D07AC14 Метилпреднизолон ацепонаты (Methylprednisolone aceponate)
Қолдану көрсеткіштері
Конституциялық экзема (атопиялық дерматитте, нейродермитте); - вульгарлы экземада - жанаспалы экземада (аллергиялық, тітіркендіргіш) - дисгидротикалық экземада - балалардағы экземада. |
-
Клинические протоколы:
- Атопический дерматит
- Псориаз
- Атопический дерматит у детей
- Контактный аллергический дерматит
- Токсикодермия
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; - препаратты жағатын аймақтағы туберкулездік немесе мерездік үдерістер - препаратты жағатын аймақтағы вирустық аурулар (мысалы, желшешек, белдемелі теміреткі) - препаратты жағатын аймақтағы розацеа, периоральді дерматит, ойық жаралар, безеу бөртпелері, атрофиялық дерматит, вакцинациядан кейінгі тері реакциялары - бактериялық немесе зеңдік инфекциямен астасқан тері аурулары. |
Қауіпсіздік шаралары
Метилпреднизолона ацепонат жақпамайын қолданған кезде препараттың көзге, терең ашық жаралар мен шырышты қабықтарға түсуін болдырмас үшін сақ болу керек. Кортикостероидтар ең аз дозаларда, әсіресе балаларда және емдік әсерге қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін қажетті ең аз уақыт кезеңі ішінде қолданылуы тиіс. Терінің кең аймақтарын емдеу кезінде емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы керек, өйткені сіңіру немесе жүйелік әсерлер мүмкіндігін толығымен жоққа шығаруға болмайды. Жергілікті глюкокортикоидтарды қолдану арқылы жергілікті тері инфекциясы күшейе түсуі мүмкін. Дәрілік затты бетке қолдану қосалқы розацеа немесе периоральді дерматит кезінде қарсы көрсетілген. Бактериялық дерматоздар және/немесе зеңдік инфекциялар болған кезде метилпреднизолона ацепонат жақпамайымен емдеуге қосымша арнайы бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы ем жүргізу қажет. 0,1% метилпреднизолона ацепонат жақпамайын 60 % тері беткейіне окклюзиялық таңғыш астында 22 сағат бойы қолданғанда дені сау ерікті ересек адамдарда қан плазмасындағы кортизол деңгейінің және бәсеңдеуі циркадтық ырғағына әсері етуі байқалған. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Деректер жоқ. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Деректер жоқ. |
Жүктілік
Жүкті әйелдерде метилпреднизолон ацепонатын қолдануға тиісті зерттеулер жүргізілген жоқ. Әдетте, жүктіліктің бірінші триместрі кезінде кортикостероидтары бар жергілікті препараттарды пайдаланбаған жөн. Сондай-ақ жүктілік уақытында препаратты терінің ауқымды беткейіне жақпаған, ұзақ қолданбаған немесе окклюзиялық таңғыш астына жақпаған дұрыс. Аналары жүктіліктің бірінші триместрі кезінде глюкокортикоидтармен ем қабылдаған жаңа туған нәрестелерде таңдайы бітіспеуінің даму қаупі жоғары болуы мүмкіндігін көрсететін эпидемиологиялық деректер бар. Метилпреднизолон ацепонат жақпамайымен емдеуге арналған жүктілік кезеңіндегі клиникалық көрсетілімдер кезінде емнің анаға ықтимал қаупі мен күтілетін пайдасын мұқият таразылау қажет. |
Емізу
Метилпреднизолон ацепонатының, мәлімделгендей емшек сүтімен бөлінуі мүмкін жүйелік кортикостероидтар сияқты емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз. Метилпреднизолона ацепонат жақпамайын жергілікті қолдану емшек сүтінде анықталуы үшін жеткілікті болатындай метилпреднизолон ацепонатының жүйелік жеткілікті сіңірілуі мүмкіндігі белгісіз. Сондықтан препаратты бала емізетін әйелдерге тағайындағанда сақтық танытқан жөн. Емшек емізетін аналардың сүт безіне препаратты жағуға болмайды. Препаратты терінің ауқымды беткейлеріне жағуға, ұзақ қолдануға немесе лактация кезеңінде окклюзиялық таңғыш астына жағуға болмайды. |
Жағымсыз әсерлері
Жағу орнындағы жалпы бұзылулар мен реакциялар: жиі ((≥1/100, ≥1/10) - күйдіру, қышыну; сирек (≥1/1 000, <1/100) - эритема, құрғақтық, күлдіреу, тітіркену, экзема, шеткергі ісіну; жиілігі белгісіз - фолликулит, гипертрихоз. Иммундық жүйенің бұзылуы: жиілігі белгісіз -дәрілік жоғары сезімталдық. Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар: жиі емес (≥1/1 000, <1/100) -терінің атрофиясы, көгерулер, импетиго, майлы тері; жиілігі белгісіз - безеу, телеангиэктазия, терідегі созылу белгілері, периоральды дерматит, тері түсінің өзгеруі, терінің аллегиялық реакциялары. Көру органдарының бұзылуы: жиілігі белгісіз -бұлыңғыр көру. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Әдетте, препарат терінің зақымдалған жерлеріне аздап сылау арқылы күніне 1 рет жұқа қабатпен жағылады. Әдетте, метилпреднизолона ацепонат жақпамайымен емдеу ұзақтығы ересектер үшін 12 аптадан аспауы тиіс. |
Балаларда қолданылуы
Дозаны түзету талап етілмейді. Әдетте, метилпреднизолона ацепонат жақпамайымен балалардағы емдеу ұзақтығы 4 аптадан аспауы тиіс. Метилпреднизолона ацепонат жақпамайын 4 айлық жастан кіші балалардағы қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Окклюзиялық таңғыш астына пайдалануға болмайды. Жаялықтардың окклюзиялық әсер беруі мүмкін екендігін ескеру керек. |