R03BA02 Будесонид (Budesonide)
Қолдану көрсеткіштері
| Бронх
демікпесі; Жедел тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері жоқ пациенттерде өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының (ӨСОА) өршуі; Ауруханаға жатқызу көрсетілген өте ауыр дәрежедегі жалған қыспақ (стенозды ларинготрахеит); |
-
Клинические протоколы:
- Грипп и острые респираторные инфекции верхних дыхательных путей у детей
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Бронхиальная астма у взрослых
- Бронхиальная астма у детей
- Бронхолегочная дисплазия, возникшая в перинатальном периоде
- Ларингит у детей
- Острый бронхит у взрослых
- Острый и хронический синусит (у взрослых и у детей)
- Пневмокониоз
- Внебольничная пневмония у взрослых > Клиниче?
- Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
- Аутоимунный гепатит
- Болезнь Крона
- Невирусные гепатиты (аутоиммунный гепатит)
- Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
- Язвенный колит
- Коронавирусная инфекция (COVID-19) у беременных, рожениц и родильниц
- Коронавирусная инфекция CОVID-19 у взрослых (7 редакция пересмотр 2024 год)
Қарсы көрсеткіштері
| Будесонидке немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық; өкпе туберкулезінің белсенді түрі; 3 айға дейінгі балалар (бронх демікпесін емдеу үшін); демікпелік статусты немесе қарқынды емдеуді қажет ететін демікпенің басқа да шұғыл эпизодтарын бастапқы емдеу. |
Қауіпсіздік шаралары
| Будесонид
препараты демікпенің өршу симптомдарын тез басуға арналмаған; осы мақсатта
тез әсер ететін бронхты кеңейтетін дәрілер қолданылады. Егер тез әсер ететін
бронходилататормен емдеу тиімсіз болса немесе әдеттегіден көп ингаляцияны
жүргізуді қажет етсе, пациент дәрігерге жүгінуі тиіс. Бұл жағдайда үнемі
қабылданатын препараттардың дозаларын жоғарылату (мысалы, ингаляциялық
будесонид) немесе ұзақ әсер ететін бета-агонистермен емдеуге қосу және
пероральді глюкокортикостероидтармен емдеу курсын жүргізу қажет болуы
мүмкін. Пероральді стероидтардан ауысу - бүйрек үсті безі функциясының әлсіреу қаупіне байланысты пероральді глюкокортикостероидтардан ингаляциялық глюкокортикостероидтарға (Будесонид) ауысатын немесе гипофиз-бүйрек үсті безінің функциясының бұзылуын күтуге болатын пациенттерге ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ, глюкокортикостероидтардың жоғары дозаларын қабылдаған немесе ингаляциялық глюкокортикостероидтардың ұсынылған ең жоғары дозаларын ұзақ уақыт қабылдаған пациенттерге ерекше назар аудару керек. Мұндай пациенттерде жүйелік глюкокортикостероидтардың дозасын төмендетуді сақтықпен жүргізу керек және гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безінің функциясын бақылау керек. Стресстік жағдайларда мұндай пациенттерде бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің белгілері мен симптомдары пайда болуы мүмкін. Стресс кезінде немесе хирургиялық араласу жағдайында жүйелік глюкокортикостероидтармен қосымша емдеуді жүргізу ұсынылады. Пероральді глюкокортикостероидтардан Будесонид препаратына ауысқан кезде, пациенттер бұлшықет ауырулары немесе буын ауырулары сияқты бұрын байқалған симптомдарды сезінуі мүмкін. Мұндай жағдайларда пероральді глюкокортикостероидтардың дозасын уақытша арттыру қажет болуы мүмкін. Сирек жағдайларда глюкокортикостероидтардың жүйелі жеткіліксіздігін көрсететін шаршау, бас ауыруы, жүрек айну және құсу сияқты симптомдар байқалуы мүмкін. Ингаляциялық кортикостероидтардың жүйелік әсері Кез келген ингаляциялық кортикостероидтарды пайдаланғанда, бұның ықтималдығы пероральді глюкокортикостероидтарды қолданумен