D06BB03 Ацикловир (Aciclovir)
Қолдану көрсеткіштері
Иммунитеті әлсіреген пациенттерде бастапқы генитальдік герпесті жергілікті емдеу үшін және қарапайым герпес вирусы (Herpes simplex) туындатқан өмірге қауіпті емес тері-шырышты инфекциялар кезінде қолданылады. |
-
Клинические протоколы:
- Инфекции, вызванные вирусом простого герпеса у детей
- Герпетическая инфекция у взрослых
- Опоясывающий лишай (герпес Зостер). Проявления в полости рта
- Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Хронический рецидивирующий афтозный стоматит
Қарсы көрсеткіштері
Ацикловирге, валацикловирге немесе препарат құрамындағы кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық. |
Қауіпсіздік шаралары
Иммунитеті әлсіз пациенттерге (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін немесе АИТВ-инфекциясы болған кезде) қолдану ұсынылмайды және кез келген инфекцияны емдеуге қатысты дәрігермен кеңескен жөн. Препарат герпес вирусымен зақымданған жерлерге ғана жағу керек. Жақпамайдың көзге түсуінен аулақ болу керек. Жақпамай көзге тиген жағдайда жылы сумен мұқият жуып, қажет болған жағдайда дәрігермен кеңесу керек. Жақпамай жағылғанға дейін және жаққаннан кейін қолды мұқият жуып, зақымданған жерлерді қосымша жұқтырудың немесе инфекцияның таралуының алдын алу үшін зақымданған жерлерді қолмен немесе сүлгімен сүртуден аулақ болу керек. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары анықталмаған. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану керек. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану керек. |
Жүктілік
Препаратты жүктілік кезінде қолдану ана үшін болжамды пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады. |
Емізу
Ацикловир сыртқы қолдану кезінде емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз. Жергілікті қолданғаннан кейін жүйелік әсер аз болады. Кеудеде немесе кеудеге жақын белсенді герпестік зақымданулары бар емшек емізетін аналар емшек емізуден аулақ болу керек. |
Жағымсыз әсерлері
Жиі емес: - препаратты жағу учаскелерінде өтпелі қызару және ашыту - терінің аздап құрғауы немесе қабыршықтануы - қышыну. Сирек: - эритема - препараттың қосымша компоненттеріне реакциямен жиі байланысты жанаспалы дерматит. Өте сирек: - ангионевроздық ісінуді және есекжемді қоса, жедел түрдегі аса жоғары сезімталдық реакциялары. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Жақпамай терінің зақымдалған аймағына күніне 5 рет (әр 4 сағат сайын) жұқа қабатпен жағу керек. Препаратты зақымданған жерге немесе зақымдануы асқынған жерлерге, дұрысы ең ерте кезеңде (продромальді кезеңінде немесе эритемада) барынша жылдам жағу керек. Емдеу едәуір кешірек сатыларда (папула немесе күлдіреуік) басталуы мүмкін. Сыртқа қолдануға арналған. Емді белгілер мен симптомдар пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек бастау керек. Герпестік инфекцияның локализациясына байланысты емдеуді кем дегенде 4-5 күн жалғастыру керек. |
Балаларда қолданылуы
Сыртқа. Балаларға, жасына байланысты емес, 1 және 2 типті Herpes simplex вирусы туындатқан бет және ерін инфекциясы: зақымдалған тері беткейіне жұқа қабатпен күніне 5 рет, шамалы 4 сағаттық интервалмен, түнгі уақытты қоспағанда |