A10BJ03 Ликсисенатид (Lixisenatide)

Қолдану көрсеткіштері

Гликемиялық бақылауға жету үшін 2 типті қант диабеті бар ересектерді пероральді қант төмендететін дәрілік заттармен және/немесе базальді инсулинмен біріктірілімде емдеу, егер соңғылары диетамен және дене жүктемесімен қатар глюкоза деңгейінің талапқа сай бақылануын қамтамасыз етпеген жағдайда.
    Клинические протоколы:
  1. Сахарный диабет 2 типа

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- Қосымша заттар тізбесі
- Глицерин 85%
- Натрий ацетаты тригидраты
- L-метионин
- Мета-крезол
- Хлорсутек қышқылы (pH деңгейін түзету үшін)
- Натрий гидроксиді (pH деңгейін түзету үшін)
- Инъекцияға арналған су

Қауіпсіздік шаралары

Ликсисенатидті 1 типті қант диабеті бар пациенттерде емдік қолдану тәжірибесі жоқ, оны аталған пациенттерде қолдануға болмайды Ликсисенатидті диабеттік кетоацидозды емдеу үшін қолдануға болмайды.
Жедел панкреатит - глюкагон тәрізді пептидтер-1 (ГТП-1) рецепторларының агонистерін қолдану жедел панкреатиттің даму қаупімен байланысты болды. Себептік байланысы анықталмаса да, ликсисенатид қолдану кезіндегі жедел панкреатиттің бірнеше жағдайы хабарланды. Пациенттерді жедел панкреатиттің типтік симптомдары: тұрақты, қатты абдоминальді ауырулар жөнінде хабарландыру қажет. Панкреатит күмән тудырғанда ликсисенатид қолдануды тоқтату қажет; егер жедел панкреатит расталса, ликсисенатид қолдану жаңғыртылмауы тиіс. Панкреатитті өткерген пациенттерде қолданғанда сақтық таныту қажет.
Ауыр асқазан-ішек аурулары - ГТП-1 рецепторларының агонистерін қолдану асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялармен байланысты болуы мүмкін. Ликсисенатид, ауыр гастропарезді қоса, асқазан-ішектің ауыр аурулары бар пациенттерде зерттелмеді, сол себепті де осындай пациенттерде ликсисенатид қолдану ұсынылмайды.
Гипогликемия - Ликсисенатид препаратын сульфонилмочевинамен немесе базальді инсулинмен алатын пациенттерде гипогликемияның жоғарылау қаупі болуы мүмкін. Гипогликемия қаупін төмендету үшін сульфонилмочевина немесе базальді инсулин дозаларын азайтуға болады. Ликсисенатид препаратын гипогликемияның жоғары қаупі себебінен базальді инсулинмен және сульфонилмочевинамен біріктірілімде қолдануға болмайды.
Қатарлас дәрілік заттар - Ликсисенатидті қолданғанда асқазан ішіндегісінің баяу босатылуы пероральді қолданылатын дәрілік заттардың сіңірілу жылдамдығын азайтуы мүмкін. Жылдам асқазан-ішектік сіңірілу, клиникалық мониторинг қажет болатын пероральді дәрілік заттарды немесе емдік индексі тар дәрілерді қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс.
Зерттелмеген қауымдар - Ликсисенатид дипептидилпептидаза-4 (ДПП-4) тежегіштерімен біріктірілімде зерттелмеді.
Сусыздану - Ликсисенатид препаратымен ем алатын пациенттерге асқазан-ішек жолы тарапынан болатын жағымсыз реакцияларға байланысты ықтималды сусыздану қаупін мәлім етіп, гиповолемияны болдырмау үшін алдын ала сақтану шараларын қабылдау қажет.
Қосымша заттар - дәрілік зат құрамында аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін мета-крезол бар.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ликсисенатид – бұл P450 цитохромының қатысуымен метаболизденбейтін пептид. Іn vitro зерттеулерінде ликсисенатид P450 цитохромының тестіленетін изоферменттерінің немесе адамдағы тасымалдағыштардың белсенділігіне әсер етпеген.
Ликсисенатид қолданылғанда асқазан ішіндегісінің баяу босатылуы пероральді қолданылған дәрілік заттардың сіңірілу жылдамдығын азайта алады. Емдік индексі тар немесе мұқият клиникалық мониторинг талап етілетін дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттерді, әсіресе, ликсисенатидпен емдеу басталған уақытта мұқият бақылау қажет. Ликсисенатидке қатысты осы дәрілік заттар әдеттегі тәсілмен қабылдануы тиіс. Егер осындай дәрілік заттар тамақпен қабылдануы тиіс болса, пациенттерге оларды ликсисенатид қолданылмаған уақытта, мүмкіндігінше, ас ішу кезінде қабылдауға кеңес беру қажет.
Антибиотиктер сияқты, әсіресе, тиімділігі жағынан шекті концентрацияға тәуелденетін пероральді дәрілік заттарға қатысты, пациенттерге оларды ликсисенатид инъекциясына дейін кемінде 1 сағат бұрын немесе одан кейін 4 сағаттан соң қабылдауға кеңес беру қажет.
Құрамында асқазанда ыдырауға сезімтал заттар бар ішекте еритін дәрілік түрлер ликсисенатид инъекциясына дейін 1 сағат бұрын немесе одан кейін 4 сағаттан соң қолданылуы тиіс.
