A03AD02 Дротаверин (Drotaverine)

Қолдану көрсеткіштері

• өт шығару жолдары ауруларындағы тегіс бұлшықет спазмдары: холецистолитиаз, холангиолитиаз, холецистит, перихолецистит, холангит, папиллит
• несеп шығару жолдарының тегіс бұлшықет спазмдары: нефролитиаз, уретеролитиаз, пиелит, цистит, қуықтың тенезмдері Көмекші (қосымша) терапия ретінде:
• асқазан-ішек жолының тегіс бұлшықет спазмдары: асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы, гастрит, кардия және пилорус спазмдары, энтерит, колит, спастикалық іш қату немесе метеоризммен жүретін аш ішектің тітіркену синдромы
• кернеу типіндегі бас ауруы
• гинекологиялық ауруларда: дисменорея
    Клинические протоколы:
  1. Хронический холецистит
  2. Хронический панкреатит у детей
  3. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися хроническим болевым синдромом
  4. Фебрильная нейтропения
  5. Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки без кровотечения и прободения (педиатрия)

Қарсы көрсеткіштері

• әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық
• ауыр бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі
• ауыр жүрек жеткіліксіздігі (төмен жүрек лықсуы синдромы)
• галактозаға тұқым қуалайтын төзімсіздігі, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер
• 6 жасқа дейінгі балалар жасы

Қауіпсіздік шаралары

Артериялық қысымы төмен пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Фосфодиэстераза тежегіштері (мысалы, папаверин) леводопаның антипаркинсондық әсерін төмендетеді. Дротаверин мен леводопаны бірге қолданғанда леводопаның антипаркинсондық әсері азаяды және тремор мен ригидтіліктің күшеюі байқалады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде қолдануға қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр бауыр жеткіліксіздігінде қолдануға қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Пероральды ретроспективті клиникалық зерттеулер жүктілік кезеңіне, эмбриондық дамуға, босану үдерісіне немесе постнаталдық дамуға тікелей немесе жанама жағымсыз әсерін көрсетпеген. Дегенмен препаратты жүктілік кезінде қолдану сақтықты талап етеді.

Емізу

Емшекпен қоректендіру кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

• аллергиялық реакциялар (Квинке ісінуі, есекжем, бөртпе, қышыну)
• бас ауруы, бас айналу, ұйқысыздық
• жүрек соғуының жиілеуі (жүрек қағуы)
• артериялық гипотензия
• жүрек айну, іш қату

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер
Ұсынылатын тәуліктік доза 120–240 мг, яғни 40 мг-нан 3–6 таблетка (2–3 қабылдауға бөлініп).
Балалар
Дротаверинді балаларда қолдану бойынша клиникалық зерттеулер жеткіліксіз; қолдану аса қажет болғанда:
• 6 жастан 12 жасқа дейін – ең жоғары тәуліктік доза 80 мг (40 мг-нан 2 таблетка), 2 қабылдауға бөлінеді;
• 12 жастан үлкен балалар – ең жоғары тәуліктік доза 160 мг (40 мг-нан 4 таблетка), 2–4 қабылдауға бөлінеді.
6 жасқа дейінгі балаларға қатысты деректер жоқ.

Балаларда қолданылуы

6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға қарсы көрсетілген.