L01ED05 Лорлатиниб (Lorlatinib)
Қолдану көрсеткіштері
| Лорлатиниб
препараты монотерапия ретінде бұрын ALK тежегішімен ем алмаған, анаплазиялық
лимфома киназасы (ALK)-оң таралған өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры
(ӨҰЖО) бар ересек пациенттерді емдеу
үшін көрсетілген. Препарат монотерапия ретінде ALK-оң таралған ӨҰЖО бар, ауруы келесі препараттарды қолданғаннан кейін өршіген ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген: • алектиниб немесе церитиниб ALK бірінші желісінің тирозинкиназа тежегіштерімен ем ретінде; немесе • кризотиниб және кем дегенде тағы бір ALK тирозинкиназа тежегіші. |
-
Клинические протоколы:
- Рак легкого
Қарсы көрсеткіштері
| лорлатинибке
немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; күшті CYP3A4/5 индукторларын қатар қолдану; |
Қауіпсіздік шаралары
| Гиперлипидемия - Лорлатинибті
қолдану сарысулық холестерин мен триглицеридтер деңгейінің жоғарылауымен
байланысты. Сарысулық холестерин мен триглицеридтер деңгейінің күрт
жоғарылауының уақыт медианасы
сәйкесінше 201 күнді (диапазоны: 29-дан 729 күнге дейін) және 127 күнді (диапазоны: 15-тен
1367 күнге дейін) құрайды. Сарысулық холестерин мен триглицеридтердің
деңгейін лорлатиниб қабылдауды бастамас бұрын, лорлатиниб қабылдауды
бастағаннан кейін 2, 4 және 8 аптадан кейін, содан кейін тұрақты негізде
бақылап, анықтау қажет. Егер көрсетілген болса, липидті төмендететін дәрілік
заттардың дозасын қабылдауды бастау немесе арттыру керек. Орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар - Лорлатиниб қабылдайтын пациенттерде орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) тарапынан бұзылулар, оның ішінде психоздық бұзылулар және когнитивтік функциялардың, көңіл-күйдің, психикалық жағдайдың немесе сөйлеудің өзгерістері байқалды. Орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар дамитын пациенттерде дозаны түзету немесе емді тоқтату қажет болуы мүмкін. Атриовентрикулярлық блокада - Лорлатиниб екінші немесе үшінші дәрежелі АВ-блокадасы бар (егер кардиостимулятор орнатылмаған болса) немесе PR >220 мсек аралықпен кез келген АВ-блокадасы бар пациенттер популяциясында зерттелді. Лорлатиниб қабылдайтын пациенттерде PR және АВ-блокада аралығының ұзаруы туралы хабарланды. Лорлатиниб қабылдауды бастар алдында және одан кейін ай сайын, әсіресе клиникалық маңызды кардиологиялық оқиғалардың туындауына бейімділігі бар пациенттерде электрокардиограмма (ЭКГ) көмегімен мониторинг жүргізген жөн. AВ-блокада дамитын пациенттерде дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Сол жақ қарыншаның шығару фракциясының төмендеуі - бастапқы деңгейде СҚШФ бағалау және кемінде бір кейінгі бағалау жүргізілген лорлатиниб алған пациенттерде сол жақ қарыншаның шығару фракциясының (СҚШФ) төмендегені туралы хабарланды. Клиникалық зерттеулердің қолда бар деректері негізінде жүректің жиырылғыштығы мен лорлатиниб өзгерістеріне әсер ету арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау мүмкін емес. Жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары бар пациенттерде және СҚШФ-ға әсер етуі мүмкін аурулары бар пациенттерде бастапқы деңгейде және емдеу кезінде СҚШФ-ны бағалауды қоса алғанда, кардиомониторинг жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек. Емдеу кезінде жүрек тарапынан тиісті