R01AA07 Ксилометазолин (Xylometazoline)
Қолдану көрсеткіштері
Симптомдарды жеңілдету үшін мұрынның ісінуіне қарсы дәрі ретінде: - жедел аллергиялық ринитте - суық тиюді немесе тұмауды қоса жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары кезіндегі ринит - мұрын маңы қойнаулары қабынғанда, сондай-ақ салқын тигеннен болған ауруларда ортаңғы құлақтың катаральді қабынуында секреттің ағынын жақсарту үшін. |
-
Клинические протоколы:
- Двусторонняя нейросенсорная тугоухость (педиатрия)
- Аллергический ринит
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затына немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық; - атрофиялық ринит - транссфеноидальді гипофизэктомиядан немесе қатты ми қабығына қатысты басқа да хирургиялық араласымдардан кейінгі жағдайлар, соның ішінде анамнезінде болса. |
Қауіпсіздік шаралары
Ксилометазолин келесі жағдайларда тек пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалудан кейін ғана пайдаланылуы тиіс: - МАО тежегіштерін немесе артериялық қысымды арттыруға қабілетті басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрген пациенттерде - көзішілік қысым жоғарылағанда (жабық бұрышты глаукома кезінде) - жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр сипатты ауруларында (мысалы, жүректің коронарлық ауруы, гипертензия) - феохромоцитомада - метаболизмдік бұзылуларда (мысалы, гипертиреоидоз, қант диабеті) - порфирияда - қуықасты безінің гипертрофиясында. Препараттың ұсынылған тәуліктік дозасынан асырмаған жөн. Ксилометазолин дәрігердің кеңесінсіз 7 күннен артық қолданылмауы тиіс. Бірнеше күн үзіліс жасағаннан кейін ғана қайталап қолданылуы мүмкін. Созылмалы риниті бар пациенттер препаратты, мұрынның шырышты қабығының атрофиясының пайда болу қаупіне байланысты, тек дәрігердің бақылауымен ғана қолдана алады. Ксилометазолин қабылдайтын QT аралығы ұзару синдромы бар пациенттер күрделі қарыншалық аритмиялардың жоғары қаупіне бейім болуы мүмкін. Ұзақ уақыт қолданғанда және/немесе артық дозаланғанда мұрынның шырышты қабығының реактивті гиперемиясы пайда болуы мүмкін, ол тыныс жолдарының тарылуына әкеледі («рикошет» феномені). Мұның салдары ретінде созылмалы дәрі-дәрмектік риниттің дамуы болып табылады, бұл мұрынның шырышты қабығының атрофиясына әкеп соғуы мүмкін. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Ксилометазолин препаратын, трициклдік антидепрессанттарды, транилципроминді типті моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерін немесе гипертензияны туындататын басқа да дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану артериялық қысымның жоғарылауына әкеледі. Ксилометазолин препаратын осы препараттармен бірге қолданбаған дұрыс. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Деректер жоқ. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Деректер жоқ. |
Жүктілік
Ксилометазолин препаратын жүктілік кезінде пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалап алып қана қолданған жөн. Артық дозалану шарананың қанмен қамтамасыз етілуін бұзуы мүмкін болғандықтан, жүктілік кезінде доза препараттың ұсынылған дозасынан аспауы тиіс. |
Емізу
Ксилометазолиннің емшек сүтіне бөлінуі туралы деректер жоқ, сондықтан лактация кезінде пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін ғана ксилометазолинді қолданады. Лактация кезінде ұсынылған дозадан асырмау керек. |
Жағымсыз әсерлері
Жиі (> 1/100-ден < 1/10-ға дейін): - мұрын шырышты қабығының күйдіріп ашытуы және құрғауы, түшкіру Жиі емес (> 1/1000-нан < 1/100-ге дейін): - гиперсекреция - жиі және ұзақ қолданған кезде мұрынның шырышты қабығының қайтымды ісінуі (реактивті гиперемия), мұрыннан қан кету - аллергиялық реакциялар (ангионевроздық ісіну, қышыну, тері бөртпелер) Сирек (> 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін): - жүрек қағысын сезіну, тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы Өте сирек (< 1/10000): - аритмия - бас ауыру, шаршау, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, мазасыздық, седативті әсер, құрысулар және елестеулер (көбіне балаларда), көрудің өтпелі бұзылуы - апноэ (жасы кіші балаларда және жаңа туған нәрестелерде). |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға – әрбір мұрын қуысына күніне үш ретке дейін 1 бүрку. Мұрынға қолдануға арналған. Алғаш қолданудың алдында біркелкі «тұман» бұлты пайда болғанша, бүрку құрылғысының қапсырмасын бірнеше рет басу керек. Препараты бар құты қолдануға одан әрі дайын. Егер спрей 3 күннен аса қолданылмаса, бүркудің осы іс-әрекеттерін қайталау керек. Бүрку құрылғысын пайдаланғаннан кейін жақсылып сүртіп, қорғаныш қалпақшасымен құтыны жабу керек. Гигиеналық тұрғыдан және инфекция таралуын болдырмас үшін әр құты әр адамға жекелей пайдаланылуы тиіс. |
Балаларда қолданылуы
2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – әрбір мұрын қуысына күніне үш ретке дейін 1 бүрку. |