L01EX27 Капивасертиб (Capivasertib)

Қолдану көрсеткіштері

Ерлер мен әйелдердің келесі жағдайларында препарат фулвестрантпен бірге қолданылады: эстроген рецепторына оң (ЭР+), HER2-теріс жергілікті таралған немесе метастаздық сүт безі рагы бар ересек науқастарда, эндокриндік терапиядан кейін немесе оның барысында қайталану немесе прогресс болған жағдайда, және PIK3CA/AKT1/PTEN-нің бір немесе бірнеше өзгерістері анықталған кезде.
Пременопауза/периоменопаузадағы әйелдерде препарат фулвестрантпен бірге лютеинизирлендірілетін гормонның (ЛГРГ) агонисімен қолданылуы керек.
Ер адамдарда ЛГРГ агонисттерін тағайындау қазіргі клиникалық тәжірибе стандарттарына сәйкес қарастырылуы қажет.

Қарсы көрсеткіштері

белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Қауіпсіздік шаралары

Препаратын қабылдауды бастар алдында емдеуші дәрігерге мыналардың бар екенін мәлімдеу керек:
- қазіргі уақыттағы немесе бұрын бір кездері болған қант диабеті; қандағы қант деңгейінің жоғарылауы (гипергликемия) немесе шамадан тыс шөлдеу; ауыз кеберсуі; әдеттегіден жиірек несеп шығару қажеттілігі; әдеттегіден көп мөлшерде несептің бөлінуі; дене салмағының төмендеуімен біріккен тәбеттің артуы сияқты қандағы жоғары қант деңгейінің симптомдары.
- қазіргі уақыттағы қандай да бір инфекциялар.
- диарея немесе сұйық нәжіс.
- бөртпелер немесе терінің басқа аурулары.
- бүйрек аурулары, қандағы креатинин немесе несеп қышқылының жоғары деңгейі (қан талдауының нәтижелеріне сай).
- бауыр аурулары.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Капивасертиб көбінесе CYP3A4 және UGT2B7 изоферменттері арқылы метаболизденеді. In vivo зерттеулерде капивасертибтің уақытқа тәуелді әлсіз CYP3A тежегіші екені көрсетілген.
Қан плазмасында капивасертиб концентрациясын арттыруы мүмкін дәрілер
CYP3A4 қуатты тежегіштері
Капивасертиб препаратын CYP3A4 қуатты тежегіштерімен бір мезгілде қолдану капивасертиб концентрациясын арттырады, бұл препарат уыттылығының қаупін жоғарылатады. Мысалы, боцепревир, церитиниб, кларитромицин, кобицистат, кониваптан, энзитрелвир, иделалисиб, индинавир, итраконазол, джозамицин, кетоконазол, лонафарниб, мибефрадил, мифепристон, нефазодон, нелфинавир, позаконазол, рибоциклиб, ритонавир, саквинавир, телапревир, телитромицин, тролеандомицин, тукатиниб, вориконазол, грейпфрут немесе грейпфрут шырыны.
Егер бір мезгілде қолданудан аулақ болу мүмкін болмаса, дозаны төмендету қажет. Мысалы, итраконазолдың 200 мг көп реттік дозада бір мезгілде қолданылуы капивасертибтің жалпы экспозициясын (AUCinf) және ең жоғары концентрациясын (Cmax) сәйкесінше 95% және 70% арттырды.
CYP3A4 орташа тежегіштері
Капивасертиб препаратын CYP3A4 орташа тежегіштерімен бір мезгілде қолдану капивасертиб концентрациясын арттырады, бұл уыттылық қаупін жоғарылатады. Мысалы, апрепитант, ципрофлоксацин, циклоспорин, дилтиазем, эритромицин, флуконазол, флувоксамин, тофизопам, верапамил. Бір мезгілде қолданғанда дозаны төмендету қажет.
Қан плазмасында капивасертиб концентрациясын төмендетуі мүмкін дәрілік препараттар
CYP3A4 қуатты индукторлары
Капивасертиб препаратын CYP3A4 қуатты индукторларымен (мысалы, карбамазепин, фенитоин, рифампицин, шілтер жапырақты шайқурай препараттары) бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Капивасертибті энзалутамидпен (CYP3A4 қуатты индукторы) бір мезгілде қолданғанда капивасертиб AUC шамамен 40%-50% төмендеді.
CYP3A4 орташа индукторлары
CYP3A4 орташа индукторымен капивасертибті бір мезгілде қолдану капивасертиб концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл капивасертиб препараты тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. CYP3A4 орташа индукторларымен (мысалы, бозентан, ценобамат, дабрафениб, элаголикс, этравирин, лерсивирин, лезинурад, лопинавир, лорлатиниб, метамизол, митапиват, модафинил, нафциллин, пексидартиниб, фенобарбитал, рифабутин, семагацестат, соторасиб, талвиралин, телотристат этилі, тиоидазин) бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының бұзылуы жеңіл немесе орташа дәрежедегі пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Капивасертиб препаратын бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының бұзылуы жеңіл дәрежедегі пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Препаратын бауыр функциясының бұзылуы жеңіл дәрежедегі пациенттерде қолдану деректері шектеулі; препаратын бауыр функциясының бұзылуы орташа дәрежедегі пациенттерде егер тек пайдасы қаупінен артық болған жағдайда ғана қолдануға болады, осы орайда пациенттер уыттану белгілерін анықтау үшін мұқият қадағалауда болуы тиіс. Препаратын бауыр функциясының бұзылуы ауыр дәрежедегі пациенттерде қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде препаратын қолдану деректері жоқ. Осылайша, препаратын жүктілік кезінде және контрацепция құралдарын пайдаланбайтын бала тууға қабілетті әйелдерде қолдану ұсынылмайды.

Емізу

Препаратымен емделген уақытта бала емізуді тоқтату керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі
- несеп шығару жолдарының инфекциясы (несеп шығару жолдарының инфекциясы мен цистит қамтылады)
- қандағы төмен гемоглобин концентрациясы (анемия)
- гипергликемия, тәбет төмендеуі
- бас ауыру
- диарея, жүрек айну, құсу, ауыз қуысының ойық жаралары немесе қызыл иектің ойық жаралары (стоматит, афтозды ойық жара және ауыз қуысының ойық жаралануы қамтылады)
- бөртпе (эритема, бөртпе, эритематозды бөртпе, макулярлы бөртпе, макула-папулезді бөртпе, папулезді бөртпе және қышытатын бөртпе қамтылады), қышыну
- қажу (қажу мен астения қамтылады)
Жиі
- аса жоғары сезімталдық
- қандағы төмен калий концентрациясы (гипокалиемия)
- дәм сезудің өзгеруі (дисгевзия), бас айналу, естен тану
- бүйрек функциясының асқынуы, бүйрек функциясының тез төмендеуін қоса (бүйректің жедел зақымдануы)
- ауыз кеберсуі, іштің ауыруы, асқазан бұзылысы, ас қорыту бұзылысы (диспепсия)
- терінің құрғауы, мультиформалы эритема
- дененің әртүрлі бөліктерінде шырышты қабықтың, мысалы, жыныс мүшелері шырышты қабығының ауыруы, қызаруы және домбығуы (шырышты қабық қабынуы), қызба (пирексия)
- қан талдауының нәтижелері бойынша жоғары креатинин концентрациясы, бұл бүйрек функциясының бұзылу белгісі болуы мүмкін (қандағы креатинин концентрациясының жоғарылауы), гликирленген гемоглобин концентрациясының жоғарылауы (соңғы 8-12 аптадағы қандағы қант деңгейінің көрсеткіші)
Жиі емес
- қандағы қант деңгейі жоғарылауының күрделі асқынуы (диабеттік кетоацидоз, кетоацидозды қамтиды)
- дәрілік бөртпе, дерматит, жайылған эксфолиативтік дерматит, токсикодермия

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Препаратының ұсынылатын дозасы 4 күн бойы шамамен 12 сағат аралықпен (жалпы тәуліктік дозасы 800 мг) тәулігіне екі рет 400 мг (200 мг-ден екі таблетка) құрайды, одан кейін емдеуде 3 күндік үзіліс болады.
Препаратын фулвестрантпен біріктірілімде қолдану керек. Фулвестранттың ұсынылатын дозасы 1, 15 және 29 күндері, одан кейін айына бір рет енгізілетін 500 мг құрайды. Қосымша ақпарат алу үшін фулвестрантты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Препараты ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды ас ішуге байланыссыз қабылдау керек. Таблеткаларды сумен іше отырып, тұтастай жұту керек; таблеткаларды шайнауға, ұсақтауға, ерітуге немесе бөлуге болмайды.

Балаларда қолданылуы

Препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларда анықталмаған. Деректер жоқ.