белгілер/симптомдар дамитын пациенттерде СҚШФ бағалауды қоса алғанда, кардиомониторинг жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек. Липаза мен амилаза деңгейінің жоғарылауы - Лорлатиниб алған пациенттерде липаза және/немесе амилаза деңгейінің жоғарылауы орын алды. Сарысудағы липаза мен амилаза деңгейінің жоғарылауының медианалық уақыты сәйкесінше 169 күн (диапазоны: 1-ден 1755 күнге дейін) және 158 күн (диапазоны: 1-ден 1932 күнге дейін). Лорлатиниб қабылдайтын пациенттерде қатар жүретін гипертриглицеридемия және/немесе әлеуетті ішкі механизм салдарынан туындайтын панкреатиттің даму қаупін ескерген жөн. Пациенттерде лорлатинибпен емдеуді бастар алдында липаза және амилаза деңгейінің жоғарылауына, содан кейін клиникалық көрсеткіштер бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізген жөн. Өкпенің интерстициальді ауруы/ пневмонит - Лорлатиниб қабылдаған кезде өкпе тарапынан ӨИА/пневмонитке сәйкес келетін ауыр немесе өмірге қауіп төндіретін жағымсыз реакциялар туындады. Тыныс алу жүйесі тарапынан ӨИА/пневмонитті (мысалы, ентігу, жөтел және температураның жоғарылауы) көрсететін симптомдардың нашарлауы байқалатын кез келген пациентті ӨИА/пневмонитке жедел тексеру қажет. Лорлатиниб қабылдауды ауырлық дәрежесі негізінде тоқтата тұру және/немесе толық тоқтату керек. Артериялық гипертензия - Лорлатиниб қабылдаған пациенттерде артериялық гипертензия жағдайлары тіркелген. Лорлатинибпен емдеуді бастағанға дейін пациенттің артериялық қысымы жақсы бақылануы керек. Лорлатинибпен емдеу кезінде 2 аптадан кейін және айына кемінде бір рет артериялық қысымға мониторинг жүргізу қажет. Лорлатиниб қолданудан бас тартқан және төмендетілген дозада қабылдауды қайта бастаған немесе ауырлық дәрежесін бағалау негізінде препаратты қабылдауды толық тоқтатқан жөн. Гипергликемия - Лорлатиниб қабылдаған пациенттерде гипергликемия жағдайлары орын алды. Лорлатинибпен емдеу басталғанға дейін және емдеу басталғаннан кейін кезең-кезеңімен ұлттық ұсынымдарға сәйкес ашқарынға қан сарысуындағы глюкоза деңгейін бағалау керек. Лорлатиниб қолданудан бас тартқан және төмендетілген дозада қабылдауды қайта бастаған немесе ауырлық дәрежесін бағалау негізінде препаратты толық тоқтатқан жөн. Лактоза жақпаушылығы - бұл дәрілік препараттың құрамында қосымша зат ретінде лактоза бар. Галактоза жақпаушылығы, жалпы лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер осы дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс. Тағамдық натрий - бұл дәрілік препараттың құрамында 25 мг немесе 100 мг таблеткаға кемінде 1 ммоль натрий (23 мг) бар. Төмен натрийлі диетаны ұстанатын пациенттерге бұл препарат натрийсіз деп саналатындығы туралы хабарлау керек. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| In
vitro деректері лорлатиниб негізінен CYP3A4 және
уридиндифосфатглюкуронозилтрансферазамен (UGT)1А4 метаболизденетінін көрсетеді, бұл ретте
CYP2C8, CYP2C19, CYP3A5 және UGT1A3 елеусіз үлес қосады. Дәрілік препараттардың лорлатинибке әсері CYP3A4/5 индукторлары - Рифампицин, күшті индуктор CYP3A4/5, 12 күн бойы тәулігіне бір рет 600 мг дозада пероральді қолданған кезде, дені сау еріктілерде лорлатинибтің фармакокинетикалық қисығы астындағы орташа ауданның (AUCinf) 85% - ға және 100 мг лорлатинибтің бір реттік пероральді дозасында Cmax 76% - ға азаюына әкелді; сондай-ақ АСТ және АЛТ деңгейлерінің артуы байқалды. Лорлатинибті күшті CYP3A4/5 индукторларымен (мысалы, рифампицин, карбамазепин, энзалутамид, митотан, фенитоин және шайқурай) бір мезгілде қабылдау қан плазмасындағы лорлатинибтің концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Лорлатинибпен күшті CYP3A4/5 индукторын қолдануға болмайды. Дені сау еріктілерде CYP3A4/5 қалыпты индукторы модафинилмен (19 күн ішінде тәулігіне бір рет 400 мг) бір мезгілде 100 мг дозада лорлатинибті бір рет пероральді қабылдағаннан кейін бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің клиникалық елеулі өзгерістері байқалған жоқ. Модафинил лорлатинибпен бірге қолданған кезде оның фармакокинетикасына клиникалық маңызды әсер еткен жоқ. CYP3A4/5 тежегіштері - Итраконазол, CYP3A4/5 күшті тежегіші, тәулігіне бір рет 200 мг дозада 5 күн ішінде пероральді қолданғанда сау еріктілерде лорлатинибтің орташа AUCinf 42% - ға, ал лорлатинибтің бір реттік 100 мг пероральді дозасында Cmax 24% - ға ұлғаюына алып келді. Лорлатинибті күшті CYP3A4/5 тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау (мысалы, боцепревир, кобицистат, итраконазол, кетоконазол, позаконазол, тролеандомицин, вориконазол, ритонавир, паритапревир ритонавирмен және омбитасвирмен және/немесе дасабувирмен үйлесімде, сондай-ақ ритонавир эльвитегравирмен, индинавирмен, лопинавирмен немесе типранавирмен үйлесімде) қан плазмасындағы лорлатинибтің концентрациясының артуына әкелуі мүмкін. Грейпфрут өнімдері қан плазмасындағы лорлатинибтің концентрациясын жоғарылатуы мүмкін және оларды қолданудан аулақ болу керек. CYP3A4/5 тежелу әлеуеті төмен баламалы қатарлас дәрілік препаратты қарастыру керек. Егер күшті CYP3A4/5 тежегішін бір мезгілде қолдану қажет болса, лорлатинибтің дозасын төмендету ұсынылады. CYP3A4/5 субстраттары - In vitro зерттеулері лорлатиниб уақытқа тәуелді тежегіш, сондай-ақ CYP3A4/5 индукторы болып табылатынын көрсетті. 15 күн ішінде тәулігіне бір рет 150 мг лорлатинибтің пероральді дозасы бір реттік пероральді 2 мг мидазолам дозасының AUCinf және Cmax (CYP3A сезімтал субстраты) тиісінше 61% және 50% - ға төмендетті; демек, лорлатиниб CYP3A қалыпты индукторы болып табылады. Сондықтан лорлатинибті тар емдік көрсеткіштері бар, оның ішінде альфентанил, циклоспорин, дигидроэрготамин, эрготамин, фентанил, гормондық контрацептивтер, пимозид, хинидин, сиролимус және такролимус сияқты CYP3A4/5 субстраттарымен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек, өйткені бұл препараттардың концентрациясын лорлатиниб төмендетуі мүмкін. CYP2B6 субстраттары - 15 күн ішінде тәулігіне бір рет 100 мг дозада лорлатиниб қолдану 100 мг бір реттік пероральді дозаны (CYP2B6 және СYР3А4 біріктірілген субстратты) қабылдағаннан кейін бупропионның AUCinf және Cmax тиісінше 49,5% және 53% - ға төмендеуіне әкелді. Осылайша, лорлатиниб CYP2B6 әлсіз индукторы болып табылады және лорлатинибті негізінен CYP2B6 метаболизденетін дәрілік препараттармен біріктіріп қолданған кезде дозаны түзету талап етілмейді. CYP2C9 субстраттары - 15 күн ішінде тәулігіне бір рет 100 мг дозада лорлатиниб қолдану 500 мг бір реттік пероральді дозаны (CYP2C9 сезімтал субстраты) қабылдағаннан кейін толбутамидтің AUCinf және Cmax тиісінше 43% және 15%-ға төмендеуіне әкелді. Осылайша, лорлатиниб әлсіз CYP2C9 индукторы болып табылады және негізінен CYP2C9 метаболизденетін дәрілік препараттар үшін дозаны түзету талап етілмейді. Алайда, CYP2C9 метаболизденетін (мысалы, кумариндік антикоагулянттар) тар терапиялық диапазоны бар дәрілік препараттармен қатар ем алып жүрген пациенттердің жағдайына бақылау жүргізу керек. UGT субстраттары - 15 күн ішінде тәулігіне бір рет 100 мг дозада лорлатиниб қолдану тиісінше 500 мг бір реттік пероральді дозаны қабылдағаннан кейін (UGT, SULT және CYP1A2, 2A6, 2D6 және 3A4 субстраты) ацетаминофеннің AUCinf және Cmax 45% және 28%-ға төмендеуіне әкелді. Осылайша, лорлатиниб UGT әлсіз индукторы болып табылады және негізінен UGT метаболизденетін дәрілік препараттардың дозасын түзету қажет емес. Алайда UGT метаболиздейтін емдік ауқымы тар дәрілік препараттармен қатарлас ем алатын пациенттердің жағдайына бақылау жүргізу керек. P-гликопротеин субстраттары - 15 күн ішінде тәулігіне бір рет 100 мг дозада лорлатиниб қолдану 60 мг бір реттік пероральді дозаны [P-гликопротеиннің сезімтал субстраты (P-gp)] қабылдағаннан кейін фексофенадиннің AUCinf және Cmax тиісінше 67% және 63%-ға төмендеуіне әкелді. Осылайша, лорлатиниб P-gp орташа индукторы болып табылады. P-gp субстраттары (мысалы, дигоксин, дабигатран этексилаты) болып табылатын емдік ауқымы тар дәрілік препараттарды осы субстраттардың плазмадағы концентрациясының төмендеу ықтималдығына байланысты лорлатинибпен бірге сақтықпен қолдану керек. Басқа CYP ферменттерінің тежелуі мен индукциясын in vitro зерттеу In vitro лорлатинибтің CYP1A2 индукциясы жолымен дәріаралық өзара әрекеттесуді туындату әлеуеті төмен. P-gp-ден басқа тасымалдаушылармен in vitro зерттеулер In vitro зерттеулері лорлатиниб клиникалық маңызды концентрацияларда BCRP (асқазан-ішек жолында), OATP1B1, OATP1B3, OCT1, MATE1 және OAT3 тежеуі мүмкін екенін көрсетті. Лорлатинибті BCRP, OATP1B1, OATP1B3, OCT1, MATE1 және OAT3 субстраттарымен бірге сақтықпен қолдану керек, өйткені плазмадағы осы субстраттардың экспозициясындағы клиникалық маңызды өзгерістерді жоққа шығаруға болмайды. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек функциясы қалыпты және ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа бұзылған [шумақшалық сүзілудің абсолюттік есептік жылдамдығы (еШСЖ): ≥30 мл/мин] пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясы ауыр дәрежеде бұзылған пациенттерге (абсолюттік еШСЖ <30 мл/мин) лорлатинибтің азайтылған дозасы ұсынылады, мысалы, бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 75 мг пероральді. Бүйрек диализіндегі пациенттерде лорлатинибті қолдану туралы ақпарат жоқ. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр функциясының жеңіл дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерге препарат дозасын түзету ұсынылмайды. Бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылуы бар пациенттерге лорлатиниб ұсынылмайды |
Жүктілік
| Лорлатиниб жүктілік кезінде және контрацепция құралдарын пайдаланбайтын бала тууға қабілетті әйелдерге ұсынылмайды. |
Емізу
| Лорлатинибті емізу кезеңінде қолдануға болмайды. Лорлатинибпен емдеу кезінде және соңғы дозаны қабылдағаннан кейінгі 7 күн бойы емізуді тоқтату қажет. |
Жағымсыз әсерлері
| Өте жиі (барлық ауырлық дәрежесі / 3–4 дәрежесі) - Анемия — 19,6% / 4,4% - Гиперхолестеринемия — 79,0% / 19,2% - Гипертриглицеридемия — 67,5% / 20,3% - Көңіл-күйге әсері — 21,4% / 1,3% - Когнитивтік бұзылулар — 27,4% / 3,5% - Перифериялық нейропатия — 44,2% / 2,6% - Бас ауруы — 18,6% / 0,7% - Көру бұзылысы — 16,1% / 0,2% - Артериялық гипертензия — 14,8% / 6,0% - Диарея — 22,7% / 1,8% - Ұйқысыздық (құсу) — 17,6% / 0,9% - Қабыну — 16,8% / 0,2% - Терінің бөртпесі — 14,6% / 0,2% - Артралгия — 27,8% / 0,7% - Миалгия — 15,0% / 0% - Ісіну — 55,4% / 2,9% - Шаршағыштық — 30,7% / 1,1% - Дене салмағының ұлғаюы — 29,8% / 11% - Липаза деңгейінің жоғарылауы — 12,8% / 6,8% - Амилаза деңгейінің жоғарылауы — 11,3% / 2,7% Жиі (барлық ауырлық дәрежесі / 3–4 дәрежесі) - Гипергликемия — 9,7% / 3,7% - Психотикалық бұзылыстар — 6,9% / 0,9% - Психикалық күйдің өзгеруі — 1,1% / 0,9% - Сөйлеу бұзылысы — 8,2% / 0,7% - Пневмонит — 2,4% / 0,7% - Протеинурия — 3,7% / 0,4% Жиі емес (барлық ауырлық дәрежесі / 3–4 дәрежесі) - ЭКГ-де PR интервалының ұзаруы — 0,7% / 0% Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы Гиперхолестеринемия/гипертриглицеридемия - сарысу холестеринінің немесе триглицеридтердің деңгейінің жоғарылауы түріндегі жағымсыз реакциялар пациенттердің тиісінше 79,0% және 67,5%-ында байқалды. Олардың ішінде жеңіл немесе орташа дәрежедегі гиперхолестеринемия немесе гипертриглицеридемия түріндегі жағымсыз реакциялар тиісінше пациенттердің 59,8% - ында және 47,2%-ында орын алды. Гиперхолестеринемия да, гипертриглицеридемия да пайда болғанға дейінгі уақыттың медианасы тиісінше 15 күнді (диапазоны: 1-ден 1921 күнге дейін) және 16 күнді (диапазоны: 1-ден 1921 күнге дейін) құрады. Гиперхолестеринемия мен гипертриглицеридемияның ұзақтық медианасы сәйкесінше 526 және 519 күнді құрады. Орталық жүйке жүйесі тарапынан әсерлер - ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялар негізінен келесідей болды: когнитивті бұзылулар (27,4 %), көңіл-күйдің өзгеруі (21,4 %), сөйлеудің бұзылуы (8,2 %) және психоздық бұзылулар (6,9 %) және, әдетте, дозаны кешеуілдеткен және/немесе дозаны төмендеткен кезде жеңіл, өтпелі және өздігінен қайтымды болды. Кез-келген дәрежедегі танымдық функцияға әсер етудің ең көп таралған әсері есте сақтау қабілетінің нашарлауы болды (10,8 %), ал ең жиі кездесетін 3 немесе 4-дәрежелі реакциялар сананың шатасуы және когнитивтік бұзылулар болды (сәйкесінше 1,6 % және 0,7 %). Кез келген дәрежедегі көңіл-күйге әсер етудің ең жиі әсері үрейлену (7,3 %) болды, ал 3 немесе 4 ауырлық дәрежесінің ең жиі реакциялары ашушаңдық (0,7 %) және депрессия (0,4 %), үрей, қозу және 1-типті биполярлық бұзылыс (әрқайсысы 0,2 %). Кез келген дәрежедегі ең көп таралған сөйлеу бұзылыстары дизартрия (3,8 %), ал 3 немесе 4 ауырлық дәрежесіндегі реакциялар дизартрия (0,4 %), баяу сөйлеу және сөйлеу бұзылыстары болды (әрқайсысы 0,2 %). Кез келген ауырлық дәрежесіндегі ең жиі психоздық бұзылулар елестеулер (2,7%) болды, ал 3 немесе 4-ауырлық дәрежесіндегі ең жиі реакциялар есту елестеулері және көру елестеулері, сандырақ идеялер, жедел психоз және шизофрения бұзылысы (әрқайсысы 0,2%) болды. Когнитивтік функцияға, көңіл-күйге, сөйлеуге және психоздық бұзылуларға әсер ету әсерінің пайда болуының уақыт медианасы сәйкесінше 129, 57, 58 және 27 күнді құрады. Когнитивтік функцияның бұзылуының, көңіл-күйдің, сөйлеудің және психоздық деңгейдің