A02BA03 Фамотидин (Famotidine)
Қолдану көрсеткіштері
| он екі
елі ішектің ойық жарасы; қатерсіз (малигнизациясыз) асқазан ойық жарасы; гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы; гиперсекрециямен жүретін басқа жағдайлар (мысалы, Золлингер – Эллисон синдромы); жалпы анестезия кезінде Мендельсон синдромының алдын алу үшін асқазанның қышқыл құрамының аспирациясының алдын алу |
Қарсы көрсеткіштері
| белсенді
затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; жүктілік және лактация кезеңдері (қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты); 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер |
Қауіпсіздік шаралары
| бүйрек
жеткіліксіздігі; бауыр жеткіліксіздігі; H2-гистамин рецепторларының басқа антагонистеріне жоғары сезімталдық |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Фамотидин
бауырдағы цитохром P450 ферменттік жүйесіне әсер етпейді. Асқазан
секрециясының рН деңгейінің жоғарылауына байланысты фамотидин кетоконазолдың
сіңірілуін төмендетуі мүмкін. Гемодиализдегі пациенттерде фосфат байланыстырушы препарат ретінде қолданылатын кальций карбонатының тиімділігі фамотидинмен бір уақытта қолданғанда төмендеуі мүмкін. Фамотидин позаконазолдың ішке қабылдауға арналған суспензиясының сіңірілуін нашарлатуы мүмкін, сондықтан оларды бірге қолданудан мүмкіндігінше аулақ болу керек. Дазатиниб, эрлотиниб, гефитиниб, пазопаниб сияқты тирозинкиназа тежегіштерімен (ТКТ) бірге қолданғанда ТКТ концентрациясы төмендеуі мүмкін, бұл олардың тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан фамотидинді осы ТКТ-мен бірге қолдану ұсынылмайды. Қосымша ақпаратты әрбір ТКТ қолдану нұсқаулығынан қараңыз |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Фамотидин
негізінен бүйрек арқылы бөлінетіндіктен, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар
пациенттерде сақтық қажет. Креатинин клиренсі 30 мл/мин-тан төмен, ал қан сарысуындағы креатинин деңгейі 3 мг/100 мл-ден жоғары болса, тәуліктік дозаны 20 мг-ға дейін төмендету немесе енгізу аралығын 36–48 сағатқа дейін арттыру қажет. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| төмендетілген дозада сақтықпен қолдану қажет. |
Жүктілік
| Фамотидин
плацента арқылы өтеді. Жүкті әйелдерде жеткілікті немесе жақсы бақылаудағы
зерттеулер жүргізілмеген. |
Емізу
| Фамотидин адамда емшек сүті арқылы бөлінеді; сондықтан фамотидин қолдану кезінде емшекпен кормеуді тоқтату қажет |
Жағымсыз әсерлері
| Жиі
емес (≥ 1/1000 – < 1/100): ішектегі газ түзілуінің жоғарылауы. Сирек (≥ 1/10000 – < 1/1000): бас ауруы, бас айналу; диарея, іш қату. Өте сирек (< 1/10000): агранулоцитоз, лейкопения, панцитопения, тромбоцитопения; анафилаксия, ангионевротикалық ісіну; анорексия, іштің дискомфорты, жүрек айну, құсу, ауыздың құрғауы; депрессия, галлюцинациялар, қозу, мазасыздық, сананың шатасуы; аритмия, атриовентрикулярлы блокада; бронхоспазм; холестатикалық сарғаю; акне, алопеция, терінің құрғауы, токсикалық эпидермальды некролиз, есекжем, қышыну; артралгия, бұлшықет түйілуі; гинекомастия (емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды); шаршағыштық, жеңіл қызба; бауыр ферменттері деңгейінің өзгеруі. Жиілігі белгісіз (бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес): құлақтағы шу |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Ұсынылатын
доза — 20 мг көктамыр ішіне тәулігіне екі рет (әр 12 сағат сайын). Золлингер – Эллисон синдромында: Бастапқы доза — әр 6 сағат сайын 20 мг көктамыр ішіне; әрі қарай доза секреция көлеміне және клиникалық жағдайға байланысты. Жалпы анестезия кезінде қышқыл асқазан құрамының аспирациясының алдын алу үшін: 20 мг көктамыр ішіне ота күні таңертең немесе операция басталуына кемінде 2 сағат қалғанда. Бір реттік көктамыр ішіне енгізілетін доза 20 мг-дан аспауы тиіс. |
Балаларда қолданылуы
| Балаларда препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған |