B01AC11 Илопрост (Iloprost)

Қарсы көрсеткіштері

Иллопростқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық– Вентавис® препаратының тромбоциттерге әсері қан кету қаупін арттыра алатын патологиялық жағдайлар (мысалы, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршу сатысы, жарақат, бассүйекішілік қан құйылу)– ауыр ишемиялық жүрек ауруы немесе тұрақсыз стенокардия– соңғы 6 ай ішінде болған миокард инфаркті– тиісінше дәрігерлік бақылаусыз декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі– ауыр аритмиялар– соңғы 3 ай ішінде болған цереброваскулярлық асқынулар (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуыл, инсульт)– өкпе вено-окклюзиялық ауруына байланысты өкпелік гипертензия– миокард функциясының клиникалық тұрғыдан маңызды бұзылыстарымен жүретін, өкпелік гипертензиямен байланысты емес туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек қақпақша ақаулары.

Қауіпсіздік шаралары

Илопрост препаратын қолдану тұрақсыз өкпелік гипертензиясы және қатар жүретін ауыр оң қарыншалық жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылмайды. Оң қарыншалық жеткіліксіздік күшейген жағдайда басқа дәрілік заттарға ауысу мүмкіндігін қарастыру орынды. Артериялық гипотензия Препаратты қолдану кезінде артериялық қысым көрсеткіштерін мониторингілеу қажет. Бастапқыда жүйелік артериялық қысымы төмен, ортостатикалық гипотензиясы бар немесе гипотензивтік препараттар қабылдайтын пациенттерде гипотензияның күшеюіне жол бермеу үшін мұқият бақылау керек. Систолалық артериялық қысымы 85 мм сын. бағ. төмен пациенттерге илопрост тағайындамау керек. Дәрігерлер пациенттердегі қатар жүретін аурулар немесе гипотензия мен естен тану (синкопе) даму қаупін арттыра алатын басқа дәрілік заттарды қолдану фактісіне қырағылықпен қарауы тиіс. Естен тану (синкопе) Ингаляциялық қолданылатын илопрост өкпе қантамырларына қысқа мерзімді (бір-екі сағат) вазодилатациялаушы әсер етеді. Синкопе өкпелік гипертензия ағымын сипаттайтын симптом болып табылады және сонымен қатар емнің әсерімен де байланысты болуы мүмкін. Өкпелік гипертензияға байланысты естен тану эпизодтары байқалатын пациенттер кез келген шамадан тыс күш түсуге, мысалы, физикалық жүктемеге жол бермеуі тиіс. Физикалық жүктеме алдында ингаляция жүргізу пайдалы болуы мүмкін. Синкопе жағдайларының жиілеуі емнің дұрыс еместігін, жеткіліксіз тиімділігін және/немесе аурудың өршуін көрсетеді. Бұл жағдайда дозаны жеке түзету және/немесе таңдалған емді өзгерту қажеттілігін қарастыру керек. Тыныс алу жолдарының аурулары бар пациенттер Илопрост ингаляциясы кезінде бронхоспазм даму қаупі артуы мүмкін, әсіресе бронхтардың гиперреактивтілігі бар пациенттерде. Қатар жүретін созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА) және бронхиальды астманың ауыр түрлері бар пациенттерде илопрост препаратының оң әсері дәлелденбеген. Өкпенің жедел инфекциялық үрдістері, созылмалы обструктивті өкпе ауруы және ауыр бронхиальды астмасы бар пациенттер тұрақты әрі мұқият бақылауда болуы тиіс. Өкпе вено-окклюзиялық ауруы Өкпелік вазодилататорлар өкпе вено-окклюзиялық ауруы бар пациенттердің жүрек-қантамырлық статусын айтарлықтай нашарлатуы мүмкін. Илопрост ингаляциялық енгізілгенде өкпе ісінуінің симптомдары пайда болса, байланысты вено-окклюзиялық ауру болуы мүмкіндігін қарастыру қажет. Мұндай жағдайда емді тоқтату керек. Емді тоқтату Илопрост препаратымен емдеуді тоқтатқанда «ребаунд-әсерінің» («тоқтату әсерінің») даму қаупін толық жоққа шығаруға болмайды. Ингаляциялық илопростпен емдеуді тоқтатқан кезде пациенттерді мұқият бақылау және ауыр жағдайдағы пациенттер үшін баламалы емді қарастыру қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі >30 мл/мин пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Креатинин клиренсі ≤30 мл/мин пациенттерде илопрост қолдану зерттелмеген. Көктамыр ішіне енгізілетін илопростты қолдану деректері диализді қажет ететін бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде илопросттың элиминациясы төмендейтінін көрсетеді. Сондықтан дозалау бойынша бауыр функциясы бұзылған пациенттердегідей ұсынымдарды сақтау керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Илопросттың элиминациясы бауыр функциясы бұзылған пациенттерде азаяды. Күн ішінде препараттың жағымсыз жиналуын болдырмау үшін бұл пациенттерде бастапқы дозаны таңдағанда ерекше сақтық шараларын сақтау қажет.