салыстырғанда айтарлықтай төмен болғанмен, әсіресе ұзақ уақыт бойы және жоғары дозаларда пайдаланғанда жүйелік әсерлер дамуы мүмкін. Ықтимал жүйелік әсерлерге мыналар жатады: Кушинг синдромы, кушингоидты симптомдар, бүйрек үсті безі қыртысы функциясының тежелуі, балалар мен жасөспірімдер бойы өсуінің кідіруі, сүйек тіні минералды тығыздығының төмендеуі, катаракта, глаукома және сирек жағдайларда психомоторлық гипербелсенділікті, ұйқының бұзылуын, үрейді, депрессия және озбыр мінез-құлықты (әсіресе балаларда) қоса, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар. Сондықтан демікпе симптомдарының тиімді бақылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ингаляциялық кортикостероидтың ең аз дозасын пайдалану өте маңызды болып табылады. Пациенттерде анафилаксияны, бөртпелерді, жанаспалы дерматитті, есекжемді, ангионевроздық ісінуді қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалуы мүмкін. Мұндай реакциялар пайда болған жағдайда Будесонид препаратын қолдануды тоқтату керек. Пероральді глюкокортикостероидтарды ингаляцияға ауыстыру кейде жүйелі препараттармен бұрын тоқтатылған ринит және экзема сияқты қатар жүретін аллергияның көрінісіне әкеледі. Басқа дәрілік заттармен біріктіре қолдану Будесонид препаратын кетоконазолмен, итраконазолмен немесе басқа ықтимал CYP3A4 тежегіштерімен бірге тағайындауды болдырмау керек. Егер мұндай біріктірілім қажет болса, препараттарды қабылдау арасындағы уақытты мүмкіндігінше көп уақытқа ұзарту керек. Стероидты тәуелділігі жоқ пациенттер: терапиялық әсерге әдетте 10 күн ішінде қол жеткізеді. Бронхта артық шырыш секрециясы бар пациенттерге алдын ала пероральді глюкокортикостероидтармен емдеудің қысқа (шамамен 2 апта) қосымша курсын тағайындауға болады, содан кейін будесонидпен монотерапия жеткілікті болуы керек. Бронх түйілуі - сондай-ақ, басқа ингаляциялық емдеуді қолдану сияқты, препаратты пайдаланғаннан кейін бірден парадоксалды бронх түйілуі байқалуы мүмкін. Айқын бронх түйілуі жағдайында қолданылатын емді қайта қарап шығып, қажет болған жағдайда емдеудің баламалы әдістерін тағайындау қажет. Бауыр функциясының төмендеуі кортикостероидтардың шығарылуын баяулата және жүйелік экспозицияны арттыра отырып, әсер етеді. Жүйелік жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігін ескеру қажет. Ұзақ уақыт бойы глюкокортикостероидтармен емделген балалар мен жасөспірімдерде (жеткізу әдісіне қарамастан) бронх демікпесін емдеу үшін глюкокортикостероидтарды қолдану бой өсуінің бұзылуына әкелуі мүмкін болғандықтан, өсу көрсеткіштерін үнемі бақылау ұсынылады. Глюкокортикостероидтарды тағайындаған кезде препаратты қолданудың пайдасы мен бой өсуді баяулату қаупі арақатынасын ескеру қажет. Сонымен қатар, пациентті педиатр-пульмонолог/аллергологқа жіберу мүмкіндігін қарастыру қажет. Ауыз-жұтқыншақтың зеңдік зақымдану қаупін барынша азайту үшін пациентке препараттың әр ингаляциясынан кейін аузын сумен мұқият шаю қажеттілігі туралы нұсқау керек. Тыныс алу жолдарының инфекциясы Иммуносупрессивті әсер ететін дозада кортикостероидтарды қабылдайтын пациенттер желшешекпен немесе қызылшамен ауыратын пациенттермен қатынаста болудан аулақ болу керектігі және егер қарым-қатынас орын алған жағдайда бұл туралы дереу өзінің емдеуші дәрігеріне жүгінуге тиісті болатындығы туралы ескертілуі тиіс. Иммунизация алмаған және желшешекпен ауырмаған бала осындай науқастармен байланыста болған жағдайда дереу дәрігермен кеңесу керек. Пациенттерге туберкулездің, зеңдік, бактериялық, вирустық немесе паразиттік инфекциялардың немесе қабақтың қарапайым герпесінің өршуі ықтималдығы туралы хабардар болуы тиіс. