L01EX08 Ленватиниб (Lenvatinib)

Қолдану көрсеткіштері

Қалқаншабездің дифференциацияланған обырында (ҚБДО)
Ленватиниб қалқаншабездің үдемелі, жергілікті таралған немесе метастаздық дифференциацияланған (папиллярлық/фолликулдық/Гюртле жасушаларынан дамитын), радийбелсенді йодпен емдеуге рефрактерлі обыры бар ересек пациенттерде монотерапия түрінде емдеуге арналған.
Гепатоцеллюлярлық обырда (ГЦО)
Ленватиниб үдемелі немесе операция жасауға болмайтын гепатоцеллюлярлық обыры бар (ГЦО), бұрын жүйелі ем қабылдамаған ересек пациенттерде монотерапия түрінде емдеуге арналған.
Эндометрий обырында (ЭО)
Пембролизумабпен біріктірілген Бидифоа кез келген жағдайларда құрамында платина бар еммен алдыңғы емдеу жүргізгенде немесе одан кейін ауруының үдегені байқалатын және түбегейлі хирургиялық араласымға немесе сәулелік емге үміткер емес, эндометрийдің таралған немесе қайталанатын обыры (ЭО) бар ересек пациенттерді емдеуге арналған.
    Клинические протоколы:
  1. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  2. Гепатоцеллюлярная карцинома
  3. Почечно-клеточный рак

Қарсы көрсеткіштері

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; лактация кезеңі.