Жүктілік

Өкпелік гипертензиясы (ӨГ) бар әйелдерге жүктіліктен бас тарту керек, себебі жүктілік аурудың өмірге қауіпті өршуіне әкелуі мүмкін. Жүктілік басталған жағдайда, өкпелік гипертензияның жүктілік ағымына белгілі әсер ету қаупіне қарамастан жүктілікті сақтауға шешім қабылдаған әйелдерде ана үшін ықтимал пайдасын ескере отырып, жүктілік кезінде илопрост тағайындау мүмкіндігін тек қауіп пен пайда арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана қарастыруға болады.

Емізу

Илопрост пен оның метаболиттерінің емшек сүтіне бөлінетіні анықталмаған. Бала үшін әлеуетті қауіп толықтай жоққа шығарылмайтындықтан, Илопрост препаратымен емдеу кезінде емізуді тоқтата тұрған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥1/10)– қан кетулер*§– бас ауыруы– вазодилатация, бет қызаруы– төс артындағы жайсыздық/төс артындағы ауыру, жөтел– жүрек айну– жақтағы ауыру/тризм– шеткергі ісінулер§ Жиі (≥1/100, <1/10):– бас айналу– тахикардия, жүрек соғуын сезіну, гипотензия*, естен тану§– ентігу, жұтқыншақ-ларингеалдық ауыру, тамақтағы тітіркену– диарея, құсу, ауыз және тіл шырышты қабығының тітіркенуі, соның ішінде ауыру– бөртпе Жиілігі белгісіз– тромбоцитопения– гиперсезімталдық реакциялары– бронхоспазм*/ысқырықты тыныс– дәм сезудің бұзылуы * Бұл жағымсыз реакциялар өмірге қауіпті және/немесе өлімге әкелген жағдайлар түрінде көрінген.§ Қараңыз «Жағымсыз реакцияларды сипаттау». Жекелеген жағымсыз реакцияларды сипаттау Қан кету жағдайлары (негізінен мұрыннан қан кету және қан қақыру түрінде) өте жиі байқалды, бұл қатарынан антикоагулянттық ем алып жүрген пациенттер үлесі жоғары популяция үшін күтілетін құбылыс. Қан кету қаупі антикоагулянттық терапия немесе тромбоциттер агрегациясын тежегіштер қабылдайтын пациенттерде жоғары болуы мүмкін. Церебралдық және интракраниалдық қан кетулердің өліммен аяқталған жағдайлары сипатталған. Естен тану (синкопе) жиі аурудың өзінің симптомы болып табылады, бірақ емнің әсерімен де байланысты болуы мүмкін. Синкопе жиілігінің артуы аурудың өршуімен немесе препараттың жеткіліксіз тиімділігімен байланысты болуы мүмкін. Шеткергі ісінулер көбіне аурудың өзінің симптомы болып табылады, бірақ емнің әсерінен де дамуы мүмкін. Шеткергі ісінулердің пайда болуы аурудың нашарлауына немесе емнің жеткіліксіз тиімділігіне байланысты болуы мүмкін.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

«Бір реттік ингаляцияға доза Илопрост препаратымен емдеуді бастағанда алғашқы ингаляциялық доза мундштук арқылы ингалятордан жеткізілетін илопросттың 2,5 мкг мөлшерін құрауы тиіс. Егер пациент емді жақсы көтерсе, илопрост дозасын 5 мкг-ге дейін арттырып, кейінгі ингаляцияларда осы дозаны сақтау керек. 5 мкг дозасы нашар көтерілетін болса, 2,5 мкг дозасына қайта оралу қажет. Күнделікті доза Илопрост ингаляциясын пациенттің жеке қажеттілігі мен препаратты көтере алуына сәйкес тәулігіне 6-дан 9 ретке дейін жүргізу керек.»

Балаларда қолданылуы

Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Бақыланатын клиникалық зерттеулердің деректері қолжетімді емес.