S01EE05 Тафлупрост (Tafluprost)
Қолдану көрсеткіштері
Ашық бұрышты глаукомасы және офтальмогипертензиясы бар пациенттерде көзішілік қысым жоғары болғанда. Келесі пациенттерге монотерапия ретінде: - құрамында консервант жоқ көзге тамызатын дәрі ұсынылған; - терапияның бірінші желісінің препараттарына жеткіліксіз реакциясы бар; - ерапияның бірінші желісіндегі препараттарға төзімсіз немесе осы препараттарға қарсы көрсетімдері бар. Бета-блокаторларға қосымша ем ретінде. |
-
Клинические протоколы:
- Первичная глаукома
- Глаукома вторичная вследствие других болезней глаз
Қарсы көрсеткіштері
Тафлупрост әсер ететін затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. |
Қауіпсіздік шаралары
Емделуді бастамас бұрын пациенттерге кірпіктің шамадан тыс өсуі, қабақ терісінің қараюы және нұрлы қабықтың жоғары пигменттелуі мүмкін екендігі туралы ескертілуі тиіс. Осы өзгерістердің кейбірі перманентті болуы және тек бір көзді емдеу кезінде көздердің сыртқы түрінде айырмашылықтар болуы мүмкін. Нұрлы қабық пигментациясының өзгеруі баяу жүреді және бірнеше ай бойы байқалмауы мүмкін. Көздің түсінің өзгеруі негізінен нұрлы қабығы аралас түсті пациенттерде байқалды, мысалы, егер көздер қоңыр-көк, сұр-қоңыр, сары-қоңыр немесе жасыл-қоңыр болса. Егер тек бір көз ғана емделсе, өмір бойы гетерохромия қаупі бар. Тафлупрост ерітіндісі тері бетімен бірнеше рет байланысатын аймақтарда шаштың өсу ықтималдығы бар. Тафлупросты неоваскулярлы, жабық бұрышты, тарбұрышты немесе туа біткен глаукома кезінде қолдану тәжірибесі жоқ. Афакиясы, пигментті немесе псевдоэксфолиативті глаукомасы бар пациенттерде тафлупросты қолданудың шектеулі тәжірибесі бар. Афакиясы, артифакиясы, көзбұршақтың артқы капсуласы немесе алдыңғы камераның көзбұршақтары зақымдалған немесе макуланың немесе ирит/увеиттің кистоидты ісінуінің даму қаупінің белгіленген факторлары бар пациенттерде тафлупростпен емдеу кезінде сақтықты сақтау ұсынылады. Ауыр демікпесі бар пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан осы топтағы пациенттерді сақтықпен емдеу керек. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен өзара әрекеттесу күтілмейді, өйткені препаратты көзге тамызғаннан кейін тафлупростың жүйелі концентрациясы өте төмен. Сондықтан тафлупростың басқа дәрілік заттармен ерекше айқаспалы өзара іс-қимылдарын зерттеу бойынша арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Клиникалық зерттеулерде тафлупрост тимололмен бір мезгілде қолданылды және бұл ретте өзара әрекеттесудің ешқандай белгілері байқалмады. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бауыр/бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге тафлупросттың әсері бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан пациенттердің осы санатын емдеуде сақ болу керек. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр/бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге тафлупросттың әсері бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан пациенттердің осы санатын емдеуде сақ болу керек. |
Жүктілік
Жүкті әйелдерде тафлупросты қолдану туралы адекватты деректер жоқ. Тафлупрост жүктілікке және/немесе шаранаға/жаңа туған балаға зиянды фармакологиялық әсер етуі мүмкін. Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивті уыттылықты көрсетті. Осыған байланысты Тафлупрост жүктілік кезінде қолдануға болмайды, бұл мүлдем қажет болған жағдайларды қоспағанда (емдеудің басқа нұсқалары болмаған жағдайда). |
Емізу
Тафлупрост және/немесе оның метаболиттерінің адамның емшек сүтіне экскрецияланатыны белгісіз. Егеуқұйрықтарға жүргізілген зерттеуде тафлупростың емшек сүтіне экскрециясы жергілікті қолданғаннан кейін анықталды . Сондықтан тафлупростты бала емізу кезінде қолдануға болмайды. |
Жағымсыз әсерлері
Жиі
(≥1/100-ден < 1/10-ға дейін) - бас ауыруы - көздің қышуы, көздің тітіркенуі, көздің ауыруы, конъюнктиваның/көздің гиперемиясы, кірпіктің өзгеруі (өсуі, қалыңдауы және санының артуы), көздің құрғауы, көздегі бөгде денені сезіну, кірпік түсінің өзгеруі, қабақ эритемасы, беткейлік нүктелі кератит, фотофобия, көзжас ағудың күшеюі, көздің көруінің нашарлауы, көру өткірлігінің төмендеуі және нұрлы қабық пигментациясының артуы. Жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін) - қабақ пигментациясы, қабақтың ісінуі, астенопия, конъюнктиваның ісінуі, көзден бөлінді бөлінуі, блефарит, көздің алдыңғы камерасының ылғалында қабыну жасушалары, көзде ыңғайсыздық сезімі, көздің алдыңғы камерасының қабынбалы гиперемиясы, конъюнктиваның пигментациясы, конъюнктиваның фолликулы, аллергиялық конъюнктивит және көзде аномалды сезім. - қабақ гипертрихозы Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес) - ирит/увеит, қабақ іркістерінің тереңдеуі, макулалық ісіну/кисталы макулалық ісіну - демікпенің асқынуы, диспноэ. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Ұсынылған доза - Тафлупрост көзге тамызатын дәрінің бір тамшысын зақымданған көздің (көздердің) конъюнктивалық қабына күніне бір рет, кешке. Дозаны қатаң түрде күніне бір рет енгізу керек, өйткені жиі қолдану көзішілік қысымның төмендеуі әсерін азайтуы мүмкін. |
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тафлупростың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Қолжетімді деректер жоқ. |