Қауіпсіздік шаралары

Гипертония - Ленватиниб қабылдаған пациенттерде, әдетте емдеу курсының басында туындайтын артериялық гипертензия туралы хабарланды. Ленватинибпен емдеуді бастамас бұрын артериялық қысымды (АҚ) мұқият бақылау керек, егер пациенттер гипертензияға шалдыққаны белгілі болса, олар ленватинибпен емдеуді бастамас бұрын кем дегенде 1 апта бойы гипертензияға қарсы емнің тұрақты дозасын қабылдауы керек. Қолқаның қатпарлануын қоса, нашар бақыланатын артериялық гипертензияның ауыр асқынулары туралы хабарланды. Артериялық гипертензияны ерте анықтау және тиімді емдеу ленватиниб дозасын тоқтату және төмендету қажеттілігін азайту үшін маңызды. Гипертензияға қарсы препараттарды қабылдау АҚ жоғарылауы расталғаннан кейін бірден басталуы керек. АҚ-ты ленватинибпен емдеуді бастағаннан кейін 1 аптадан соң, содан кейін алғашқы 2 айда әр 2 апта сайын, содан кейін ай сайын бақылап отыру керек. Гипертензияға қарсы емдеуді таңдау пациенттің клиникалық көрінісіне байланысты әртүрлі және стандартты медициналық практикаға сәйкес келеді. Қалып шегіндегі АҚ бар субъектілерде гипертензияға қарсы дәрілердің бір класымен монотерапия жоғары АҚ туындаған кезде басталуы керек. Гипертензияға қарсы дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттер үшін, егер бұл мақсатқа сай болса, ағымдағы препараттың дозасын арттыруға болады немесе гипертензияға қарсы дәрілердің басқа кластағы бір немесе бірнеше агентті қосу керек. Артериялық гипертензиясы бар немесе онсыз пациенттерде VEGF жолының тежегіштерін қолдану аневризмалардың пайда болуына және/немесе артериялардың қатпарлануына әсер етуі мүмкін. Ленватинибті тағайындамас бұрын, бұл қауіпті анамнезіндегі артериялық гипертензия немесе аневризма сияқты қауіп факторлары бар пациенттерде мұқият таразылау керек.
Протеинурия - Ленватиниб қабылдаған пациенттерде, әдетте емдеу курсының басында туындайтын протеинурия туралы хабарланды. Несептегі ақуыз мөлшерін үнемі бақылау қажет. Егер несептің тест жолақтарының көмегімен ≥2 + протеинурия анықталса, дозаны тоқтату, препаратты түзету немесе қабылдауды тоқтату қажет болуы мүмкін. Ленватиниб қабылдаған пациенттерде нефроздық синдром жағдайлары туралы хабарланды. Нефроздық синдром дамыған жағдайда ленватинибті қабылдауды тоқтату керек.
Гепатоуыттылық - ҚБДО кезінде ленватиниб қабылдаған пациенттерде бауыр тарапынан неғұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакциялар қандағы аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ) және билирубин деңгейінің жоғарылауын қамтыды. Бауыр жеткіліксіздігі және жедел гепатит туралы ленватиниб қабылдаған, ҚБДО бар пациенттерде хабарланды. Бауыр жеткіліксіздігі жағдайлары, әдетте, бауырдың үдемелі метастаздық зақымдануы бар пациенттерде тіркелді. REFLECT зерттеуінде ленватиниб қабылдаған, ГЦО бар пациенттерде бауыр энцефалопатиясы мен бауыр жеткіліксіздігін (өлімге әкелетін реакцияларды қоса) қоса алғанда, бауыр тарапынан болатын жағымсыз реакциялар сорафениб қабылдаған пациенттермен салыстырғанда жоғары жиілікпен тіркелді. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және/немесе бауырдың бастапқы деңгейде неғұрлым айқын ісігі бар пациенттерде бауыр энцефалопатиясы мен бауыр жеткіліксіздігінің даму қаупі неғұрлым жоғары болды. Бауыр энцефалопатиясы 75 және одан үлкен жастағы пациенттерде де жиірек кездеседі. Бауыр жеткіліксіздігі жағдайларының жартысына жуығы және бауыр энцефалопатиясы жағдайларының үштен бірі үдемелі ауруы бар пациенттерде тіркелген.
Бауырдың орташа жеткіліксіздігі бар (Чайлд Пью бойынша В класы) ГЦО бар пациенттер туралы деректер өте шектеулі және қазіргі уақытта бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар ГЦО бар пациенттер (Чайлд Пью бойынша С класы) туралы қолжетімді деректер жоқ. Ленватиниб негізінен бауырда метаболизм жолымен шығарылатындықтан, бауырдың орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде экспозициясының жоғарылайтыны күтіледі.
Эндометрий обыры кезінде ленватиниб пен пембролизумаб қабылдаған пациенттерде бауыр тарапынан неғұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакциялар аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансфераза (АСТ) белсенділігінің жоғарылауын қамтыды. Бауыр жеткіліксіздігі және гепатит туралы ленватиниб және пембролизумаб қабылдаған, эндометрий обыры бар пациенттерде хабарланды. Бауырдың жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде жалпы қауіпсіздікті мұқият мониторингілеу ұсынылады. Емдеуді бастамас бұрын бауырдың функциялық сынамаларын бақылау керек, содан кейін алғашқы 2 айда әр 2 апта сайын, содан кейін емдеу кезінде ай сайын. ГЦО бар пациенттерді бауыр энцефалопатиясын қоса, бауыр функциясының төмендеуіне бақылау керек. Гепатоуыттылық жағдайында дозаны тоқтату, түзету немесе қабылдауды тоқтату қажет болуы мүмкін.
Жүрек дисфункциясы - Ленватиниб қабылдаған пациенттер жүрек жеткіліксіздігі (<1%) және солжақ қарыншаның лықсыту фракциясының төмендегені туралы хабарланды. Пациенттер клиникалық симптомдарға немесе жүрек декомпенсациясының белгілеріне қатысты бақылауда болуы керек, себебі дозаны тоқтату, түзету немесе препаратты тоқтату қажет болуы мүмкін.
Қайтымды артқы энцефалопатия синдромы (PRES)/ қайтымды артқы лейкоэнцефалопатия синдромы (RPLS) - Ленватиниб қабылдаған пациенттерде қайтымды артқы энцефалопатия синдромы (PRES), сондай-ақ қайтымды артқы лейкоэнцефалопатия синдромы (RPLS) ретінде белгілі жағдайлар туралы хабарланды. PRES — бұл бас ауыруымен, құрысулармен, әлсіздікпен, сананың шатасуымен, психикалық функцияның өзгеруімен, соқырлықпен және басқа көру немесе неврологиялық бұзылулармен көрінуі мүмкін неврологиялық бұзылыс. Жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі гипертония болуы мүмкін. PRES диагнозын растау үшін магнитті-резонанстық томография қажет. Артериялық қысымды бақылау үшін тиісті шараларды қабылдау керек. PRES белгілері немесе симптомдары бар пациенттерде дозаны тоқтату, түзету немесе препаратты қабылдауды тоқтату қажет болуы мүмкін.
Артериялық тромбоэмболиялар - Ленватиниб қабылдаған пациенттер артериялық тромбоэмболиялар (ми қанайналымының бұзылуы, транзиторлық ишемиялық шабуыл және миокард инфарктісі) туралы хабарланды. Ленватиниб алдыңғы 6 айда артериялық тромбоэмболияны өткерген пациенттерде зерттелмеген, сондықтан оны осы адамдар тобында сақтықпен қолдану керек. Емдеу туралы шешім әрбір жеке пациент үшін пайда/қауіп арақатынасын бағалау негізінде қабылдануы керек. Ленватинибті қабылдауды артериялық тромбоз туындағаннан кейін тоқтату керек.
Репродукциялық жастағы әйелдер ленватинибті қабылдағанда және емдеуді тоқтатқаннан кейін бір ай ішінде аса тиімді контрацепция әдістерін қолдануы керек. Қазіргі уақытта ленватиниб пероральді контрацептивтермен біріктірілген кезде тромбоэмболиялық асқынулар қаупін арттыратын-арттырмайтыны белгісіз.
Қан кету - өлімге әкелетін геморрагиялық оқиғаларды қоса, ісікпен байланысты ауыр қан кетулер клиникалық зерттеулер барысында туындады және тіркеуден кейінгі кезеңде тіркелді. Тіркеуден кейінгі бақылауда қалқаншабездің анаплазиялық карциномасы бар (ҚБАК) пациенттерде ҚБДО немесе ісіктердің басқа типтері барлармен қарағанда күретамырларға ауыр және өлімге әкелетін қан құйылулар жиірек байқалды. Ленватинибпен емнен кейін ісіктің бүрісуімен/некрозымен байланысты ауыр қан кетудің ықтимал қаупіне байланысты ірі қантамырлар (мысалы, күретамырлардың) ісіктерінің инвазиялану/инфильтрациялану дәрежесін ескеру қажет. Қан кетудің кейбір жағдайлары ісіктің кішіреюінен және жыланкөздердің пайда болуынан екінші қайтара туындады, мысалы, кеңірдек-өңеш жыланкөздері. Миында метастаздары бар немесе оларсыз кейбір пациенттерде өлімге әкелетін бассүйекішілік қан құйылу жағдайлары туралы хабарланды. Сондай-ақ, мидан басқа жерлерден қан кеткені туралы хабарланған (мысалы, өңештен, іш аймағынан, өкпеден). ГЦО бар пациентте бауыр ісігіне қан құйылудың өлімге әкелетін бір жағдайы туралы хабарланды. Бауыр циррозы бар пациенттерде өңештің варикозды кеңейген веналарына скрининг жасау және кейінгі емдеу ленватинибпен емдеуді бастамас бұрын медициналық көмек стандарттарына сәйкес жүргізілуі керек.
Қан кеткен жағдайда дозаны тоқтату, түзету немесе қабылдауды тоқтату қажет болуы мүмкін.
Асқазан-ішек жолының тесілуі және жыланкөздердің пайда болуы - Ленватиниб қабылдаған пациенттерде асқазан-ішектің тесілуі немесе жыланкөздер туралы хабарланды. Көптеген жағдайларда асқазан-ішек жолының тесілуі мен жыланкөздер алдындағы операция немесе сәулелік ем сияқты қауіп факторлары бар пациенттерде туындады. Асқазан-ішек жолының тесілуі немесе жыланкөздер жағдайында дозаны тоқтату, түзету немесе қабылдауды тоқтату қажет болуы мүмкін.
АІЖ байланысты емес жыланкөз - Ленватинибпен емдегенде пациенттерде жыланкөздердің даму қаупі жоғары болуы мүмкін. Асқазаннан немесе ішектен басқа дененің басқа аймақтарына шығатын жыланкөздердің пайда болу немесе арту жағдайлары клиникалық зерттеулерде және тіркеуден кейінгі кезеңде байқалды (мысалы, кеңірдек аймағында, кеңірдек-өңеш, өңеш, тері жыланкөздері, әйелдің жыныстық жолдарының жыланкөздері). Бұдан басқа, бронх-плевралық жыланкөздің айқын белгілері бар және онсыз пневмоторакс туралы хабарланды. Жыланкөздер мен пневмоторакс туралы кейбір хабарламалар ісіктің қайтуымен немесе некрозымен байланысты болды. Қауіп факторлары алдындағы операция және сәулелік ем болуы мүмкін. Өкпедегі метастаздар пневмоторакс қаупін арттыруы мүмкін. Ленватинибті жағдайдың нашарлауын болдырмау үшін жыланкөздері бар пациенттерге тағайындауға болмайды, ал өңеші немесе кеңірдек-бронх жолы зақымданған және 4-дәрежелі жыланкөздері бар пациенттерде ленватинибті қабылдауды біржола тоқтату керек. Басқа құбылыстарды емдегенде дозаны тоқату немесе төмендету қолданылғаны туралы шектеулі ақпарат бар, бірақ кейбір жағдайларда нашарлау байқалды және сақ болу керек. Ленватиниб сол кластағы басқа препараттар сияқты жарақаттардың жазылу процесіне теріс әсер етуі мүмкін.
