S01EE01 Латанопрост (Latanoprost)
Қолдану көрсеткіштері
Ашық бұрышты глаукомасы бар пациенттерде және офтальмогипертензиясы бар ересектерде (егде жастағыларды қоса) жоғары көзішілік қысымды төмендетуге, офтальмогипертензиясы жән глаукомасы бар балаларда жоғары көзішілік қысымды төмендетуге. |
-
Клинические протоколы:
- Глаукома вторичная вследствие других болезней глаз
- Первичная глаукома
Қарсы көрсеткіштері
Әсер ететін затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - жүктілік және емшек емізу кезеңі; - балалар мен 8 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (құрамында бензалконий хлориді болуына байланысты). |
Қауіпсіздік шаралары
Мөлдір
қабықта қоңыр пигмент мөлшерінің ұлғаюы есебінен көздің түсін біртіндеп
өзгертуі мүмкін. Емдеуді бастар алдында пациенттер көз түсінің тұрақты өзгеру
мүмкіндігі туралы хабардар болулары тиіс. Біржақты емдеу қайтымсыз
гетерохромияға әкелуі мүмкін. Көз түсінің мұндай өзгеруі көздің нұрлы қабығы аралас түсті, яғни көк-қоңыр, сұр-қоңыр, сары-қоңыр және жасыл-қоңыр түсті пациенттерде жиі байқалады. Өзгерістің басталуы әдетте емдеудің алғашқы 8 айы ішінде, сирек – екінші немесе үшінші жылдың ішінде байқалады. Төртінші жыл емдеуден кейін бұл әсер байқалмайды. Нұрлы қабық пигментациясының үдеу жылдамдығы уақыт өте азаяды және бес жыл бойы тұрақты болып табылады. Пигментацияның бес жыл ішіндегі ұлғаю әсері бағаланбаған. Қарашыққа әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді, бірақ жабық бұрышты глаукоманың жедел ұстамасы кезінде қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан жеткіліксіз клиникалық тәжірибеге байланысты препаратты мұндай жағдайларда сақтықпен қолдану ұсынылады. Катарактаны хирургиялық емдеу кезіндегі периоперациялық кезеңде латанопростты пайдалану жөнінде шектеулі клиникалық деректер бар. Препаратты мұндай пациенттерге сақтықпен қолданған жөн. Анамнезінде герпес кератиті бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн, әрі оны белсенді қарапайым герпес кератиті жағдайында, сондай-ақ простагландиндер аналогтарымен спецификалық байланысқан қайталанатын герпес кератиті болған науқастарға қолданбаған дұрыс |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Простагландиндердің екі аналогын бір мезгілде офтальмологиялық енгізуден кейін көзішілік қысымының парадоксальді жоғарылауы туралы хабарлар болған. Осылайша, екі немесе одан көп простагландиндерді, простагландин немесе простагландин аналогының туындыларын пайдалану ұсынылмайды. |
Жүктілік
Латанопростты жүктілік кезінде қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген. Әлеуетті қауіпті фармакологиялық әсері бар және жүктіліктің өтуіне, шаранаға және жаңа туған нәрестеге қауіп төндіруі ықтимал. Сондықтан латанопростты жүктілік кезінде қолдануға болмайды. |
Емізу
Латанопросттың белсенді заты мен оның метаболиттері ана сүтіне өтуі мүмкін, сондықтан емшек емізетін аналарға қолдануға болмайды немесе емшек емізу тоқтатылуы тиіс |
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: иристің гиперпигментациясы, конъюнктиваның гиперемиясы, көздің тітіркенуі, кірпіктердің өсуі және қабақтың түктері. Жиі: симптомсыз ұсақ нүктелі кератит, блефарит, көз ауруы, фотофобия, конъюнктивит. Жиі емес: бас ауруы, бас айналу, қабақтың ісінуі, көздің құрғауы, кератит, көру қабілетінің нашарлауы, макулярлы ісіну, увеит, стенокардия, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы, астма, ентігу, бөртпе, миалгия және артралгия, кеуде ауыруы. Сирек: герпетикалық кератит, қабақтың қабынуы және ісінуі, периорбитальды ісіну, трихиаз, дистихиаз, ирис кистасы, қабақтың терінің жергілікті реакциясы, қабақтың терісінің қараюы, "құрғақ көз" симптомы, астманың өршуі. Өте сирек: қабақтарда ойықтардың пайда болуына әкелетін периорбитальды өзгерістер; тұрақсыз стенокардия. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Зақымданған көзге 1 тамшыдан тәулігіне 1 рет. Оңтайлы әсеріне препаратын кешкі уақытта қолданғанда қол жетеді. Препаратты қолдану жиілігі тәулігіне бір реттен аспауы тиіс, өйткені одан жиірек қолданғанда препараттың тиімділігі төмендейтіні анықталған. Егер бір дозасын өткізіп алса, онда емдеуді ары қарай, келесі дозасын әдеттегіше енгізе отырып жалғастыру керек. Жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған. Әрбір тамшыны тамызғаннан кейін жүйелі сіңірілуін азайту мүмкін болуы үшін ішкі бұрышындағы жас өзекшесін бір минут бойы қысып тұрған жөн. Жанаспалы линзаларды тағып жүрген жағдайда көзге тамызатын дәріні енгізер алдында олар алынып тасталуы және препаратын тамызғаннан кейін 15 минуттан соң қайта тағылуы тиіс. Егер біреуден көп жергілікті офтальмологиялық дәрілік заттар пайдаланылса, басқа дәрілік препараттарды бес минут үзіліспен қолдану керек. |
Балаларда қолданылуы
Препараттың қосымша заттарының құрамында бензалконий хлориді бар болуына байланысты, 8 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды. Препарат балаларда және 8 жастан асқан жасөспірімдерде ересектердегідей дозасымен қолданылады. |