Парацетамол ликсисенатидтің асқазан ішіндегісін босату әсерін бағалауға арналған дәрілік зат үлгісі ретінде қолданылды. Парацетамолдың 1 000 мг бір реттік дозасын қолданудан кейін, парацетамол концентрациясының уақытқа тәуелді қисығы астындағы ауданы (ҚАА) мен T1/2 мәндері оның қолданылу уақытына қарамастан (ликсисенатид инъекциясына дейін немесе кейін) өзгеріссіз қалды. Ол 10 мкг ликсисенатидтен кейін 1 сағат немесе 4 сағат өткен соң қолданылғанда, парацетамол Cмакс көрсеткіші (ең жоғары концентрациясына жету уақыты), тиісінше, 29% және 31% азайды, ал орташа Tмакс шамасы (ең жоғары концентрациясына жету уақыты), тиісінше, 2,0 және 1,75 сағатқа баяулады. Демеуші 20 мкг дозасын қолданғанда, одан әрі парацетамол Tмакс баяулауы және Cмакс азаюы болжанады.
Парацетамол ликсисенатидті қолданудан 1 сағат бұрын қолданылғанда парацетамол Cмакс және Tмакс мәндеріне әсері байқалмады.
Келтірілген деректерді есепке алып, парацетамол дозаларын түзету қажет емес, бірақ ликсисенатид қабылдаудан кейін 1-4 сағаттан соң парацетамол тағайындалғанда Tmax ұзаруы байқалды, оны тиімділігі үшін жылдам әсер етуі қажет болғанда ескеру керек.
Пероральді контрацептивтер - 10 мкг ликсисенатид қолданудан 1 сағат бұрын немесе одан кейін 11 сағаттан соң пероральді контрацептивтің бір реттік дозасын (0,03 мг этинилэстрадиол/0,15 мг левоноргестрел) қолданудан кейін, этинилэстрадиол мен левоноргестрел Cмакс, ҚАА, T1/2 және Tмакс өзгеріссіз күйде қалды.
Пероральді контрацептивті ликсисенатид қолданудан 1 сағат немесе 11 сағат өткен соң қолдану этинилэстрадиол мен левоноргестрел ҚАА және T1/2 мәндеріне ықпал етпеді, осы тұста этинилэстрадиол Cмакс көрсеткіші, тиісінше, 52% және 39% азайды, ал левоноргестрел Cмакс, тиісінше, 46% және 20% азайды, әрі орташа Tмакс шамасы 1-3 сағатқа баяулады. Cмакс көрсеткіші азаюының клиникалық мәні шектеулі, ал пероральді контрацептив дозасын түзету қажет емес.
Аторвастатин әсері 6 күн бойы таңертең 20 мкг ликсисенатидті 40 мг аторвастатинмен қолданғанда өзгермеді, ал Cмакс көрсеткіші 31% азайды, ал Tмакс шамасы 3,25 сағат ұзарды.
Tмакс шамасының осылай ұзаруы, егер аторвастатин кешкілік, ал ликсисенатид таңертең қолданылғанда байқалмады, бірақ аторвастатин ҚАА және Cмакс көрсеткіштері, тиісінше, 27% және 66% артты.
Осы өзгерістер клиникалық мәнді емес, сондықтан да аторвастатин дозасын оны ликсисенатидпен біріктірілімде қолдану кезінде түзету қажет емес.
Варфарин және басқа кумарин туындылары 25 мг варфаринді 20 мкг ликсисенатидтің көп реттік дозаларымен қатарлас қолданудан кейін ҚАА немесе ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) мәндеріне ықпалы білінбеді, осы тұста Cмакс көрсеткіші 19% төмендеді, ал Tмакс шамасы 7 сағатқа дейін ұзарды.
Осы нәтижелер негізінде варфарин дозасын оны ликсисенатидпен біріктірілімде қолдану кезінде түзету қажет емес; дегенмен де, ликсисенатидпен емделу басталған немесе аяқталған уақытта варфарин және/немесе кумарин туындыларын қабылдап жүрген пациенттерде ХҚҚ мониторингін жиі өткізу ұсынылады.
Дигоксин 20 мкг ликсисенатид пен 0,25 мг дигоксинді бірге қолданудан кейін тепе-тең күйдегі дигоксин ҚАА өзгермеді. Дигоксин Tмакс шамасы 1,5 сағатқа ұзарды, ал Cмакс көрсеткіші 26% төмендеді.
Осы нәтижелер негізінде, дигоксин дозаларын оны ликсисенатидпен біріктірілімде қолданғанда түзету қажет емес.
Рамиприл 20 мкг ликсисенатид пен 5 мг рамиприлді 6 күн бойы бірге қолданудан кейін, рамиприл ҚАА көрсеткіші 21% артты, ал Cмакс көрсеткіші 63% төмендеді. Белсенді метаболиттің (рамиприлат) ҚАА және Cмакс көрсеткіштері өзгермеді. Рамиприл және рамиприлат Tмакс шамасы 2,5 сағатқа жуық ұзарды. Осы нәтижелер негізінде, рамиприл дозасын оны ликсисенатидпен біріктірілімде қолданғанда түзету қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясының бұзылуы ауыр (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) пациенттерде немесе бүйрек ауруының терминалдық сатысындағы пациенттерде қолданудың емдік тәжірибесі жоқ, сол себепті де пациенттердің осы топтарында препаратын қолдану ұсынылмайды:
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Бүйрек функциясының болымсыз (Кокрофт-Голт формуласы бойынша есептелген креатинин клиренсі 60-90 мл/мин құрады), орташа (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин құрады) және ауыр (креатинин клиренсі 15-30 мл/мин құрады) бұзылуы бар пациенттерде AUC (концентрацияның уақытқа тәуелді қисығы астындағы аудан), тиісінше, 46%, 51% және 87% ұлғайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге дозаларын түзету қажет емес