QT аралығының ұзаруы - Ленватиниб қабылдаған пациенттерде плацебо қабылдаған пациенттерге қарағанда QT/QTc аралығының ұзару жиілігі жоғарырақ екендігі хабарланды. Электрокардиограммаларды барлық пациенттерді емдеу кезінде бастапқы деңгейде және мезгіл-мезгіл бақылау керек, әсіресе QT синдромының туа біткен ұзарған аралығы бар, жүректің іркілістік жеткіліксіздігі, брадиаритмиясы, сонымен қатар Ia және III кластағы аритмияға қарсы препараттарды қоса, QT аралығын ұзартатын дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттерге назар аудару керек. Ленватинибті қолдануды > 500 мс QT аралығының ұзаруы дамыған жағдайда тоқтату керек. Ленватинибті қабылдауды QTc аралығының ұзаруы <480 мс немесе бастапқы деңгейге дейін қайтқан кезде төмендетілген дозада қайта бастау керек.
Гипокалиемия, гипокальциемия немесе гипомагниемия сияқты электролиттік бұзылулар QT аралығының ұзару қаупін арттырады; сондықтан емдеуді бастамас бұрын барлық пациенттерде электролиттік бұзылуларды бақылау және жою қажет. Емдеу кезінде электролиттерді (магний, калий және кальций) мезгіл-мезгіл бақылау керек. Қандағы кальций деңгейін айына кемінде бір рет бақылау керек, ал қажет болған жағдайда кальцийдің орнын ленватинибпен емдеген кезде толтыру керек. Ленватинибті қабылдауды ағымның ауырлығына, ЭКГ өзгерістерінің болуына және гипокальциемияның тұрақтылығына байланысты тоқтату немесе қажет болған жағдайда дозаны түзету керек.
Тиреотропты гормонды басудың бұзылуы/қалқаншабез дисфункциясы - Ленватиниб қабылдаған пациенттерде гипотиреоз туралы хабарланды. Ленватинибпен емдеуді бастамас бұрын және емдеу бойы қалқаншабездің функциясын мезгіл-мезгіл бақылау керек. Гипотиреозды эутиреоидтық жағдайды демеу үшін стандартты медициналық практикаға сәйкес емдеу керек.
Ленватиниб қалқаншабездің экзогендік супрессиясын бұзады. Тиреотропты гормонның (ТТГ) деңгейін үнемі бақылап отыру керек, ал пациенттің емдік мақсатына сәйкес ТТГ тиісті деңгейіне қол жеткізу үшін қалқаншабез гормондарын енгізуді түзету керек.
Жарақаттар жазылуының асқынулары - Ленватинибтің жарақаттардың жазылуына әсері туралы ресми зерттеулер жүргізілген жоқ. Ленватиниб қабылдаған пациенттерде жарақаттардың жазылуы бұзылғандығы туралы хабарланды. Ленватинибті ауыр хирургиялық араласым жасау керек пациенттерде уақытша тоқтату туралы мәселені қарастыру керек. Ірі хириругиялық араласымнан кейін ленватинибпен емдеуді қайта бастау мерзіміне қатысты клиникалық тәжірибе шектеулі. Осылайша, ірі хирургиялық араласымнан кейін ленватинибті қабылдауды қайта бастау туралы шешім жарақаттың талапқа сай жазылуын клиникалық бағалауға негізделуі керек.
Жақсүйек остеонекрозы (ЖОН) - Ленватиниб қабылдаған пациенттерде жақсүйек остеонекрозының жағдайлары туралы хабарланды. Сүйектің антирезорбциялық емімен және/немесе ангиогенездің басқа тежегіштерімен, яғни бевацизумабпен, тирозинкиназа тежегіштерімен, mTOR тежегіштерімен алдындағы немесе қатарлас ем қабылдаған пациенттерде кейбір жағдайлар туралы хабарланды. Сондықтан ленватинибті антирезорбциялық еммен және/немесе ангиогенездің басқа тежегіштерімен бір мезгілде немесе жүйелі қолданғанда сақ болу керек.
Инвазиялық стоматологиялық емшаралар анықталған қауіп факторы болып табылады. Ленватинибпен емдеуді бастамас бұрын стоматологиялық тексеру және тиісті профилактикалық стоматологиялық көмек көрсету мүмкіндігін қарастырған жөн. Вена ішіне бисфосфонаттарды бұрын қабылдаған немесе қабылдайтын пациенттерде мүмкіндігінше инвазиялық стоматологиялық емшаралардан аулақ болу керек.
Халықтың ерекше топтары - Еуропалық немесе азиялық нәсілден басқа этностық пациенттердің, сондай-ақ ≥75 жастағы пациенттердің деректері шектеулі. Ленватинибті азиялықтар мен егде жастағы пациенттерде ленватиниб жағымдылығының төмендегенін ескере отырып, пациенттердің осы топтарында сақтықпен қолдану керек.
Сорафенибтен немесе ісікке қарсы басқа препараттардан кейін ленватинибті қолдану туралы деректер жоқ және емдеу курстары арасында талапқа сай шайылу кезеңі болмаса, аддитивті уыттылықтың ықтимал қаупі болуы мүмкін. Клиникалық зерттеулерде ең аз шайылу кезеңі 4 аптаны құрады. ECOG PS (онкологиялық науқастың жалпы жағдайын бағалау шкаласы) ≥ 2 бар пациенттер клиникалық зерттеулерден шығарылды (қалқаншабез обыры бар пациентерді қоспағанда).