бұзылуының ұзақтық медианасы сәйкесінше 270, 145, 147 және 84 күнді құрады. Артериялық гипертензия түріндегі жағымсыз реакциялардың пайда болуы туралы А, CROWN (B7461006) зерттеулеріндегі және В зерттеуіндегі (B7461027) пациенттердің 14,8% - ында хабарланды. Оның ішінде пациенттердің 8,8 %-ында жеңіл немесе орташа ауырлықтағы артериялық гипертензия байқалды. Артериялық гипертензия басталғанға дейінгі уақыттың медианасы 295 күнді құрады (диапазоны: 1-ден 1990 күнге дейін). Артериялық гипертензия ұзақтығының медианасы 505 күнді құрады. Гипергликемия түріндегі жағымсыз реакциялардың пайда болуы туралы А, CROWN (B7461006) зерттеулеріндегі және В зерттеуіндегі (B7461027) пациенттердің 9,7%-ында хабарланды. Оның ішінде пациенттердің 6,0%-ында жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесіндегі гипергликемия байқалған. Гипергликемия басталғанға дейінгі уақыттың медианасы 148 күнді құрады (диапазоны: 1-ден 1637 күнге дейін). Гипергликемия ұзақтығының медианасы 118 күнді құрады. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Қолданылуы: Лорлатиниб препараты монотерапия ретінде бұрын ALK тежегішімен ем алмаған, анаплазиялық лимфома киназасы (ALK)-оң таралған өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры (ӨҰЖО) бар ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген. Лорлатиниб препараты монотерапия ретінде ALK-оң таралған ӨҰЖО бар, ауруы келесі препараттарды қолданғаннан кейін өршіген ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген: • алектиниб немесе церитиниб ALK бірінші желісінің тирозинкиназа тежегіштерімен ем ретінде; немесе • кризотиниб және кем дегенде тағы бір ALK тирозинкиназа тежегіші. Қолдану тәсілі: Лорлатиниб препараты пероральді қолдануға арналған. Пациенттерге лорлатиниб дозасын күн сайын тамақпен немесе тамақсыз шамамен бір уақытта қабылдау ұсынылады. Таблеткаларды тұтастай жұтқан жөн (шайнамау, сындырмау және жұтар алдында оларды бөлмеу керек). Таблеткаларды, егер олар сынған болса, сызат болса немесе олардың тұтастығы басқаша жолмен бұзылса, жұтуға болмайды. Дозалау режимі: Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет пероральді қабылданатын 100 мг лорлатинибті құрайды. Терапияның ұзақтығы - Лорлатинибпен емдеуді аурудың өршуіне дейін немесе қолайсыз уыттылық туындағанға дейін жалғастыру керек. Кешіктіріп қабылданған дозалар немесе өткізіп алған дозалар Лорлатиниб препаратының дозасын өткізіп алған жағдайда, оны пациент есіне түсе салысымен қабылдау керек, келесі дозаны қабылдауға 4 сағаттан аз уақыт қалған жағдайларды қоспағанда, және бұл жағдайда пациент өткізіп алған дозаны қабылдамауы керек. Пациенттер өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін бір мезгілде 2 дозаны қабылдамауы керек. Дозаның модификациясы - жеке қауіпсіздік пен жақпаушылыққа байланысты қабылдауды тоқтату немесе дозаны азайту қажет болуы мүмкін. Лорлатиниб дозасын төмендету деңгейлері төменде берілген: • дозаны алғашқы төмендету: күніне бір рет 75 мг пероральді • дозаны екінші төмендету: күніне бір рет 50 мг пероральді Егер пациент күніне бір рет 50 мг пероральді дозаны көтере алмаса, лорлатинибті қабылдауды толық тоқтату керек. |
Балаларда қолданылуы
| Лорлатинибтің қауіпсіздігі мен тиімділігі 18 жасқа дейінгі балаларда анықталған жоқ. Балаларға қолдану туралы деректер жоқ. |