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) бар пациенттердегі пневмония Ингаляциялық кортикостероидтармен емделген ӨСОА бар пациенттерде ауруханаға жатқызуды қажет ететін пневмонияны қоса, пневмонияның даму жиілігінің жоғарылауы байқалды. Стероидтар дозасын арттырған кезде пневмония қаупінің жоғарылауын көрсететін деректер бар, бірақ бұл сенімді түрде көрсетілмеген. Ингаляциялық кортикостероидты препараттар арасында пневмония қаупі мәніне классішілік айырмашылықтардың пайдасына қарай сенімді клиникалық деректер жоқ. Дәрігерлерге пневмонияның клиникалық симптомдары ӨСОА өршу симптомдарымен сәйкес келетін болғандықтан, ӨСОА бар пациенттерде пневмонияның ықтимал дамуына қатысты қырағылық таныту керек. ӨСОА бар пациенттердегі пневмония қаупінің факторларына темекі шегу, егде жас, дене салмағының төмен индексі (ДСИ) және ӨСОА ауыр дәрежесі жатады. Сүйек тіні минералды тығыздығының төмендеу қаупі жоғары пациенттерге кортикостероидтарды қолдану асқынуларға алып келуі мүмкін екендігі ескертілуі тиіс. Жүйелік және жергілікті кортикостероидтарды қолдану кезінде көру қабілетінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Егер пациентте анық көрмеу немесе көру қабілетінің басқа бұзылыстары сияқты симптомдар болса, жүйелік және жергілікті кортикостероидтарды қолданғаннан кейін байқалған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия (ОСХР) сияқты сирек кездесетін ауруларды қамтитын ықтимал себептерді бағалау үшін офтальмологқа жүгіну керек. Тыныс алу мүшелерінің зеңдік, вирустық және бактериялық инфекциялары бар, бауыр циррозы бар пациенттерге сақтықпен (мұқият бақылау қажет), тағайындалады. Тағайындау кезінде глюкокортикостероидтардың жүйелік әсерінің ықтимал көрінісін ескеру қажет. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Будесонидтің
бронх демікпесін емдеуде пайдаланатын басқа препараттармен өзара әрекеттесуі
байқалмады Будесонид метаболизмі негізінен CYP 3A4 қатысуымен жүреді. Нәтижесінде, осы ферменттің тежегіштері, мысалы, кетоконазол, итраконазол және АИТВ протеаза тежегіштері будесонидтің жүйелік экспозициясын бірнеше есе арттыруы мүмкін. Дозалау бойынша деректер болмағандықтан, осы препараттарды бірге қолдану ұсынылмайды Осы препараттар мен будесонидті қабылдау қажет болған жағдайда препараттарды қабылдау арасындағы уақытты барынша көп ұзарту керек, сонымен қатар будесонид дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыруға болады. Итраконазолды ингаляциялық будесонидпен тәулігіне 1 рет 200 мг дозада бір мезгілде қолдану (1000 мкг бір реттік доза) соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының едәуір жоғарылауына әкелуі мүмкін (орта есеппен 4 есе). Қан плазмасындағы будесонид концентрациясының жоғарылауы және кортикостероидтар әсерінің күшеюі эстрогендермен немесе гормоналды контрацептивтермен бір мезгілде қолданғанда байқалуы мүмкін, алайда будесонидті төмен дозада біріктірілген пероральді контрацептивтермен бірге қолданғанда бұл әсер байқалмады. Бүйрек үсті безі функциясының ықтимал тежелуіне байланысты гипофиз жеткіліксіздігін диагностикалау үшін АКТ стимуляциясы бар сынама қате нәтиже беруі мүмкін (төмен мәндер). |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек жеткіліксіздігі функциясының бұзылуы бар пациенттерде будесонидті қолдану туралы деректер жоқ. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр функциясының төмендеуі кортикостероидтардың шығарылуын баяулата және жүйелік экспозицияны арттыра отырып, әсер етеді. Жүйелік жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігін ескеру қажет. |