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Химиотерапиялық агенттер
- Ленватинибті, карбоплатинді және паклитакселді бір мезгілде қолдану осы үш агенттің кез келгенінің фармакокинетикасына айтарлықтай әсер етпейді.
Ленватинибтің басқа дәрілік заттарға әсері
- Онкологиялық науқастардағы дәрілік өзара әрекеттесудің клиникалық зерттеуі ленватиниб болғанда плазмадағы мидазолам концентрациясы (CYP3A және Pgp сезімтал субстраты) өзгермегенін көрсетті. Сондықтан ленватиниб пен CYP3A4/Pgp басқа субстраттары арасында айтарлықтай дәрілік өзара әрекеттесу күтілмейді.
Оральді контрацептивтер
- Қазіргі уақытта ленватиниб гормондық контрацептивтердің тиімділігін төмендетуі мүмкін-мүмкін еместігі белгісіз, демек пероральді гормондық контрацептивтерді қолданатын әйелдерге бөгеттік әдісті қосу керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ленватиниб қабылдаған пациенттерде бүйрек жеткіліксіздігі және бүйрек функциясының бұзылуы туралы хабарланған. Анықталған негізгі қауіп факторы асқазан-ішек уыттылығына байланысты дегидратация және/немесе гиповолемия болды. Бүйрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек функциясының бұзылуы қаупін азайту үшін асқазан-ішек уыттылығын белсенді бақылау қажет. Дозаны уақытша тоқтату, түзету немесе қабылдауды толық тоқтату қажет болуы мүмкін. Егер пациенттерде ауыр бүйрек жеткіліксіздігі болса, ленватинибтің бастапқы дозасын түзету қажет.
24 мг дозада бір рет қабылдағаннан кейінгі ленватиниб фармакокинетикасы бүйректің жеңіл, орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар 6 пациентте бағаланды және 8 дені сау демографиялық салыстырмалы субъектімен салыстырылды. Бүйрек жеткіліксіздігінің ақырғы сатысы бар субъектілер зерттелмеген. AUC0-inf деректеріне негізделген ленватиниб экспозициясы сәйкесінше бүйректің жеңіл, орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін қалыптың 101%, 90% және 122% құрады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар субъектілерде плазмадағы плазма ақуыздарының байланысуы тиісті дені сау субъектілердегімен бірдей екендігі анықталды және концентрацияға ешқандай тәуелділік байқалмады.

