, ашушаңдық, эйфория
- аллергиялық бөртпе, петехиялар, жараның жазылуының баяулауы, жанаспалы дерматит
- диспепсия
- іштің ауыруы
Жиі емес (≥1/1 000 – <1/100)
- асқазан немесе он екі елі ішек ойық жарасы
- психомоторлық гиперактивтілік, мазасыздық
Сирек (≥1/10 000 – <1/1 000)
- глаукома, катаракта, көрудің бұлыңғырлануы
- панкреатит
- остеонекроз
- агрессия
- экхимоз
Өте сирек (<1/10 000)
- балаларда өсуінің тежелуі
- іш қату
- жалған ми ісігі, соның ішінде жасөспірімдерде көру нерві дискісінің ісінуі
- тромбоз қаупінің жоғарылауы, васкулит (ұзақ терапиядан кейінгі тоқтату синдромы)
- шаршағыштық, әлсіздік Кейде жүйелік глюкокортикостероидтарға тән жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін.
Бұл жағымсыз әсерлер дозасына, емдеу ұзақтығына, бұрынғы глюкокортикоидтық емге және жеке сезімталдыққа байланысты.
Будесонид препаратын қабылдағанда глюкокортикоидтық жағымсыз әсерлердің жиілігі преднизолонның эквивалентті пероральды дозасына қарағанда төмен.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Крон ауруы 18 жастан үлкен ересектер Ремиссияны индукциялау Ұсынылатын тәуліктік доза – таңертең бір рет үш капсула (әр капсулада 3 мг будесонид) немесе, егер пациент үшін ыңғайлы болса, тәулігіне жалпы 9 мг будесонид дозасына сәйкес таңертең, түсте және кешке 1 капсуладан күніне 3 рет. Микроскопиялық колит 18 жастан үлкен ересектер Ремиссияны индукциялау Ұсынылатын тәуліктік доза – таңертең бір рет үш капсула (тәулігіне 9 мг будесонидке сәйкес). Ремиссияны ұстап тұру Қайталанатын микроскопиялық колит симптомдары бар пациенттерде ғана демеуші терапияны бастау керек. Пациенттің жеке қажеттіліктеріне сәйкес таңертең бір рет екі капсула (6 мг будесонид) немесе таңертең бір рет екі капсула қабылдауды таңертең бір рет бір капсула қабылдаумен алмастыратын режим (орташа тәуліктік доза 4,5 мг будесонидке сәйкес) қолданылуы мүмкін. Ең төмен тиімді дозаны қолдану қажет. Аутоиммундық гепатит 18 жастан үлкен ересектер Ремиссияны индукциялау Ремиссияға қол жеткізу үшін ұсынылатын тәуліктік доза – күніне 3 рет 1 капсуладан (таңертең, түсте және кешке). Ремиссияны ұстап тұру Ремиссия кезеңіндегі ұсынылатын тәуліктік доза – күніне 2 рет 1 капсуладан (таңертең және кешке). Осы ем аясында АЛТ және/немесе АСТ көрсеткіштері жоғарыласа, дозаны тәулігіне 3 капсулаға дейін арттыру керек. Азатиопринді көтере алатын пациенттерде ремиссияға қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін азатиопринді будесонидпен біріктіре қолдану керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозалау бойынша арнайы ұсынымдар жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылыстары бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану қажет.