D07AC01 Бетаметазон (Betamethasone)

Қолдану көрсеткіштері

Атопиялық дерматит (балалардағы атопиялық дерматитті қоса), түйіндік қышыма;
-нуммулярлық дерматит (дискоидты экзема)
-псориаз (кеңінен таралған түйіндақты псориазды қоспағанда)
-нейродерматоздар (оның ішінде, созылмалы қарапайым нейродермит және қызыл жалпақ теміреткі)
- себореялық дерматит
- жанаспалы дерматиттер (қарапайым немесе аллергиялық)
- дискоидты қызыл жегі
- жәндіктердің шағуына реакция.
    Клинические протоколы:
  1. Атопический дерматит
  2. Псориаз

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- бастапқы вирустық, бактериялық және зеңдік аурулар (қарапайым герпес, белдемелі теміреткі, желшешек, мерездің және туберкулездің терілік түрі, кәдімгі безеу, қызғылт безеу - розацеа)
- периоральді дерматит
- перианальді және генитальді қышыну
- қабынусыз қышыну
- жасөспірімдер безеуі
- 1 жасқа толмаған балалар
- жүктіліктің бірінші үш айы.

Қауіпсіздік шаралары

Жергілікті стероидтарды ұзақ уақыт үздіксіз немесе тиісті қолданбау емдеуді (жергілікті стероидтарды тоқтату синдромы) тоқтатқаннан кейін өршудің дамуына әкелуі мүмкін. Бастапқы емдеу аймағынан тыс таралуы мүмкін қарқынды қызару, шаншу және күйдіріп ашумен дерматит түрінде болатын рикошетті тараудың ауыр түрі дамуы мүмкін. Бұл көбінесе бет пен бүгілген жерлер сияқты терінің нәзік аймақтарын емдеу кезінде пайда болады. Сәтті емдеуден кейін бірнеше күн немесе апта ішінде ауру қайталанған жағдайда, тоқтату реакциясына күдіктенуге болады. Қайта қолдану сақтықпен жүргізілуі керек, мұндай жағдайларда маманмен кеңесу немесе емдеудің басқа нұсқаларын қарастыру ұсынылады.
Препарат таңғыш материалмен, киіммен немесе төсек жабдықтарымен жанасқаннан кейін мата ашық отта оңай тұтануы мүмкін, сондықтан препаратты қолданғаннан кейін Сізге оттан алысырақ болу керек және темекі шекпеу керек. Киім мен төсек жабдықтарын жуу өнімнің жиналуын азайтуы мүмкін, бірақ оны толығымен алып тастамайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 тежегіштерімен (итраконазол, ритонавир) бір мезгілде қолданған кезде кортикостероидтардың метаболизмін бәсеңдетуді жоққа шығаруға болмайды, бұл жүйелік әсердің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Кортикостероидты жоғары дозада және терінің үлкен аймақтарында ұзақ уақыт қолданғанда немесе терінің тұтастығы, сондай-ақ CYP3A4 тежегішінің тиімділігі бұзылғанда қауіп едәуір жоғары болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жүйелік сіңірілу жағдайында (терінің үлкен аймақтарына ұзақ уақыт бойы жаққан кезде), бетаметазон валератының метаболизмі мен элиминациясы кешеуілдеуі мүмкін, бұл жүйелік уыттылықтың даму қаупін арттырады. Қажетті клиникалық әсерге қол жеткізу үшін препаратының ең аз мөлшерін қысқа мерзімде қолдану қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

Жүйелік сіңірілу жағдайында (терінің үлкен аймақтарына ұзақ уақыт бойы жаққан кезде), бетаметазон валератының метаболизмі мен элиминациясы кешеуілдеуі мүмкін, бұл жүйелік уыттылықтың даму қаупін арттырады. Қажетті клиникалық әсерге қол жеткізу үшін препаратының ең аз мөлшерін қысқа мерзімде қолдану қажет.

Жүктілік

Бетаметазон валераты туу қабілетіне және ұрпақтың дамуына әсер етеді, сондықтан жақпамайды жүктіліктің алғашқы үш айында қолдану ұсынылмайды. Жүктіліктің кеш мерзімінде дәрігер препаратты барлық қауіптерді ескере отырып, өте қажет жағдайда ғана қысқа курспен, өте аз дозада және герметикалық таңғышты қолданусыз ұсынуы мүмкін.

