B03AE10 Басқа препараттармен біріктірілімдегі темір препараттары (Various combinations)
Қолдану көрсеткіштері
| Темір
тапшылықты анемияны алдын алу және емдеу, ол төмендегі жағдайлармен
байланысты болуы мүмкін: – тағамның жеткіліксіздігі (көкөністер, жемістер, ет өнімдерінің аз болуы); – организмнің темірге қажеттілігінің жоғарылауы (жүктілік, емізу кезеңі, балалар мен жасөспірімдердегі белсенді өсу кезеңі). |
Қарсы көрсеткіштері
| - әсер етуші заттарға немесе кез келген
көмекші заттарға жоғары сезімталдық - гемосидероз, гемохроматоз - гемолитикалық және апластикалық анемия (темірді утилизациялау бұзылыстары) - асқазанның резекциясынан кейінгі жағдай, қан кетулер - бауырдың және бүйректің созылмалы аурулары лейкоздар - қанның многократты құйылуын алған науқастар - темір препараттарының парентералды енгізілуі - сидероахрестикалық анемия, қорғасынмен уланудағы анемия - кеш тері порфириясы - фруктозаға тұқым қуалайтын төзімсіздігі бар науқастар 2 жасқа дейінгі балалар |
Қауіпсіздік шаралары
| Абайлап
қолдану Асқазан және ұлтабар ойық жарасы, ішектің қабыну аурулары (энтерит, дивертикулит, ойық жаралы колит, Крон ауруы), алкоголизм (белсенді немесе ремиссия сатысында), аллергиялық аурулар, бронх демікпесі, гепатит, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі, ревматоидты артрит кезінде, сондай-ақ қан құйылған науқастарға препаратты сақтықпен қолдану қажет. Темірдің сіңірілуін төмендетпеу үшін препаратты қара шаймен, кофемен және сүтпен бірге қабылдауға болмайды. Сондай-ақ қатты тағам, нан өнімдері, шикі дәндер, сүт өнімдері және жұмыртқа темірдің сіңуін төмендетуі мүмкін. Препаратты курс бойынша қабылдағанда гемоглобин деңгейін жүйелі бақылау қажет. Тіс эмаліне уақытша қара дақтардың пайда болуын болдырмау үшін препаратты сұйылтпай қабылдамау ұсынылады, ал қабылдағаннан кейін тістерді мұқият тазалау қажет. Ескерту! Темір препараттарымен емдеу кезінде нәжістің қарайюы мүмкін, бұл емнің тиімділігіне әсер етпейді. Темір қабылдау кезінде нәжістегі жасырын қанға талдау жалған оң нәтиже көрсетуі ықтимал. Сироп Ферровит-С құрамында қосымша зат ретінде сорбитол (E420) бар, ол фруктозаға тұқым қуалайтын төзімсіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілген және жеңіл іш жүргізетін әсер етуі мүмкін. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Темір препараттары тетрациклиндер, пеницилламин, мырыш тұздары және магний трисиликаттарының сіңірілуін төмендетеді, сондықтан бұл дәрілік заттарды темір қабылдаудан 2 сағат бұрын немесе 3 сағаттан кейін қабылдау ұсынылады. Антацидтермен, кальций тұздарымен бір уақытта қабылдағанда, сондай-ақ шай, кофе, жұмыртқа, сүт өнімдері және фитаттарға, фосфаттарға, оксалаттарға және талшыққа бай тағамдарды қолданғанда темірдің сіңірілуі төмендейді; осыған байланысты темір препараттарын аталған өнімдерден бөлек қабылдау қажет (оларды қабылдаудан кем дегенде 1 сағат бұрын немесе 2 сағаттан кейін). Темір хинолонды антибиотиктердің сіңірілуін төмендетеді, сондықтан қабылдау арасындағы аралық кемінде 2 сағат болуы тиіс. Левомицетин темірмен емдеу кезіндегі гематологиялық нәтижені баяулатуы мүмкін. Темірді стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен және салицил қышқылы препараттарымен бірге қолдану асқазан-ішек жолына тітіркендіргіш әсерін күшейтеді. Эстрогендер трансферрин синтезін арттыру арқылы қандағы темір концентрациясын жоғарылатады. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Деректер жоқ. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Деректер жоқ. |
Жүктілік
| Жүктіліктің бірінші триместрінде қалыпты тамақтану ағзаға жеткілікті мөлшерде темір береді, алайда жүктіліктің 2 және 3 триместрлерінде темірге қажеттілік артатындықтан, оны қосымша қабылдау қажеттілігі туындауы мүмкін. |
Емізу
| Емізу кезеңінде темірге деген қажеттілік артады. |
Жағымсыз әсерлері
| Жағымсыз
әсерлер әртүрлі ағзалар мен жүйелер тарапынан байқалуы мүмкін. Жиі бас ауруы, бас айналу, тәбеттің төмендеуі, ауыздағы ащы дәм, метеоризм, іштің қатуы немесе сұйық өтуі болуы мүмкін. Сондай-ақ, нәжістің қара түске боялуы (клиникалық маңызы жоқ) және терінің қызаруы байқалуы ықтимал. Темірдің сұйық түрлерін қабылдағанда тістердің қараюы кездеседі. Сирек жағдайларда аллергиялық реакциялар (тері қышуы, бөртпе), ашушаңдық, төстің артында қысым сезімі, абдоминальді ауырсыну, жүрек айну, құсу, эпигастрий аймағында ауырлық сезімі, тіс ауруы, сондай-ақ жалпы әлсіздік байқалуы мүмкін. Өте сирек ауыр аллергиялық реакциялар, соның ішінде анафилактикалық шок болуы ықтимал. Кейбір реакциялардың, мысалы стоматиттің, даму жиілігі белгісіз, себебі оны бағалау үшін деректер жеткіліксіз. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Препараттың
дозасы және емдеу ұзақтығы темір тапшылығының дәрежесіне байланысты. Егер
емдеуші дәрігер басқа дозаны тағайындамаса, төменде көрсетілген нұсқауларды
қатаң сақтау қажет. Гемоглобин деңгейі қалыпқа келгеннен кейін препаратпен емдеуді кемінде тағы 8–12 апта жалғастырады. Ересектер және 6 жастан асқан балалар: тәулігіне 2–3 рет 5 мл. Арнайы топтар Балалар Препарат 2 жастан асқан балаларға қолдануға ең қолайлы форма болып табылады. Тәуліктік доза: дене салмағының әр 12 кг-на 5 мл. 2–6 жас аралығындағы балалар: тәулігіне 1–2 рет 5 мл. |
Балаларда қолданылуы
| Темір тапшылығы анемиясын емдеу үшін 2 жасқа дейінгі балаларда қолданылады. |