2026 жылғы14 тамыздағы ҚР ДСМ Формулярлық комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу
14.08.2026 ж. № 409
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссияcының құрамын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28 бұйрығымен бекітілген формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларының 7-тармағына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің формулярлық комиссиясы туралы ережесінің 6 және 10-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің міндетін атқарушы министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 215 бекітілген бұйрығымен БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 478 «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің формулярлық комиссиясының құрамын бекіту және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарын күшін жою туралы» бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Әділхан Жандос Қойшыбайұлы туралы мәліметтер қамтылған позиция мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасының орынбасары;».
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті осы бұйрық бекітілген күннен бастап бір күнтізбелік күн ішінде Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі А. Әлназарова