A07AA11 Рифаксимин (Rifaximin)
Қолдану көрсеткіштері
| жедел және созылмалы ішек инфекциялары, грамоң және грамтеріс бактериялар туындатқан; диареялық синдром; - ішек микробтық флорасының тепе-теңдігінің бұзылуынан дамыған диарея (жазғы диарея, саяхатшылар диареясі, энтероколит); - асқазан-ішек жолына жасалатын операциялар кезінде операция алды және операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасы; - гипераммониемияны емдеуде қосымша құрал. |
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Крона
Қарсы көрсеткіштері
| рифаксиминге, рифамициндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; - ішек өтімсіздігі жағдайлары, соның ішінде ішінара өтімсіздік, ішектің ауыр ойық жаралы зақымданулары; - қызбамен немесе нәжісте қанның болуымен асқынған диарея. |
Қауіпсіздік шаралары
| Диарея симптомдары күшейсе немесе 48 сағаттан ұзақ сақталса, рифаксиминді қолдануды тоқтатып, антибиотиктердің баламалы терапиясын қарастыру қажет. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Рифаксиминді жүйелік бактериялық инфекцияларды емдеуге қолданылатын рифамициндер тобының басқа антибактериалды препараттарымен бір мезгілде қолдану тәжірибесі жоқ. In vitro зерттеулерінің деректері бойынша рифаксимин дәрілік заттардың метаболизміне жауапты цитохром Р450 негізгі ферменттерін (1A2, 2A6, 2B6, 2C8, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3A4) тежемейді. In vitro индукция зерттеулерінде рифаксимин CYP1A2 және CYP2B6 индукциясын туындатпаған, бірақ цитохром Р450-дің CYP3A4 изоферментінің әлсіз индукторы болып табылған. Дені сау еріктілерге жүргізілген дәрілік өзара әрекеттесу бойынша клиникалық зерттеулерде рифаксимин CYP3A4 субстраттарының фармакокинетикасына елеулі әсер етпейтіні көрсетілген. Алайда бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде рифаксиминнің жүйелік әсері дені сау еріктілерге қарағанда жоғары болатындықтан, рифаксиминмен қатар қабылданатын CYP3A4 субстраттарының (мысалы, варфарин, құрысуға қарсы және аритмияға қарсы дәрілер, пероральді контрацептивтер) тиімділігінің төмендеу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Варфарин қабылдайтын пациенттерге рифаксимин тағайындағанда халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) төмендеуі де, жоғарылауы да туралы хабарланған. Осындай бір мезгілде қолдану қажет болса, рифаксиминді қосқанда немесе алып тастағанда ХҚҚ мәнін мұқият бақылау қажет. Пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету талап етілуі мүмкін. In vitro зерттеу нәтижелері рифаксиминнің P-гликопротеинге (P-gp) орташа аффинді субстрат екенін және CYP3A4 ферментінің қатысуымен метаболизденетінін болжауға мүмкіндік береді. Рифаксиминді CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде қолдану оның жүйелік әсерін күшейте ме, белгісіз. Дені сау еріктілерде P-гликопротеиннің күшті тежегіші болып табылатын циклоспориннің 600 мг бір реттік дозасын және рифаксиминнің 550 мг бір реттік дозасын бірге қабылдау рифаксимин үшін Cmax және AUC∞ мәндерінің тиісінше 83 және 124 есеге артуына әкелген. Мұндай жүйелік әсердің күшеюінің клиникалық маңызы белгісіз. In vitro зерттеулерде тасымалдаушы жүйелер деңгейінде болатын дәрілік өзара әрекеттесу мүмкіндігі зерттелді. Бұл зерттеулердің нәтижелері P-gp және басқа тасымалдаушы белоктар (MRP2, MRP4, BCRP және BSEP) арқылы шығарылатын басқа қосылыстармен рифаксиминнің клиникалық өзара әрекеттесу ықтималдығы төмен екенін болжайды. Бір мезгілде қолдану кезінде рифаксиминді белсендірілген көмірді қабылдағаннан кейін кем дегенде 2 сағаттан соң қабылдау керек. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде рифаксиминді қолдану бойынша клиникалық деректер жоқ. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Қолда бар клиникалық деректер бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде рифаксиминнің жүйелік әсері сау адамдарға қарағанда жоғары екенін көрсетеді. Бауыр функциясының бұзылуы бар тұлғалардағы рифаксиминнің жүйелік әсерінің артуы рифаксиминнің асқазан-ішек жолында жергілікті әсерін және оның жүйелік биожетімділігінің төмендігін, сондай-ақ бауыр циррозы бар пациенттерде рифаксиминді қолдану қауіпсіздігі туралы деректерді ескере отырып қарастырылуы тиіс. Сондықтан жергілікті әсеріне байланысты рифаксимин дозасын түзету ұсынылмайды. |
Жүктілік
| Рифаксиминді жүкті әйелдерде қолдану туралы деректер жоқ немесе шектеулі. Сақтық шарасы ретінде рифаксиминді жүктілік кезінде, тек аса қажетті жағдайларда және ана-бала үшін пайда/қауіп арақатынасын бағалай отырып, дәрігердің тікелей бақылауымен қолдану ұсынылады. |
Емізу
| Рифаксиминнің немесе оның метаболиттерінің адамның емшек сүтіне бөлінетіні белгісіз. Сондықтан емшекпен қоректенетін балалар үшін қауіп толықтай жоққа шығарылмайды. Емшекпен қоректендірудің бала үшін пайдасын және ананың рифаксиминмен емінің пайдасын ескере отырып, емшекпен қоректендіруді тоқтату немесе рифаксиминмен емдеуді тоқтату/үзу туралы шешім қабылдау керек. |
Жағымсыз әсерлері
| Жиі - бас айналу, бас ауыру - іш қату, абдоминалдық ауру, іштің кебуі сезімі, диарея, метеоризм, жүрек айну, тік ішек тенезмдері, дефекацияға кенет шақырулар, құсу симптомдары - дене температурасының жоғарылауы Жиі емес - кандидоз, қарапайым герпес (herpes simplex), назофарингит, фарингит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары - лимфоцитоз, моноцитоз, нейтропения - тәбеттің төмендеуі, сусыздану - ұйқысыздық, ұйқының бұзылуы, жабырқаңқы көңіл-күй, жүйкелік - мигрень, гипестезия, парестезия, синустық бас ауыруы, ұйқышылдық - диплопия - вертиго, құлақ ауруы - жүрек қағуы - артериялық қысымның жоғарылауы, бетке «ыстық толқындар» - ентігу, мұрын бітелуі, тамақтың құрғауы, орофарингеалдық ауыру, жөтел, ринорея - асцит, диспепсия, асқазан -ішек моторикасының бұзылыстары, іштің жоғарғы бөлігіндегі ауыру, қанмен немесе шырышпен араласқан нәжіс, қатты нәжіс, еріннің құрғауы, дәм сезудің бұзылуы - аспартат -аминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы - бөртпе, тері бөртпелері және экзантема, күнге күйіп қалу - бел ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет спазмы, мойын ауыруы, миалгия - зәрде қан (гематурия), гликозурия, жиі зәр шығару (полакиурия), көп зәр шығару (полиурия), протеинурия - полименорея - астения, қалтырау, суық тер, ауыру және жайсыздық, шеткері ісіну, тұмауға ұқсас синдром, гипергидроз Жиілігі белгісіз - клостридиялық инфекция - тромбоцитопения - анафилактикалық реакциялар, жоғары сезімталдық - естен тануға жақын жағдай - бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің өзгерістері - ангионевротикалық ісіну, дерматит, эксфолиативті дерматит, экзема, эритема, пурпура, қышыну, есекжем Басқалары Жиілігі белгісіз: халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) мәндерінің ауытқуы. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Диареяны емдеу Ересектерге және 12 жастан үлкен балаларға әр 6 сағат сайын 200 мг рифаксиминнің бір таблеткасынан тағайындалады. Операция алдындағы және кейінгі ем Ересектерге және 12 жастан үлкен балаларға әр 12 сағат сайын 200 мг-нан екі таблетка (рифаксиминнің 400 мг-на сәйкес) тағайындалады. Гипераммониемияны қосымша емдеу Ересектерге және 12 жастан үлкен балаларға әр 8 сағат сайын 200 мг-нан екі таблетка (рифаксиминнің 400 мг-на сәйкес) тағайындалады. |
Балаларда қолданылуы
| Рифаксиминнің фармакокинетикалық параметрлері кез келген жастағы педиатриялық пациенттерде зерттелмеген. |