Жүктілік
| Жүкті әйелдердің Будесонид препаратын қабылдауы аясында шарананың дамуында ауытқулар қаупінің жоғарылауы анықталған жоқ, дегенмен олардың даму қаупін толығымен жоққа шығаруға болмайды, сондықтан жүктілік кезінде бронх демікпесінің нашарлау қаупін ескере отырып, препараттың ең аз тиімді дозасын қолдану керек. Препаратты тағайындау кезінде анасы үшін болжамды пайдасы мен бала үшін ықтимал қауіптің арақатынасын ескеру қажет. |
Емізу
| Будесонид емшек сүтімен шығарылады. Алайда, препаратты терапиялық дозада қолданғанда, еметін нәрестелерде жүйелік экспозиция елеусіз болғандықтан, еметін нәрестеге ешқандай әсер күтілмейді. Препаратты тағайындау кезінде анасы үшін болжамды пайдасы мен бала үшін ықтимал қауіптің арақатынасын ескеру қажет. |
Жағымсыз әсерлері
| Жағымсыз
реакциялар ағзалар жүйелері мен пайда болу жиілігіне қарай келесідей
бөлінеді. Инфекциялық және паразиттік аурулар тарапынан жиі ауыз-жұтқыншақ кандидозы және пневмония (ӨСОА бар пациенттерде) байқалады. Иммундық жүйе тарапынан сирек жағдайда жедел және баяу типті жоғары сезімталдық реакциялары, соның ішінде бөртпе, жанаспалы дерматит, есекжем, ангионевротикалық ісіну және анафилактикалық реакция дамуы мүмкін. Эндокриндік жүйе тарапынан сирек кортикостероидтардың жүйелік әсерлерінің белгілері мен симптомдары, соның ішінде бүйрекүсті безі қызметінің тежелуі және өсудің баяулауы байқалады. Көру мүшесі тарапынан кейде катаракта дамиды, сондай-ақ жиілігі белгісіз жағдайларда көрудің бұлыңғырлануы және глаукома байқалады. Психикалық бұзылыстар: кейде мазасыздық пен депрессия байқалады; сирек — қозғыштық, жүйкелік және мінез-құлықтың өзгеруі (негізінен балаларда); жиілігі белгісіз — ұйқының бұзылуы, психомоторлық гиперактивтілік және агрессия. Орталық жүйке жүйесі тарапынан кейде тремор байқалады. Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және медиастинум тарапынан жиі жөтел және тамақ шырышты қабығының тітіркенуі байқалады; сирек — бронхоспазм, дисфония және дауыстың қарлығуы. Тері және теріасты тіндері тарапынан сирек теріде көгерулердің пайда болуы байқалады. Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тін тарапынан кейде бұлшықет түйілуі байқалады. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Қолданылуы: - бронх демікпесі - жедел тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері жоқ пациенттерде өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының (ӨСОА) өршуі - ауруханаға жатқызу көрсетілген өте ауыр дәрежедегі жалған қыспақ (стенозды ларинготрахеит) Қолдану тәсілі: Будесонид препаратын қолдану, небулайзер көмегімен ингаляцияға арналған суспензия. Суспензия түріндегі Будесонид бүрку үшін мүштікпен және/немесе арнайы маскамен жабдықталған тиісті небулайзерді пайдаланумен ингаляция үшін қолданылады. Будесонид препараты түріндегі будесонид, ингаляцияға арналған дозаланған суспензия демді ішке тартқан кезде өкпеге енетін болғандықтан, пациенттің мүштік арқылы небулайзерді тыныш және бірқалыпты жұтуы маңызды. Пациентке жететін будесонид мөлшері небулайзерге енгізілген мөлшердің 11-ден 22%-на дейін өзгереді және келесі факторларға байланысты: - ингаляция ұзақтығына; - толтыру көлеміне; - компрессордың (қозғалтқыштың) және небулайзердің техникалық сипаттамаларына; - пациенттің тыныс алу көлеміне; - бет маскасын немесе мүштікті пайдалану. Небулайзер қажетті ауа ағынын жасау үшін маңызы бар компрессорға қосылады (5-8 л/мин), небулайзерді толтыру көлемі 2- 4 мл құрауы тиіс. Кішкентай балаларға енгізілетін дозасы тығыз жабылатын бет маскасын