L01EX01 Сунитиниб (Sunitinib)
Қолдану көрсеткіштері
| 1)
Ересектердегі операцияға келмейтін және/немесе метастаздық асқазан-ішек
жолының стромальды ісіктері (АІЖСІ) иматиниб тиімсіз болған жағдайда
(резистенттілік немесе көтере алмаушылық салдарынан). 2) Ересектердегі таралған және/немесе метастаздық бүйрек жасушалы обыры (мБЖО). 3) Ересектердегі үдемелі жоғары дифференцияланған ұйқыбездің нейроэндокриндік ісіктері (операцияға келмейтін немесе метастаздық). |
-
Клинические протоколы:
- Почечно-клеточный рак
- Рак желудка
- Рак поджелудочной железы
Қарсы көрсеткіштері
| Сунитинибке
немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық; жүктілік; лактация кезеңі |
Қауіпсіздік шаралары
| CYP3A4 күшті тежегіштерімен және индукторларымен бірге қолданудан аулақ болу қажет. Ауыр тері реакциялары, қан кетулер, артериялық гипертензия, гематологиялық бұзылыстар, жүрек-қантамырлық асқынулар, QT аралығының ұзаруы, веноздық және артериялық тромбоэмболиялар, аневризмалар/артериялардың ажырауы, тромботикалық микроангиопатия (ТМА), қалқанша без функциясының бұзылыстары, панкреатит, гепатоуыттылық, бүйрек жеткіліксіздігі, протеинурия, жыланкөздер, жараның баяу жазылуы, жақ сүйек остеонекрозы, құрысулар, ісік лизисі синдромы, ауыр инфекциялар, гипогликемия, гипераммониемиялық энцефалопатия қаупі болғанда мониторинг қажет. Артериялық қысымды, жалпы қан талдауын, бауыр және бүйрек функциясын, қалқанша безін, сол жақ қарынша шығару фракциясын, несеп талдауын бақылау ұсынылады |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| CYP3A4 күшті тежегіштері (кетоконазол, ритонавир, итраконазол, эритромицин, кларитромицин, грейпфрут шырыны) сунитиниб концентрациясын арттырады. CYP3A4 күшті индукторлары (рифампицин, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) концентрацияны төмендетеді. Мұндай біріктірілімдерден аулақ болу қажет; мүмкін болмаған жағдайда дозаны түзетуге болады. Антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерде тромбоциттерді, протромбин уақытын/ХҚҚ бақылау қажет |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі бүйрек жеткіліксіздігінде, сондай-ақ гемодиализдегі терминалдық созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бастапқы дозаны түзету қажет емес. Одан әрі дозаны түзету көтерімділік пен қауіпсіздікке байланысты жүргізіледі. Бүйрек функциясының нашарлауы, бүйрек жеткіліксіздігі, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, протеинурия және нефротикалық синдром туралы хабарланған; бүйрек функциясын және несеп талдауын бақылау қажет |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігінде (Child-Pugh A және B) бастапқы дозаны өзгерту талап етілмейді. Ауыр бауыр жеткіліксіздігінде (Child-Pugh C) қолдану ұсынылмайды, себебі зерттелмеген. Емді бастар алдында, әр циклде және клиникалық көрсеткіштер бойынша АЛТ, АСТ, билирубинді бақылау қажет |
Жүктілік
| Жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды. Репродуктивті жастағы әйелдер тиімді контрацепция қолдануы тиіс. Емдеу кезінде жүктілік басталған жағдайда ұрыққа ықтимал қауіп туралы пациентке ескерту қажет |
Емізу
| Емшекпен қоректендіруді емдеу кезеңінде тоқтату қажет, себебі сунитиниб немесе оның белсенді метаболиті сүтке өтетіні белгісіз және нәрестеде ауыр жағымсыз әсерлер қаупі бар |
Жағымсыз әсерлері
| Өте
жиі: цитопениялар, ентігу, артериялық гипертензия, әлсіздік, ісінулер,
стоматит, ауыздың құрғауы, жүрек айну, құсу, диарея, іш қату, іштің ауыруы,
тәбеттің төмендеуі, гипотиреоз, бас айналу, бас ауруы, мұрыннан қан кету,
арқа/буын/аяқ-қол ауырсынуы, тері мен шаш түсінің өзгеруі, алақан-табан
синдромы, құрғақ тері, жөтел, қызба, ұйқысыздық. Жиі: тромбоздар, миокард ишемиясы, кеуде ауыруы, жүрек шығару фракциясының төмендеуі, инфекциялар, сепсис, гипогликемия, бүйрек жеткіліксіздігі, протеинурия, сусыздану, депрессия, қалтырау. Жиі емес: некротизирлеуші фасциит, инсульт, инфаркт, аритмиялар, перикардиальды эффузия, бауыр жеткіліксіздігі, панкреатит, асқазан-ішек перфорациясы, жыланкөздер, жақ сүйек остеонекрозы, колит, өкпеден қан кету. Сирек: Стивенс–Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, ісік лизисі синдромы, рабдомиолиз, қайтымды артқы лейкоэнцефалопатия синдромы, гепатит, тромботикалық микроангиопатия, ангионевротикалық ісіну. Жиілігі белгісіз: аневризмалар және артериялардың ажырауы, гипераммониемиялық энцефалопатия |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Ішке, тамаққа тәуелсіз. АІЖСІ және мБЖО: тәулігіне 1 рет 50 мг 4 апта бойы, кейін 2 апта үзіліс (4/2 сызбасы), цикл 6 апта. Ұйқыбездің нейроэндокриндік ісіктері: тәулігіне 1 рет 37,5 мг үздіксіз. Дозаны түзету: ±12,5 мг. АІЖСІ және мБЖО: 25–75 мг/тәу; CYP3A4 индукторларымен — 87,5 мг/тәу дейін, тежегіштермен — 37,5 мг/тәу дейін. НЭІ: максимум 50 мг/тәу; индукторлармен — 62,5 мг/тәу дейін, тежегіштермен — 25 мг/тәу дейін |
Балаларда қолданылуы
| 18 жасқа дейін ұсынылмайды. Қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған; дозалау бойынша ұсыныстар жоқ |