Бауыр жеткіліксіздігі

10 мг бір рет қабылдағаннан кейінгі ленватинибтің фармакокинетикасы бауыр функциясының жеңіл және орташа дәрежелі бұзылуы бар 6 пациентте бағаланды (сәйкесінше Чайлд-Пью бойынша А клас және Чайлд-Пью бойынша В). 5 мг дозасы бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью бойынша С) бар 6 пациентте бағаланды. Демографиялық тұрғыдан дені сау сегіз жарамды субъект бақылау қызметін атқарды және 10 мг дозаны қабылдады. Ленватинибтің доза түзетілген AUC0-t және AUC0-inf деректеріне негізделген экспозициясы бауырдың жеңіл, орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациентер үшін қалыптың сәйкесінше 119%, 107% және 180% құрады. Бауыр функциясы бұзылған пациенттердің плазмасындағы плазма ақуыздарының байланысуы тиісті дені сау субъектілердегімен бірдей екендігі анықталды және концентрацияға ешқандай тәуелділік байқалмады. Чайлд-Пью бойынша В класы бар (бауырдың орташа жеткіліксіздігі, 3 пациент базалық зерттеуде ленватиниб қабылдады) ГЦО бар және Чайлд-Пью бойынша С (бауырдың ауыр жеткіліксіздігі) ГЦО бар пациенттер үшін деректер жеткіліксіз. Ленватиниб негізінен бауыр арқылы шығарылады және бұл пациенттерде экспозициясы артуы мүмкін.
Орташа жартылай шығарылу кезеңі бауырдың жеңіл, орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ бауыр функциясы қалыпты пациенттерде салыстырмалы болды және 26-дан 31 сағатқа дейінді құрады. Несеппен бірге шығарылатын ленватиниб дозасының пайызы барлық когорталарда төмен болды (ем алған когорталарда <2,16%).

Жүктілік

Жүкті әйелдердің ленватинибті қолданғаны туралы деректер жоқ. Ленватинибті, ана үшін пайда мен шарана үшін қауіпті мұқият зерттегеннен кейін және тек шұғыл қажеттілік жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Емізу

Ленватиниб лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі:
- Несеп-жол инфекциялары
- Қан жасушаларының төмендеуі (тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, лимфопения, комбинацияда анемия жиірек)
- Гипотиреоз, ТТГ жоғарылауы (комбинацияда гипертиреоз да болады)
- Электролит бұзылыстары (кальций, калий, магний төмендеуі), холестерин жоғарылауы
- Салмақ пен тәбеттің төмендеуі
- Бас ауруы, бас айналу, дәм сезудің бұзылуы
- Артериялық гипертензия, қан кетулер
- Дисфония (дауыс қарлығуы)
- Асқазан-ішек белгілері: диарея, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, стоматит
- Бауыр ферменттерінің жоғарылауы
- Тері реакциялары (бөртпе, алақан-табан синдромы)
- Бұлшықет пен буын ауруы
- Протеинурия, креатининнің жоғарылауы
- Шаршағыштық, әлсіздік, ісіну
Жиі:
- Сусыздану, ұйқысыздық
- Жүрек бұзылыстары (инфаркт, жүрек жеткіліксіздігі, QT аралығының ұзаруы)
- Өкпе эмболиясы
- Панкреатит, асқазан-ішек перфорациясы, колит
- Бауыр жеткіліксіздігі, холецистит
- Бүйрек жеткіліксіздігі
- Жалпы әлсіздік
Жиі емес:
- Абсцестер, көкбауыр инфаркті
- Бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі
- Неврологиялық асқынулар (энцефалопатия, транзиторлы ишемиялық шабуыл)
- Пневмоторакс
- Гепатит
- Жақ сүйегінің остеонекрозы
- Нефротикалық синдром
- Жараның баяу жазылуы
Өте сирек/белгісіз:
- Артерия аневризмалары және қабырғасының ажырауы
- Жыланкөздер (свищтер)

