Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамына кандидаттарды іріктеу бойынша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамына кандидаттарды іріктеуді жариялайды.

Кандидаттарға 2021 жылғы 21 сәуірге дейінгі мерзімде Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 5-кіреберіс, № 1058 кабинет мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің дәрілік саясат департаментіне немесе b.bopisheva@dsm.gov.kz электрондық мекенжайына мынадай құжаттарды жолдау қажет:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызмет туралы мәліметтерді қамтитын, фотосуреті және байланыс деректері (телефоны, электрондық мекенжайы) бар түйіндеме;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) жоғары медициналық білімі туралы дипломның көшірмесі;

5) медициналық мамандықтар бойынша денсаулық сақтау саласындағы кемінде бес жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ғылыми дәреже беру туралы құжат және (немесе) диплом (болған жағдайда);

7) соттылығының жоқтығын, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда соттылығының жоқтығын растайтын құжат;

8) психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы растайтын құжат

2021-04-16
Дереккөз: