2024 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР ДСМ Формулярлық комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу
25.12.2024 жылғы № 926
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссияcының құрамын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28 бұйрығымен бекітілген формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларының 7-тармағына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің формулярлық комиссиясы туралы ережесінің 6, 10-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің міндетін атқарушы министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 215 бекітілген бұйрығымен БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 478 «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің формулярлық комиссиясының құрамын бекіту және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарын күшін жою туралы» бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің формулярлық комиссиясының көрсетілген бұйрықпен бекітілген құрамына енгізілсін:
| Қыдырәлиева Әсел Қазбекқызы | - | Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасының басшысы; |
көрсетілген құрамнан Сәрсенбаева Г.Е. шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмек саясат департаменті осы бұйрық бекітілген күннен бастап бір күнтізбелік күн ішінде министрліктің интернет-ресурсында орналастыруы тиіс.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді
Министр А. Әлназарова