D10AX03 Азелаин қышқылы (Azelaic acid)
Қолдану көрсеткіштері
Бет терісіндегі безеу ауруының (acne vulgaris) жеңіл және орташа дәрежедегі папуло-пустулезді түрінде; - папула-пустулезді розацеаны жергілікті емдеуде. |
-
Клинические протоколы:
- Угревая болезнь
- Механическая желтуха
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді немесе компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. |
Қауіпсіздік шаралары
Препарат тек қана сыртқа қолдануға арналған. Азелаин қышқылы гелінің құрамында теріге, көз бен шырышты қабықтарға орташа тітіркендіргіш әсер беретін бензой қышқылы, сондай-ақ тері тітіркенуін туындатуы ықтимал пропиленгликоль бар. Азелаин қышқылы гелін қолданғанда препаратты көзге, ауызға және шырышты қабықтарға тигізіп алмау керегін пациенттерге ескерту керек. Егер кездейсоқ тигізіп алса көзді, ауызды және шырышты қабықтарды судың көп мөлшерімен мұқият жуу керек. Көздің тітіркенуі сақталған жағдайда дәрігермен кеңесу керек. Препаратты әрбір жаққаннан кейін қолды жуу керек. Препаратты папула-пустулезді розацеаны емдеу үшін пайдаланғанда спиртті тазалағыш заттарды, тұнбаны, тұтқыр дәрілерді, абразивті заттар мен пилингке арналған құралдарды қолданудан аулақ болу ұсынылады. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген. Азелаин қышқылы гелі препаратының құрамы препарат қауіпсіздігіне теріс әсер етуі мүмкін жекелеген компоненттердің қандай да бір жағымсыз өзара әрекеттесуінің бар екендігі туралы пайымдауға негіз болмайды. Бақыланатын клиникалық зерттеулердің ешқайсысында нақты препараттармен байланысты өзара әрекеттесудің қандай да бір жағдайлары анықталған жоқ. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозаны түзету қажет емес. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозаны түзету қажет емес. |
Жүктілік
Әйелдерде жүктілік кезеңінде азелаин қышқылының жергілікті қолданылуына адекватты және бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер буаздану кезіне, эмбрион/ұрық дамуына, тууына және постнатальді дамуына қатысты тікелей және жанама жағымсыз әсерлерін айқындамаған. Азелаин қышқылы гелін жүкті әйелдерге тағайындағанда сақ болу қажет. |
Емізу
Азелаин қышқылы емшек сүтімен шығарылатыны белгісіз, кейбір деректер препараттың емшек сүтіне шығарылуы мүмкін екендігін көрсетті. Алайда, азелаин қышқылының енуі емшек сүтінде оның базальді деңгейінің елеулі өзгеруіне ықпал етеді деп күтілмейді. Азелаин қышқылы емшек сүтінде шоғырланбайды және сыртқа жағылған азелаин қышқылының 4 % аздауы оның эндогендік әсерін физиологиялық деңгейден асырмай, жүйелі сіңіріледі. Дегенмен, препаратты бала емізетін әйелдерге абайлап тағайындау керек. Нәрестелер осы препаратпен өңделген кеуде терісімен жанаспауы тиіс. |
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: препаратты жаққан жердегі ашытып күйдіру, қышыну және ауыру. Жиі: препарат жаққан жердегі құрғақтық, бөртпе және парестезиялар, препарат жаққан жердегі ісіну. Жиі емес: жанаспалы дерматит, бөртпе, эритема, терінің қабыршықтануы, препаратты жаққан жерде жылуды сезіну, тері түсінің өзгеруі, жайсыздық, есекжем. Сирек: аса жоғары сезімталдық (төменде көрсетілген жағымсыз реакциялардың біреуі немесе бірнешеуімен бірге байқалуы мүмкін: ангионевроздық ісіну, көздің ісінуі, беттің ісінуі, ентігу), бронх демікпесінің өршуі, терінің тітіркенуі, есекжем. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Сыртқа. Гельді терінің зақымданған жерлеріне күніне 2 рет (таңертең және кешке) жағып және сәл ысқылайды. Шамамен 0,5 г (2,5 см) гель бүкіл бетке қолданылу үшін жеткілікті. Азелаин қышқылы препаратын қолданар алдында теріні таза сумен немесе жұмсақ тазартқыш косметикалық затпен жуып, содан кейін құрғату керек. Окклюзиялық таңғыштарды қолданбаған дұрыс, гель жаққаннан кейін қолды жуу керек. Тері тым тітіркенген жағдайда Азелаин қышқылы гельдің жағатын мөлшерін немесе препаратты қолдану жиілігін тітіркену симптомдары жойылғанша тәулігіне 1 ретке дейін азайту керек. Қажет болған жағдайда емдеуді уақытша бірнеше күнге үзе тұруға болады. Азелаин қышқылы гельдің бүкіл емдеу кезеңі ішінде жүйелі түрде қолданылғаны маңызды. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың жекеленген көрінісіне және оның ауыртпалық дәрежесіне байланысты өзгеруі мүмкін. Акне: негізінен елеулі жақсару әдетте, емдеудің 4 аптасынан кейін байқалады. Жақсы нәтижелеріне қол жеткізу үшін Азелаин қышқылы гельдің бүкіл емдеу кезеңі ішінде жүйелі түрде қолданылғаны маңызды. гельді клиникалық тиімділігіне байланысты бірнеше ай бойы үздіксіз қолданған жөн. Егер Азелаин қышқылы гельді 1 ай қолданғаннан кейін жақсара бастамаса немесе безеу ауруының өршуі туындаса, препаратты қолдануды тоқтатып, емдеудің басқа тәсілдерін қарастыру керек. Розацеа: елеулі жақсару әдетте, емдеудің 4 аптасынан кейін байқалады. Жақсы нәтижелеріне қол жеткізу үшін Азелаин қышқылы гельді клиникалық тиімділігіне байланысты бірнеше ай бойы үздіксіз қолданған жөн. Егер Азелаин қышқылы гельді 2 ай қолданғаннан кейін жақсара бастамаса немесе розацеа өршуі туындаса, препаратты қолдануды тоқтатып, емдеудің басқа тәсілдерін қарастыру керек. |
Балаларда қолданылуы
12-18 жастағы жасөспірімдерде препарат дозасын түзету қажет етілмейді. 12 жастан кіші балаларда безеу ауруын емдеген кездегі Азелаин қышқылы гелінің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. 18 жастан кіші балаларда папула-пустулезді розацеаны емдеген кездегі Азелаин қышқылы гелінің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. |