D07AB10 Алклометазон (Alclometasone)

Қолдану көрсеткіштері

Сыртқа қолдануға арналған май, кортикостероидтарды жергілікті қолдануына жауап беретін дерматоздарды емдеуде қолданылады.
    Клинические протоколы:
  1. Контактный аллергический дерматит
  2. Токсикодермия
  3. Атопический дерматит у детей
  4. Атопический дерматит

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе препараттың кез келген қосалқы заттарына жоғары сезімталдық;
- акне
- тері туберкулезі
- әсіресе қарапайым герпес вирусы туындатқан көптеген вирустық тері инфекциялары
- сиыр шешегі, желшешек
- периоральді дерматит
- розацеа
- терінің зеңдік және бактериялық инфекциялары.

Қауіпсіздік шаралары

Алклометазон жақпа майымен емдеу кезінде аса жоғары сезімталдық реакциясы (қышыну, күйдіру және қызару түрінде көрінетін терінің қатты тітіркенуінің туындауы) туындаған кезде емдеу дереу тоқтатылуы тиіс.
Алклометазон дипропионатын, әсіресе окклюзиялық таңғышпен, терінің ауқымды бөліктеріне ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл сіңуді жоғарылатуы және жүйелік жағымсыз құбылыстардың пайда болуын туындатуы мүмкін.
Алклометазон дипропионатын қолданғанда жүйелік жағымсыз құбылыстардың пайда болу ықтималдығы жоғары емделушілер (балалар, бауыр функциясы төмендеген емделушілер, сондай-ақ ұзақ емдеуді қажет ететін емделушілер) гипоталамды-гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесі функциясын бақылау үшін тестілеуден (несептегі бос кортизолға тест және АКТГ стимуляциясына тест) мезгіл-мезгіл өтіп тұрулары тиіс.
Глаукома немесе катаракта пайда болуы мүмкіндігімен препаратты көзге және көз айналасына қолдануға болмайды. Терінің салдарлы бактериялық және зеңдік инфекциялары пайда болғанда алклометазон дипропионатын жергілікті қолдануды тоқтату және антибактериялық немесе антимикоздық препарат қолдануды бастау қажет.
Терінің табиғи окклюзия болатын кейбір бөліктері (шап аймағы, қолтық асты, перианальді аймақ) алклометазон дипропионатымен жергілікті емдегенде стриялар пайда болуына бейімділігі жоғары дәрежеде. Препаратты мұндай бөліктерде пайдалану шектеулі болуы тиіс.
Көрудің нашарлауы туралы кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолдану кезінде хабарлануы мүмкін. Егер пациенттерде көрудің бұлыңғырлануы немесе көрудің басқа да бұзылулары сияқты симптомдар пайда болса, катарактаны, глаукоманы немесе олар туралы жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды пайдаланғаннан кейін хабарланған орталық серозды хориоретинопатия (CSCR) сияқты сирек ауруларды қамтуы мүмкін себептерді бағалау үшін офтальмологқа бағытталуы тиіс.
Жақпа майында терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін пропиленгликоль монопальмитостеараты бар.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде алклометазон ана үшін болжамды пайдасы шарана үшін ытимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда препарат қысқа мерзімді және терінің шағын бөлігінде қолданылуы тиіс.

Емізу

Дәрігердің шешімі негізінде алклометазон жақпа майын бала емізу алдында препаратты кеудеге жағуға болмайды деген ескертумен емізулі аналарда қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥1/100 және <1/10)
- қышыну, күйдіру, эритема немесе терінің құрғауы, тітіркенуі, папулезді бөртпе
Өте сирек (<1/10 000)
- акне түріндегі тері өзгерістері, гипопигментация, милиумдар, фолликулит, тері атрофиясы, стрийлер және баздану, қантамырлардың беткейлік (әсіресе беттегі) кеңеюі, гипертрихоз, аллергиялық жанаспалы дерматит, салдарлы тері инфекциясы, периоральді дерматит.
Белгісіз (жиілігі қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес):
- көрудің бұлыңғырлануы.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Зақымданған аймақты жабу үшін қажетті препараттың мөлшерін күніне 2-3 рет жұқалап жағып және теріге абайлап ысқылау керек. Аурудың ремиссиясына жеткеннен кейін алклометазон дипропионатын қолдануды тоқтату керек.
Тек сыртқа қолдану үшін. Ауыр және тұрақты дерматоздарды емдеу жағдайларын қоспағанда, окклюзиялық таңғышпен алклометазон дипропионатынның жоғары сіңуін болдырмау үшін препарат жағылған тері беткейін жабуға болмайды.

Балаларда қолданылуы

Дене салмағымен салыстырғанда тері жабындарының беткейі үлкен және балаларда терінің мүйізгекті қабаты жеткілікті жетілмеген болуынан алклометазон дипропионатының көп мөлшерінің сіңуі және жүйелік уыттылығы пайда болуы мүмкін. Осы себептен препаратты балаларға аса сақтықпен және мүмкін болатын ең қысқа мерзімге (2-3 апта)тағайындайды.