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Қолданылуы:
- Қалқаншабездің дифференциацияланған обырында (ҚБДО)
Ленватиниб қалқаншабездің үдемелі, жергілікті таралған немесе метастаздық дифференциацияланған (папиллярлық/фолликулдық/Гюртле жасушаларынан дамитын), радийбелсенді йодпен емдеуге рефрактерлі обыры бар ересек пациенттерде монотерапия түрінде емдеуге арналған.
- Гепатоцеллюлярлық обырда (ГЦО)
Ленватиниб үдемелі немесе операция жасауға болмайтын гепатоцеллюлярлық обыры бар (ГЦО), бұрын жүйелі ем қабылдамаған ересек пациенттерде монотерапия түрінде емдеуге арналған.
-Эндометрий обырында (ЭО)
Пембролизумабпен біріктірілген Ленватиниб кез келген жағдайларда құрамында платина бар еммен алдыңғы емдеу жүргізгенде немесе одан кейін ауруының үдегені байқалатын және түбегейлі хирургиялық араласымға немесе сәулелік емге үміткер емес, эндометрийдің таралған немесе қайталанатын обыры (ЭО) бар ересек пациенттерді емдеуге арналған.
Қолдану тәсілі:
- Ленватиниб пероральді қолдануға арналған. Капсулаларды тамақтануға байланыссыз күн сайын шамамен белгілі бір уақытта қабылдау керек. Күтім жасайтын адамдар ішіндегісімен жанаспау үшін капсуланы ашпауы керек.
Ленватиниб капсулаларын сумен ішіп, бүтіндей жұтуға болады немесе бүтін капсуланы (капсулаларды) суда, алма шырынында немесе сүтте еріту арқылы дайындалған суспензия түрінде енгізуге болады. Суспензияны пероральді немесе тамақтандыру сүңгісі арқылы енгізуге болады. Тамақтандыру сүңгісі арқылы енгізген кезде суспензияны суды пайдаланып дайындау керек (суспензияны дайындау және енгізу туралы ақпаратты төменде қараңыз). Егер ленватиниб суспензиясы дайындаған кезде қолданылмаса, оны тоңазытқышта жабық контейнерде 2°C-ден 8°C-ге дейінгі температурада 24 сағаттан артық емес уақытқа сақтауға болады. Тоңазытқыштан шығарғаннан кейін, суспензияны пайдаланар алдында шамамен 30 секунд бойы сілку керек. Егер суспензия 24 сағат бойы пайдаланылмаса, оны утилизациялау керек.
Пембролизумабпен біріктіріп қолдану үшін медициналық қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықты қарау қажет.
Суспензия дайындау
- Суспензияны суды, алма шырынын немесе сүтті пайдаланып дайындауға болады. Тамақтандыру сүңгісі арқылы енгізген кезде суспензияны суды пайдаланып дайындау керек.
- Тағайындалған дозаға сәйкес келетін капсуланы (капсулаларды) (5 капсулаға дейін) шағын контейнерге (сыйымдылығы шамамен 20 мл (4 шай қасық)) немесе препаратты пероральді енгізуге арналған шприцке (20 мл) салыңыз; капсулаларды сындырмаңыз немесе ұсақтамаңыз.
- Контейнерге немесе пероральді қолдануға арналған шприцке 3 мл сұйықтық қосыңыз. Капсула қабығы (сыртқы беткейі) ерігенше 10 минут күте тұрыңыз, содан кейін ішіндегісі толығымен ерігенше қоспаны 3 минут бойы араластырыңыз немесе сілкіңіз.
- Шприцті пайдаланған кезде оны қақпағымен жабыңыз, поршеньді шешіңіз де, бірінші шприцке сұйықтық қосу үшін екінші шприцті немесе калибрленген тамшуырды қолданыңыз, содан кейін араластырмас бұрын поршеньді ауыстырыңыз.
- Контейнердің немесе шприцтің барлық ішіндегісін енгізіңіз. Суспензияны контейнерден тікелей ауызға немесе шприцтен тікелей ауызға немесе тамақтандыру сүңгісі арқылы енгізуге болады.
- Содан кейін екінші шприцті немесе тамшуырды пайдаланып контейнерге немесе шприцке тағы 2 мл сұйықтық қосыңыз, шайқаңыз немесе сілкіңіз және енгізіңіз. Барлық дәрі-дәрмектің қабылданғанына көз жеткізу үшін бұл қадамды кем дегенде екі рет және көрінетін қалдық қалғанша қайталаңыз.
Дозалау режимі:
Ленватиниб препаратымен емдеу ісікке қарсы ем жүргізу тәжірибесі бар медицина қызметкерінің бақылауымен басталуы және жүргізілуі тиіс.