пайдалану арқылы артады. Бала небулайзер арқылы өздігінен тыныс ала алмаған жағдайларда арнайы маска қолданылады. Пациентке хабардар ету маңызды: - препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығуды; - препаратты, ингаляцияға арналған суспензияны қолдану үшін пациентке ультрадыбыстық небулайзерлерді пайдалануға жол берілмейді, өйткені ол будесонидтің тым төмен дозасын жеткізеді. Небулайзер мен компрессордың (қозғалтқышты) сұйық тамшыларының үлкен бөлігі 3-тен 5 микрометрге дейін болатындай етіп реттелуі тиіс екенін; - ашпас бұрын препараттың бір реттік дозасы бар ампуланы абайлап сілку керектігін; - Будесонид, ингаляцияға арналған суспензияны 0.9% натрий хлоридінің ерітіндісімен немесе тербуталин, салбутамол, фенотерол, ацетилцистеин, натрий кромогликаты және ипратропиум бромидінің ерітінділерімен араластыру керектігін; сұйылтылған суспензияны 30 минут ішінде пайдалану керектігін; - ингаляциядан кейін ауызжұтқыншақтың инфекциялық зақымдану қаупін азайту үшін ауызды сумен шаю керектігін; - масканы пайдаланғаннан кейін терінің тітіркенуін болдырмау үшін бет терісін сумен шаю керектігін; - небулайзерді өндіруші нұсқауларына сәйкес үнемі тазалап отыру ұсынылады. Камера мен мүштік немесе бет маскасы жылы ағынды сумен жуылады және жұмсақ жуғыш зат пайдаланады. Камераны компрессорға немесе ауа жинағышқа қосу арқылы мұқият жуады және құрғатады. Пациентке құрылғыны тазарту туралы қосымша ақпарат алу үшін небулайзерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысу ұсынылады. Дозалау режимі: Бронх демікпесі - препарат дозасы жеке таңдалады. Егер ұсынылатын тәуліктік доза тәулігіне 1 мг аспайтын жағдайда, препараттың барлық дозасын бір дозада (бір мезгілде) қабылдауға болады. Егер қажетті тәуліктік доза тәулігіне 1 мг-ден жоғары болса, онда оны 2 қабылдауға бөлу ұсынылады. Балалар үшін ең жоғары тәуліктік доза (тәулігіне 2 мг) тек ауыр демікпе кезінде және шектеулі уақыт аралығына тағайындалуы керек. Демеуші доза ең аз тиімді доза болуы тиіс. Ұсынылатын бастапқы доза 3 айдан 12 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 0.5- 1 мг. 12 жастан асқан балалар, ересектер/егде жастағы пациенттер: 2 қабылдауға бөлінген тәулігіне 1- 2 мг. Өте ауыр жағдайларда дозаны арттыруға болады. Демеуші емдеу кезіндегі доза 3 айдан 12 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне екі рет 0.25- 0.5 мг. 12 жастан асқан балалар, ересектер/егде жастағы пациенттер: тәулігіне екі рет 0.5 - 1 мг. Ауыр өршу жағдайында дозаны арттыруға болады. Неғұрлым айқын емдік әсерге қол жеткізу жөн болатын бронх демікпесі бар пациенттерде жүйелік жағымсыз әсерлердің даму қаупінің төмендеуіне байланысты Будесонид препаратының дозасын пероральді кортикостероидтармен біріктіріп емдеуде артықшылық берілуі мүмкін. Будесонид препаратын қолдану бронх демікпесін бақылау кезінде пероральді глюкокортикостероидтар дозасын алмастыруы немесе айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Пероральді стероидтардан Будесонид препаратына ауысу пациенттің жағдайын салыстырмалы тұрақтандыру кезеңінде жүргізілуі тиіс. Содан кейін Будесонид препаратының жоғары дозасы шамамен 10 күн бойы бұрын қолданылған пероральді стероидтардың дозасымен бірге енгізіледі. Осыдан кейін пероральді стероидтардың дозасын біртіндеп (мысалы, ай сайын 2.5 миллиграмм преднизолонға немесе баламалы препаратқа) мүмкін болатын ең төменгі деңгейге дейін төмендету керек. Көптеген жағдайларда пероральді стероидты толығымен Будесонид-Тева препаратымен ауыстыруға болады. Кортикостероидтарды қабылдауды тоқтату туралы қосымша ақпарат «Арнайы нұсқаулар және қолдану кезіндегі сақтандыру шаралары» бөлімінде берілген. Бронх демікпесі кезінде әсердің пайда болуына дейінгі уақыт. Препараттың бастапқы дозасын енгізгеннен кейін әсердің дамуы бірнеше сағаттан кейін күтіледі. Толық терапиялық әсер тек емдеудің бірнеше аптасынан кейін ғана дамиды. ӨСОА өршуі - ересек пациенттер препаратты клиникалық жақсарғанға дейін, бірақ 10 күннен асырмай 2–4 қабылдауға бөлінген 4 - 8 мг тәуліктік дозада қабылдауы тиіс. Будесонидті өкпенің инвазивті механикалық желдетуін немесе қарқынды емдеу бөліміне жатқызуды қажет ететін тыныс алу жеткіліксіздігі бар ӨСОА өршіген пациенттерде небулайзер арқылы қолдану клиникалық зерттеулерде зерттелмеген. ӨСОА өршуі кезіндегі әсердің дамуына дейінгі уақыт ӨСОА өршуін емдеу үшін Будесонид препаратын, ингаляцияға арналған дозаланған суспензияны, ингаляциялық енгізгеннен кейін симптомдардың жақсаруына дейінгі уақыт жүйелі кортикостероидтарды енгізумен салыстырылмалы болды. Жалған қыспақ - қыспағы бар нәрестелер мен балаларды емдеу үшін небулайзерді қолдану кезінде будесонидтің ұсынылатын дозасы 2 мг құрайды. Доза бір рет енгізіледі немесе 30 минут аралықпен 2 ретке (1 мг) бөлінеді. Енгізуді 36 сағаттан асырмай әр 12 сағат сайын немесе клиникалық симптомдар жақсарғанға дейін қайталауға болады. Бала небулайзер арқылы өздігінен тыныс ала алмаған жағдайларда арнайы маска қолданылады. |
Балаларда қолданылуы
| 3
айдан 12 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 0,5–1 мг. 12 жастан бастап және одан үлкен балалар, ересектер/егде жастағы пациенттер: тәулігіне 1–2 мг, 2 қабылдауға бөлінеді. Өте ауыр жағдайларда доза ұлғайтылуы мүмкін. Қолдаушы ем кезіндегі доза: 3 айдан 12 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 2 рет 0,25–0,5 мг. 12 жастан бастап және одан үлкен балалар, ересектер/егде жастағы пациенттер: тәулігіне 2 рет 0,5–1 мг. Ауыр өршулер жағдайында доза ұлғайтылуы мүмкін. Қарсы көрсетілім: 3 айға дейінгі балалар жасы (бронхиялық астманы емдеу үшін). Глюкокортикостероидтармен (енгізу тәсіліне қарамастан) ұзақ уақыт ем қабылдап жүрген балалар мен жасөспірімдерде өсу көрсеткіштерін тұрақты бақылау ұсынылады, өйткені бронхиялық астманы емдеу үшін глюкокортикостероидтарды қолдану өсу тежелуін тудыруы мүмкін. Глюкокортикостероидтарды тағайындау кезінде препаратты қолданудың пайдасы мен өсу баяулауының ықтимал қаупінің арақатынасын ескеру қажет. 4–6 жастағы бронхиялық астмасы бар балаларда будесонидтің жүйелік клиренсі шамамен 0,5 л/мин құрайды. Балаларда (дене салмағының 1 кг-на шаққанда) клиренс ересектерге қарағанда шамамен 50%-ға жоғары. Бронхиялық астмасы бар балаларда ингаляциядан кейін будесонидтің соңғы жартылай шығарылу кезеңі шамамен 2,3 сағатты құрайды, бұл сау ересектердегі көрсеткішпен ұқсас. 4–6 жастағы бронхиялық астмасы бар пациенттерде препаратты (ингаляцияға арналған суспензияны) ағынды небулайзер арқылы ингаляциялағаннан кейін будесонидтің жүйелік қолжетімділігі номиналды дозаның шамамен 6%-ын және пациентке жеткізілген дозаның 26%-ын құрайды. Балалардағы жүйелік биожетімділік ересектерге қарағанда шамамен 2 есе төмен. 4–6 жастағы астмасы бар балаларда қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы шашырату басталғаннан кейін 20 минут ішінде жетеді және 1 мг доза қабылдағаннан кейін шамамен 2,4 нмоль/л құрайды. 1 мг будесонидтің бір реттік дозасын шашырату арқылы қабылдағаннан кейінгі экспозициясы (Cmax және AUC) 4–6 жастағы балаларда дәл осы дозаны дәл осындай шашырату жүйесі арқылы қабылдаған сау ересек еріктілердегі көрсеткіштермен салыстырмалы. |