Емізу

Препаратты лактациця кезінде қолдану ана үшін болжамды пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек: оппортунистік инфекциялар, аса жоғары сезімталдық, жайылған бөртпе, гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безінің бәсеңдеуі, Кушинг синдромы (ай тәрізді бет, орталық семіру), балалардағы салмақтың баяу артуы/өсудің баяулауы, остеопороз, глаукома, гипергликемия/глюкозурия, катаракта, гипертензия, салмақтың жоғарылауы/семіздік, эндогендік кортизол деңгейінің төмендеуі, алопеция, шаштың патологиялық сынғыштығы, аллергиялық жанаспалы дерматит, эритема, бөртпе, есекжем, псориаздың пустулезді түрі, клиникалық симптоматиканың асқынуы.
Терінің атрофиялық өзгерістері, созылулар, терінің жұқаруы, терінің әжімдері, терінің құрғауы, стриялар (әсіресе окклюзиялық таңғыштарды қолданғанда немесе тері қатпарларына жаққанда)
Пигментацияның өзгеруі, гипертрихоз, кеңейтілген беткейлік қантамырлар (телангиоэктазия), қолдану орнындағы тітіркену/ауыру.
Жиі: қолдану орнында жергілікті күйдіріп ашу, тітіркену және қышыну, терідегі ауырсыну сезімдері.
Жиілігі белгісіз: тоқтату реакциялары - терінің қызаруы, ол бастапқы зақымдану аймағынан тыс жерлерге таралуы мүмкін, күйдіріп ашу ксезімі, қышыну, терінің қабыршақтануы, іріңді бөртпелер, Көрудің бұлыңғырлануы.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Бетаметазон жақпамайын жұқа қабатпен терінің зақымданған аймағына күніне 1-2 рет (таңертең және кешке) сәл ысқылай отырып күнделікті жағады. Оны жай-күйі жақсарғанға дейін қолдану қажет. Ең ұзақ емдеу уақыты – 4 аптадан аспайды (балаларда 5 күннен артық емес).
Жақпамайды жұмсартқыш дәрілерді күн сайын қолданумен біріктіруге болады, бірақ жұмсартқыш дәріні жағар алдында кортикостероидты гормонның теріге енуіне жеткілікті уақыт (30 минуттан кем емес) күту қажет.
Шынтақ пен тізедегі псориаздың қалыңдаған түйіндақтар сияқты едәуір тұрақты зақымдануларда, егер қажет болса, өңделетін аймақты полиэтилен үлбірмен жаба отырып, бетаметазон валератының әсерін күшейтуге болады. Мұндай зақымдануларда қанағаттанарлық нәтиже үшін тек түнде окклюзия жеткілікті; осыдан кейін жақсаруды әдетте окклюзиясыз тұрақты қолдану арқылы демеуге болады.
Егер емдеудің 2-4 аптасынан кейін клиникалық жақсару болмаса, диагнозды қайта қарау қажет. Бетаметазон валератымен емдеу бақылауға қол жеткізгеннен кейін біртіндеп тоқтату керек және жұмсартқыш дәрілерді демеуші ем ретінде қабылдауды жалғастыру керек.
Тек сыртқа қолдануға арналған (теріге). Зақымданған аймағының барлығына жақпамайды жұқа қабаттап, жағады. Оңай ену үшін жақпамайды жеңіл уқалаушы қимылмен жағуға болады.
Емдік әсерді қамтамасыз ету үшін қажетті препараттың ең аз мөлшерін пайдалану ұсынылады.
Тұрақты зақымдануларда (мысалы, псориаз кезінде шынтақ пен тізе аймағындағы түйіндақтардың қалыңдауы кезінде) емдеудің әсері зақымданған аймақтарға окклюзиялық таңғыштарды қолдану арқылы күшейтілуі мүмкін, бірақ бір түннен асырмай және тек жағдайды бақылауға қол жеткізу үшін, содан кейін емдеуді жалпы нұсқаулар бойынша жалғастыру керек.
Ауруды бақылауға қол жеткізген кезде бетаметазон валератымен емдеу біртіндеп тоқтатылуы тиіс. Демеуші ем ретінде қолайлы жұмсартқыш дәріні пайдалану ұсынылады.

Балаларда қолданылуы

Балаларда жергілікті және жүйелі жағымсыз реакциялар қаупі жоғары және, сондықтан да емдеу курсы (5 күннен аспайтын) ең төменгі тиімді дозаны қолданумен едәуір қысқа болуы тиіс. Мүмкіндігінше белсенділігі төменірек кортикостероидтарды қолдану қажет. Балаларда окклюзиялық таңғыштар қолданылмауы тиіс. Бетаметазон валераты жақпамайын бір жастан кіші сәбилерге қолдануға болмайды.