Жүрек айнуды, құсуды және диареяны дәрі-дәрмекпен оңтайлы емдеу ленватинибпен емдеуді тоқтатқанға дейін немесе дозаны төмендеткенге дейін басталуы керек; асқазан-ішек уыттылығын бүйрек жеткіліксіздігінің немесе бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін азайту үшін белсенді түрде емдеу керек.
Егер пациент дозаны өткізіп алса және оны 12 сағат ішінде қабылдауға мүмкіндік болмаса, онда бұл дозаны өткізіп жіберіп, келесі дозаны әдеттегі белгіленген уақытында қайта бастау керек. Емдеуді клиникалық тиімділігі байқалғанға дейін немесе қолайсыз уыттылық көрінісі пайда болғанға дейін жалғастыру керек.
Қалқаншабездің дифференциацияланған обыры (ҚБДО)
Ленватинибтің ұсынылатын тәуліктік дозасы тәулігіне бір рет 24 мг (10 мг-ден екі капсула және 4 мг-ден бір капсула) құрайды. Тәуліктік дозасы дозаны/уыттылықты басқару жоспарына сәйкес қажет болған жағдайда түзетілуі керек.
ҚБДО кезінде дозаны түзету және тоқтату
Жағымсыз реакцияларды емдегенде дозаны тоқтату, түзету немесе ленватинибпен емдеуді тоқтату қажет болуы мүмкін. Жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі жағымсыз реакциялар (мысалы, 1 немесе 2 дәрежелі) оңтайлы емге қарамастан, пациентке жақпаған жағдайларды қоспағанда, әдетте ленватинибті қабылдауды тоқтатуды қажет етпейді. Ауыр (мысалы, 3-дәрежелі) немесе жақпайтын жағымсыз реакциялар ленватинибті қабылдауды реакция 0–1 дәрежеге немесе бастапқы деңгейіне дейін жақсарғанша тоқтата тұруды қажет етеді.
Өмірге қауіп төндірмейтін деп саналатын, зертханалық көрсеткіштерден ауытқуларды қоспағанда, өмірге қауіп төндіретін реакциялар (мысалы, 4-дәрежелі) туындаған жағдайда емдеуді тоқтату керек, бұл жағдайда оларды ауыр реакциялар ретінде емдеу керек (мысалы, 3-дәрежелі).
Гепатоцеллюлярлық обыр
Ленватинибтің ұсынылатын тәуліктік дозасы дене салмағы ≥ 60 кг пациенттер үшін тәулігіне бір рет 8 мг (4 мг-ден екі капсула) және дене салмағы ≥ 60 кг пациенттер үшін тәулігіне бір рет 12 мг (4 мг-ден үш капсула) құрайды. Дозаны түзету емдеу кезінде дене салмағының өзгеретініне емес, тек байқалатын уыттылыққа негізделген. Тәуліктік дозасы дозаны/уыттылықты басқару жоспарына сәйкес қажет болған жағдайда өзгертілуі керек.
ГЦО кезінде дозаны түзету және емдеуді тоқтату
Кейбір жағымсыз реакцияларды емдегенде дозаны тоқтату, түзету немесе ленватинибпен емдеуді тоқтату қажет болуы мүмкін. Жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі жағымсыз реакциялар (мысалы, 1 немесе 2 дәрежелі) емнің тиімділігіне қарамастан, пациентке жақпаған жағдайларды қоспағанда, әдетте ленватинибті қабылдауды тоқтатуды қажет етпейді.
Эндометрий обыры (ЭО)
Ленватиниб препаратының ұсынылатын дозасы қолайсыз уыттылық пайда болғанға немесе ауру үдегенге дейін 30 минут ішінде пембролизумабпен біріктірілімде әр 3 апта сайын 200 мг-ден немесе әр 6 апта сайын 400 мг-ден венаішілік инфузия түрінде тәулігіне бір рет 20 мг құрайды.
Пембролизумабтың дозасы туралы қосымша ақпаратты қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықтан қараңыз.
ЭО кезінде дозаны түзету және препаратты қабылдауды тоқтату
Ленватинибті пембролизумабпен біріктіріп тағайындағанда жағдайға байланысты дозаны тоқтату, төмендету немесе Ленватинибті қабылдауды тоқтату керек. Пембролизумабты қабылдауды пембролизумабты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тоқтата тұру немесе тоқтату қажет. Пембролизумаб үшін дозаны төмендету ұсынылмайды.

Балаларда қолданылуы

Ленватинибті қауіпсіздік мәселелеріне байланысты 2 жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайды. 2-ден 18 жасқа дейінгі балалардағы ленватинибтің қауіпсіздігі мен тиімділігі әлі анықталған жоқ.