B05XC Дәрумендер (Vitamins)

Қолдану көрсеткіштері

Балаларға арналған дәрумендер майда еритін A, D2, E және K1 дәрумендерінің тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ететін парентеральдік қоректендіру кезінде қоспа ретінде емшектегі балаларға және 11 жастан кіші балаларға арналған.

Қарсы көрсеткіштері

жұмыртқа, соя немесе арахис ақуызына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Тазартылған соя майында арахис ақуызы болуы мүмкін. Соя майы мен арахис арасында айқаспалы аллергия дамуы мүмкін.
Сонымен қатар, Балаларға арналған дәрумендер келесі жағдайларда қолдануға болмайды:
- препарат құрамына кіретін кез келген дәруменнің гипервитаминозы жағдайында
- ауыр гиперкальциемия, гиперкальциурия кезінде немесе басқа емдеу кезінде, ауыр гиперкальциемияға және/немесе гиперкальциурияға әкелетін ауру және/немесе күйде (мысалы, жаңа өсінділер, сүйек тініндегі метастаздар, бастапқы гиперпаратиреоз, гранулематоз)
- А дәрумені немесе ретиноидтармен бірге.

Қауіпсіздік шаралары

Балаларға арналған дәрумендер препаратының қосылатын жалпы мөлшері күніне 10 мл-ден аспауы керек.
Аса жоғары сезімталдық реакциясының белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде инфузияны дереу тоқтату қажет.
Дәрумендік уыттылық
- Артық дозалануды және уытты әсерлердің дамуын болдырмау үшін пациенттің клиникалық жағдайын және қандағы дәрумендердің концентрациясын бақылау керек. Әсіресе A, D және E дәрумендеріне қатысты, атап айтқанда, басқа көздерден қосымша дәрумендер алатын немесе дәрумендердің уыттылық қаупін арттыратын басқа да дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерде.
- Дәрумендік қоспаларды ұзақ уақыт қабылдайтын пациенттер мұқият медициналық бақылауда болуы тиіс.
А гипервитаминозы:
А гипервитаминозының және А дәруменінің уыттылығының қаупі (мысалы, тері мен сүйек тіндері тарапынан бұзылулар, көзге қос көрінуі, цирроз), мысалы, протеиндік жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі (тіпті А дәрумені қоспалары болмаған кезде де), бауыр жеткіліксіздігі бар, дене мөлшері кішкентай (мысалы, балалар) пациенттерде және дәрумендермен ұзақ ем қабылдаған пациенттерде артады.
А дәруменінің уыттылығы бауырдың жедел ауруы бар және организмде А дәруменінің жеткілікті депосы бар пациенттерде білінуі мүмкін.
D гипервитаминозы:
Д дәруменінің жоғары дозалары гиперкальциемия мен гиперкальциурияны тудыруы мүмкін. D дәруменінің уыттылық қаупі гиперкальциемияға және/немесе гиперкальциурияға әкелетін аурулары және/немесе жай-күйі бар пациенттерде немесе дәрумендік емді ұзақ уақыт қабылдайтын пациенттерде артады.
Е гипервитаминозы:
Бұл өте сирек болса да, Е дәруменінің жоғары дозалары тромбоциттердің дисфункциясы мен қан ұюының бұзылуына байланысты жаралардың баяу жазылуына әкелуі мүмкін. Е дәруменінің уытты әсер ету қаупі бауыр функциясы бұзылған пациенттерде, қан ұюы бұзылған пациенттерде немесе пероральді антикоагулянттар қабылдайтын немесе ұзақ уақыт дәрумендермен ем қабылдап жүрген пациенттерде артады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Препараттың құрамына кіретін дәрумендер мен басқа да дәрілік заттардың өзара әрекеттесуін ескеру қажет. Мұндай өзара әрекеттесу пайда болған жағдайда тиісті терапияны тағайындау керек. Дәрумендер препаратымен өзара әрекеттесетін дәрілік заттарға мыналар жатады:
- ретиноидтар, соның ішінде бексаротин, А дәруменімен бірге қолданғанда уыттылық қаупін арттырады;
- типранавирдің пероральді ерітіндісінде Е дәрумені бар, оның тәуліктік дозасы ұсынылған дозадан жоғары;
- К дәруменінің антагонистері (мысалы, варфарин) Е дәруменінің антикоагулянттық әсерін күшейтеді. Парентералды қоректендіруге арналған препараттарда немесе жеткізу жүйелерінде болатын басқа компоненттермен және майда еритін дәрумендермен өзара әрекеттесу жағдайлары сирек кездеседі. Микроэлементтердің болуы А дәруменін жартылай деградациясына әкелуі мүмкін. Ретинол (А дәрумені) ультракүлгін сәулелердің әсерінен бұзылуы мүмкін. Дәрумендер препаратының құрамында К1 дәрумені бар, ол кумарин қатарының антикоагулянттарымен әрекеттесе алады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

деректер жоқ

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге жеке дәрумендік қоспалар қажет болуы мүмкін. А дәрумені уыттылығының алдын алуға ерекше назар аудару керек, өйткені бауыр аурулары А дәрумені уыттылығына сезімталдықтың жоғарылауымен байланысты, әсіресе алкогольді шамадан тыс созылмалы тұтынумен бірге

Жүктілік

Қатысты емес.

Емізу

Қатысты емес.

Жағымсыз әсерлері

Препаратының инфузиясы аясында парентеральды тамақтануға арналған кез-келген майлы эмульсияларға тән жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.
Ағза жүйесінде жиілігі: белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес). Иммундық жүйе тарапынан аллергиялық реакциялар байқалады.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Қолданылуы:
Балаларға арналған дәрумендер майда еритін A, D2, E және K1 дәрумендерінің тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ететін парентеральдік қоректендіру кезінде қоспа ретінде емшектегі балаларға және 11 жастан кіші балаларға арналған.
Қолдану тәсілі:
Препарат вена ішіне енгізуге арналған. Балаларға арналған дәрумендер сұйылтылған түрінде ғана пайдалану керек!
Инфузияны бастағанға дейін 1 сағат бұрын үйлесімділігі расталған парентеральды тамақтануға арналған келесі дәрілік препараттардың біріне асептикалық жағдайда 10 мл (бір ампуланы) балаларға арналған Виталипид Н препаратын қосады:
- Интралипид 10% және 20% инфузияға арналған эмульсия,
- СМОФлипид 20% инфузияға арналған эмульсия,
- инфузияға арналған декстроза ерітіндісі, 50 мг/мл,
- инфузияға арналған декстроза ерітіндісі, 100 мг/мл,
- инфузияға арналған натрий хлоридінің ерітіндісі, 9 мг/мл.
Дозалау режимі:
Дене салмағы 2.5 кг кем жаңа туған балалар (шала туған немесе туғанда дене массасы аз балалар) үшін тәуліктік дозасы тәулігіне дене салмағына 4 мл/кг құрайды.
Басқа жаңа туған нәрестеге және дене массасы 2.5 кг көп 11 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 10 мл (1 ампула) дозада тағайындайды.

Балаларда қолданылуы

Балаларға арналған майда еритін A, D2, E және K1 дәрумендерінің тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ететін парентеральдік қоректендіру кезінде қоспа ретінде емшектегі балаларға және 11 жастан кіші балаларға арналған