Жүктілік

Жүкті әйелдерде Ликсисенатид препаратын қолдану ұсынылмайды.

Емізу

Препаратты лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: гипогликемия (сульфонилмочевинамен және/немесе базальді инсулинмен бірге қолданғанда).
Жиі: гипогликемия (тек метформинмен бірге қолданғанда), бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, диарея.
Жиі емес: тұмау, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, цистит, вирустық инфекция, анафилактикалық реакция, бас айналу, ұйқышылдық, диспепсия, есекжем, арқаның ауыруы, инъекция енгізілген жердегі қышыну.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Қолданылуы:
- гликемиялық бақылауға жету үшін 2 типті қант диабеті бар ересектерді пероральді қант төмендететін дәрілік заттармен және/немесе базальді инсулинмен біріктірілімде емдеу, егер соңғылары диетамен және дене жүктемесімен қатар глюкоза деңгейінің талапқа сай бақылануын қамтамасыз етпеген жағдайда.
Дозалау режимі:
Бастапқы доза: дозалау 14 күн бойы тәулігіне бір рет 10 мкг Ликсисенатид препаратынан басталады. Демеуші доза: тәулігіне бір рет 20 мкг Ликсисенатид бекітілген демеуші дозасын енгізу 15-ші күні басталады. Старттық доза үшін 10 мкг Ликсисенатид инъекциясына арналған ерітінді пайдаланылады. Демеуші доза үшін 20 мкг Ликсисенатид инъекциясына арналған ерітінді пайдаланылады. Ликсисенатид препаратын метформинмен алатын емдеуге қосымша тағайындағанда метформиннің әсер етуші дозасын өзгеріссіз қалдыруға болады. Ликсисенатид препараты сульфонилмочевинамен немесе базальді инсулинмен алатын емдеуге қосымша тағайындалғанда гипогликемия қаупін төмендету үшін сульфонилмочевина немесе базальді инсулин дозасын азайтуға болады.
Ликсисенатид препаратын гипогликемия қаупінің жоғарылауы себебінен базальді инсулинмен және сульфонилмочевинамен біріктірілімде тағайындауға болмайды. Ликсисенатид препаратын қолдану қан глюкозасы деңгейіне арнайы мониторинг талап етпейді. Дегенмен де, оны сульфонилмочевинамен немесе базальді инсулинмен біріктірілімде қолданғанда, сульфонилмочевина немесе базальді инсулин дозасын түзету үшін қан глюкозасы деңгейіне мониторинг немесе қан глюкозасының деңгейін өздігінен бақылау қажет болуы мүмкін.
Қолдану тәсілі:
Ликсисенатид жамбас, іш терісінің астына немесе қолдың жоғарғы бөлігіне енгізілуі тиіс. Ликсисенатид вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізілмеуі тиіс. Ликсисенатид кез келген тамақтануға дейін 1 сағат шегінде күніне 1 рет қолданылады. Ликсисенатид препаратын прандиальді енгізу күн сайын қабылдауға ең ыңғайлы деп таңдалған белгілі бір ас ішу уақытына дейін жүзеге асқан дұрыс. Ликсисенатид препаратының дозасын қабылдауды өткізіп алғанда оны келесі ас ішуге дейін 1 сағат шегінде енгізу қажет.

Балаларда қолданылуы

Ликсисенатид қауіпсіздігі мен тиімділігі балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде анықталмаған.